«Қазақ әдебиеті пәні бойынша жазба жұмыс түрлері»

Тақырыптың өзектілігі. Жалпыға бірдей білім беретін мектеп балаға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы оқушылардың жазбаша тілі мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды.Әрбір мұғалім әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарын үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің  міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол  міндет пен  көлемге  байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының  түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.

Жазба  жұмыстарын үйретудегі басты мақсат – баланы жан-жақты дамыту жұмысы, оқушылардың жалпы ойын дамытуға мақсатталынады, қызығушылығын оятып, шығармашылықпен айналысуға бағыт береді. Яғни, оқушылардың жазбаша тілін дамыту мәселесін,  олардың ойлау қабілетімен байланыстыра, сондай-ақ ойлау мен жазу процесінің бірлігінде ұйымдастырады.

Бағдарламада, оқулықта мектеп өмірінде «жазба жұмысын үйрету» терминдері  «тіл ұстарту», «байланыстырып сөйлеу» және т.б. терминдермен алмастыру байқалады. Өйткені соңғы кездерде тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлініп, бағдарлама, оқулықтарда, әдістемелік әдебиеттерде  «жазбаша тіл мәдениетін дамыту»,  «тіл ұстарту»,  «тіл дамыту»,  «байланыстырып сөйлеу» т.б. терминдер жиі ұшырасуда.

Ғалымдардың айтуынша мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларға жазба жұмыстарын үйрету үшін оның психологиялық, лингвистикалық ғылыми негіздері мен педагогикалық ерекшеліктерін анықтауға болады.

Практикалық және шығармашылық жұмыстардың барлығы сабақта өтіліп отырылған грамматикалық материалдарға байланысты жазбаша тіл ұстарту жұмысы мен арнайы жүргізілген тіл дамыту жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға байланысты жүргізілетін жұмыстардың оқушының активтік қиялдарының дамытылуына маңызы зор болып есептеледі.

Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар оқушылардың психикалық процестерінің қызметін күшейтеді. Олардың ой белменділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін арттырады.

Мектеп қабырғасында қазақ әдебиетінен жүргізілетін жазба жұмыстардың оқушыны сауаттылыққа, ұшқыр білімге жетелеуде өзіндік маңызы өте зор. Жазба жұмыстардың түрлері де сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді.

Қазақ әдебиетінің методикасының үлкен де күрделі бөлімі – тіл дамыту. Себебі тілдің өзі күрделі құбылыс. Ал  қазақ әдебиеті  пәнін  оқытуға байланысты оқушылардың жазбаша тілін дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтау да қиын мәселелердің бірі.

Тіл дамыту  әрқашан әдістеме тарихында  арнайы қаралып  отырды. Оның маңызы, қажеттілігі айқындалды. Бірақ ол әдістеме теориясына  арнайы білім ретінде кейін кірді. Әсіресе әдістеменің негізгі атаулары және категориялары тіл дамытуға арналған жұмыстар, жазба жұмыстарының  мазмұны, көлемі, құралы, оқушының жазбаша тіл байлығын бағалау,  нормалары әлі де  анықталу қажет.

Осыған байланысты тіл ғылымы негізінде оқушылардың жазбаша тілін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдері мен  қазақ тілі пәні мұғалімінің оқушыларға жазба жұмыстарын үйрету кезіндегі алатын орнын анықтау жұмыстың өзекеті мәселесі болып қарастырылады.

Дипломдық жобаның мақсаты: қазақ әдебиеті сабағында оқушыларға  жазба жұмыстарының түрлерін үйрету жолындағы мәселелерге тоқталу, ашып көрсету.

Дипломдық жобаның міндеті:

  • Қазақ әдебиеті жүргізілетін жазба жұмыс түрлерінің маңыздылығын көрсету;
  • Қазақ әдебиетінде жазба жұмыстарының қолданылуына мән беру;
  • Қазақ әдебиетінде жүргізілетін жазба жұмыстардың қажеттілігін дәлелдеу.

Дипломдық жобаның әдіс-тәсілдері: түсіндіру, зерттеу, баяндау, жүйелеу.

Дипломдық жобаның ғылыми болжамы: «Жазбаша жұмыс түрлерін қазіргі уақытта оқыту әдістемесі» тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалану.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс екі тараудан, кіріспе және қорытындыдан тұрады. Соңына қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *