Қарттарға көмек орталықтары

Қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік  мекеменің қызметін талдау: мақсаты, міндеттері, бағыты мен қызметі

         Қазақстанда қазіргі таңда 30-ға жуық қарттарға көмек көрсететін орталықтар бар. Сондай-ақ бұндай белсенді өмір сүру орталықтарының саны артып келеді. Мұндай орталықтар қарттарға түрлі қызметтер көрсетеді.

         2021 жылы дерек бойынша Қазақстанда 30 белсенді өмір сүру орталықтары қарт адамдарға 40 мыңнан астам әртүрлі қызмет көрсеткен. Орталықтың негізі мақсаты — аға ұрпаққа, ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың бос уақытын жүйелі ұйымдастыру, ішкі шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау, қоғамдық өмірге тарту болып табылады.

       Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының міндеті «бір терезе» қағидаты бойынша үш бағыт бойынша жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және жұртшылықпен байланыс. Орталықтардың қызметі қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған: өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруге пассивті өмір сүру менталдылығын өзгерту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру (йога, скандинавиялық жүріс, IT-сауаттылығын арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.) Орталық негізінен алғаш рет 2018 жАлматыматы қаласында ашылған.

       ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы бұйрығымен барлық өңірлерде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу көзделген аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспары бекітілді.

       Жоғарыда аталған жоспарды іске асыру шеңберінде 15 орталық ашылды, оның ішінде 2 орталық Ақтөбе қаласында, Қарағанды облысының Балқаш қаласында, Түркістан облысының Арыс және Жетісай қалаларында, Атырау қаласында, Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар қаласында, Петропавл қаласында, Талдықорған қаласында, Бөрлі ауданында Батыс Қазақстан облысы, Ақтау қаласы, Қостанай облысы Тобыл қаласы, Семей қаласы және Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский кентінде ашылды.

        Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2021 жылы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары бойынша жобаларды іске асыруға 738 млн.теңгеден астам қаражат жұмсалды, 30 орталыққа 385 қызметкер жұмылдырылды, 40 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетілді.

         Қазіргі уақытта республика бойынша еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүрудің 37 орталығы жұмыс істейді. Жалпы санының 9-ы коммуналдық мемлекеттік мекемелер ретінде, қалғандары – үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру есебінен ашылды.

          Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, бүгінгі күні орталықта қызметкерлердің жалпы саны 490 адамды құрайды, 2022 жылы жергілікті бюджеттерден Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жобаларын іске асыруға 1,6 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Қамқорлық қоры» корпоративтік қоры еліміздің әрбір өңірінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашуды қосымша жоспарлап отыр.

Орындаған: Таған Нұрдана Сабитқызы
Жетекші: Авсыдыкова Құралай Әділжанқызы

http://www.kaznu.kz

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *