«Үлкен-кіші. Биік-аласа.Ұзын-қысқа»

Серикбаева Айзат Жанатовна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің                                                                                технологиялық картасы

Күні:                                                                                                                                                      Топ: Ортаңғы тобы                                                                                                                  Білім беру саласы:«Таным»                                                                                                               Бөлімі: Математика                                                                                                                   Тақырыбы: «Үлкен-кіші. Биік-аласа.Ұзын-қысқа»                                                                                                                                     4К моделі                                                                                                                                                       

  1. Заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші)туралы түсінік қалыптасады 2.Биік- аласа. Ұзын- қысқа туралы түсінік қалыптасады 3.Заттарды салыстыра біледі                                                                                                                              4. Қоршаған ортадан үлкен-кіші,биік-аласа,ұзын-қысқа заттарды таба білуді дамыту.

Көрнекіліктер: үй  биік — аласа, көк және қызыл түсті қарындаштар

Әдіс — тәсілдері: Сұрақ — жауап, көрсету, түсіндіру, жасату.

Алдын — ала жүргізілетін жұмыстар: үшбұрыш, төрт бұрыш — геометриялық пішіндерді дайындап қою.

Билингвальді компонент: биік — высокий , аласа — низкий,т.б

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Ғажайып сәт.

«Бір қорап таспасы бар аю»

Есіктен тықыр естіледі, есікті ашып, қолында қорабы бар аю ойыншықты көреді. Оны топқа әкеліп, балаларға көрсетеді.

-Балалар, аюмен амандасып, бізге не әкелгенін көрейік. Ол бізге сыйлық әкеліпті. Қорапты ашып көрейік. Ішінде таспасы бар қорапты үстелге қояады.

Аю қораптан екі таспадан алып, қайсысы ұзын, қайсысы қысқа салыстыруды сұрайды.

«Қайсысы көп» Ойыны.

Педогогтің үстелінде  4 үлкен    көк текше мен 5 кішкентай қызыл текше жатыр.

Олар бір -бірімен араласып кеткен.

Педогог қолына бір үлкен, бір кішкентай текшені алып, балаларға сұрақ қояды:

-Бұл не?

-Олардың түсі қандай?

-Текшенің қайсысы үлкен?

-Қайсысы кішкентай?

(Сұраған сайын педогог текшелерді бір- біріне қояды).

-Үлкен және кішкентай текшелердің тең немесе тең еместігін қалай білугеболады?

 

 

Қызығушылық танытады.

 

 

 

Қораптан таспаларды алады.Әрқайсысы өз таспасының ұзындығын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Текше.

-Көк және қызыл.

-Көк текше үлкен.

-Қызыл текше.

 

 

-Бір- бірінің үстіне қойып тексереміз.

Ізденушілік-мотивациялық  «Жануарларды жапсыр» ойыны.

Жапсырмамен жұмыс: Үлкен және кішкентай аю.

Педогог балаларға жұмбақ жасырады:

«Қысы- жазы бір түсті».

(Шырша)

-Ол не?

Педогог балалардың назарын шыршалардың суретіне аударады.

-Сендердің дәптерлеріңде қандай шыршалардың суреті салынған?

Содаң соң педогог балаларға жапсырмаларды ұсынады.

Биік шыршаның астына- үлкен аюды, аласа шыршаның астына- кішкентай аюды жапсыру тапсырылады.

-Үлкен аю қай шыршаның астында тұр?

-Кішкентай аю қандай шыршаның астында тұр?

Сөздік жұмыс: Үлкен, аласа.

Билингвальді компонент: Үлкен- большой, кішкентай- маленький.

Сергіту сәті: «Аю».

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.

Үп -үлкен боп жасқанар,

Кіп- кішкентай арадан.

«Бір біріне қос» ойыны.   

(18-оқу іс -әрекеті, 2 -тапсырма).

Педогог үлкен және кішкентай бал салынған бөшкелердің суретін көрсетеді.

Үлкен бөшкені үлкен бөшкемен, ал кішкентай бөшкені кішкентай бөшкемен қосуларын ұсынады.

«Үлкен және кішкентай киіз үйлер» ойыны.

Педогог балаларға үстелдегі үлестірмелі материалдар мен жолақтар салынған тәрелкені көрсетеді.

Үлкен киіз үйлерді жоғарғы жолаққа, ал төменгісіне сонымен бірдей етіп кішкентай киіз үйлерді орналастырыңдар. Солдан оңға қарай орналастыру керек.

-Үлкен киіз үйлер мен кішкентай киіз үйлер саны тең бе?

-Үлкен киіз үйлер қайда тұр?

-Кішкентай киіз үйлер қайда?

-Енді тексеріп көрейік. Үлкен киіз үйдің үстіне кішкентайларын қойып салыстырыңдар?

 

 

 

 

 

 

 

 Бірінші шыққан бала үлкен.

 

 

 

-Шырша.

 

 

-Биік және аласа.

 

 

 

Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

-Биік шыршаның.

-Аласа шыршаның.

 

Қайталайды:

Қайталайды: Үлкен -большой, кішкентай- маленький.

 

 

Балалар қимыл қозғалыстар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

Үлкен бөшкені үлкен бөшкемен, кішкентай бөшкені кішкентай бөшкемен сызық арқылы қосады.

 

Балалар жоғарғы жолаққа үш үлкен киіз үй, төменгі жолаққа, әр үлкен киіз үйдің астына кішкентай киіз үй салып шығады.

 

Жауап береді.

-Кішкентай киіз үй мен үлкен киіз үй тең.

-Жоғарғы жолақта.

-Төменгі жолақта.

Балалар кішкентай киіз үйлерді үлкен киіз үйдің үстіне қойып салыстырады.

 

-Олардың саны бірдей.

Рефлексивті – түзетушілік Аю оқу іс- әрекеті өте ұнағанын, олардың барлығы белсенді болғанын, оның достарына шыршаның түбінен орын тауып бергендеріне және тапсырманы дұрыс орындағандары үшін рахметін айтып, қоштасады. Балалар аюдың тапсырманын дұрыс орындағандарына қуанады.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі:Әр түрлі топтардағы заттарды санына,көлеміне (үлкен -кішкентай), ұзындығына (ұзын- қысқа), биіктігіне (биік- аласа) қарай салыстыруды;

Игереді:Заттарды санына, ұзындығына, биіктігі мен көлеміне  қарай салыстыруды;

Меңгереді:Әртүрлі топтардағы заттарды теңестіру тәсілдері туралы түсінікті;

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *