Қазақ қызы

ҚазҰУ-дың журналистика факултетінің 1 курс студенті;Оразбек Айсана Ардаққызы

Ғылыми жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева

 

Қазақ қызы

20-сыншы ғасырдың басы қазақ газеттері мен қазақ журналдарыңын дүрбелең кезеңдерінің бірі болған.Әсіресе бұл кезеңдерде халықтардың өздерінің тілін, дінін, ұлттық мәдениетті ұмытып, шариғатты жамылып 13-14 жастағы қыздарды шалдарға тұрмысқа беріп, Ресей патшалығының өршіп жатқан кезеңдердің басы еді. Сол кезеңдерде “ұлт жанашыры” деген адамдар өшкен алауды жағу үшін еңбек етіп, халықтың өздеріне деген сенімін жоғалтпауға қаншама Алаш зиялылары көмекке шыққан. 110 жылдан аса уақыт бұрын “Айқап” атты журнал М.Сералиннің басшылығымен басылып шығарып, көбіне қазақ халқының сауатты болуына өзіндік бір өшпес орын қалдырған еді.

 Олардың ішінен шыққан алғаш журналист қыздарымыз, сонау қаншама жылдардан бері жыр болып келе жатқан әйел теңдігі үшін күреске баратын нәзік жандыларымыз бой көтерді. Қыз-келіншектердің қаншама қиын қыстау жылдарды өткізген өмірлеріне нүкте қойғысы келген жылдардың бірі 20-сыншы ғасырлардың басы деп айтар едім.          Әйел құқығын қорғау қызметтері мен заңдары енді ғана белсенді бір орындарды алып жатыр. “Әйел жаратылысына білім-өнердің қажеті жоқ, шариғатпен тұрмыс құру” деген пікір-таластар халық арасында әліде бәсендей қойған жоқ. Бірақ дегенменде өз мүддесін қорғап және басқа қыз-келіншектердің айта алмай жүрген зарын,  “ұят болады, туған-туыс дұрыс түсінбей қалады, жұрттар не айтады, масқара боламыз” деген ойлармен ішінде түйіліп жүрген мәселерін қорықпай басқаларға жеткізген батыл аруларымыздың  бірі Сақыпжамал Тілеубайқызы.

Сақыпжамал Тілеубайқызының “Айқап” журналына мақалалар мен өлеңдері жарияланғанын білеміз. Қазақ қыздарының құқығын қорғау үшін 1913жылы “ Қазақ қыздарының аталарына”атты ерекше көзге түсетін мақала жарияланған еді . Маған қызық болғаны неге қыздардыңаталарына деп аталды? Қыз баласы білімсіз болғаны дұрыспа? Неге кішкентай 13-14 жастағы қыздарды өздерінен 5 есе үлкен шалдарға тұрмысқа берген? Неге қыздарды ең соңғы орын қойып қояды?

 Мақалада ең маңызды екі мәселе қозғалған. Ол қыз баласының білім алуы “Ер балаларыңыз қанша жақсы, білімді, үлгілі болса, соншама сіздерге абырой емес пе? Сол сияқты біздер де білімді, үлгілі болып, надан болмай, тербиелі болсақ,сіздерге абыройлы болмас па едік? Шариғат бұйрығынша ер бала мен қыз бала тең болуға тиісті.” деген сөздермен қыз баласы ер адамдардан еш жері кем емес оларда білімді, үлгілі бола алатынын жеткізгісі келді. Оған қоса шариғат бұйрығында қыз бен ұлдың құқықтары тең екенін түсіндірді. Сақыпжамал апамыз қыз бала білімді, әрі абыройлы бола алатынын жеткізгісі келді. “ Бұл қыздар түбінде балаларға болашақ ана, ана болған соң бала тербиелеу олардың жұмысы болады. Баланы тәрбиелеуші ана надан болса, балаға жақсы өнеге бере алмайды. “Алып анадан” деген ғой.” деген сөздермен қыздардың білім алу орны бөлек, болашақ ана болғандықтан жауапкершілік анада болатынын жазды. “Алып анадан” деген сөздің өзінде қаншама мағына жатыр.

 Тіпті ауылда мектеп болса да қыздарын оқытқызбай үйде ұстағаннан не пайда? “Тым болмаса, жеті-сегізден он бес жасымызға шейін окытсаңыздар қайтеді? Ер бала бөтен жерге шығып кетіп оқуға мүмкін. Біз сорлыларға бөтен жерге барып оқу қайда?” Ер балалар сияқты қыздар басқа жерлерге барып білім ала алмайды. Қыз баласы білім алса бұзылып кетеді деп қорыққанын байқасақ болады. 19-20 ғасырлардағы замандарда қыз балаларының ел қатарлы  білім алуы оңайға соққан жоқ. Қыз баласы өз құқықтарын қорғау үшін әрине білім алуы керек. Сол замандағы аталарымыз қыз баласын кем тұтынып, соңғы орынға қойған. Сондағы олардың ойлары қыз баласы білім алса өз ойы пайда болып, өздеріне қарай кері шығады дегеніме?

 Екінші тоқтала кеткен мәселесі; қыз балаларының 13-14 жасынан тұрмыс құруы. Қыз баласымен санасып, оның ойын сұрамақ түгілі өз еркінен қарсы 50-60-тағы шалдардың қолдарынан ұстатып жібере салғаны жайлы айтылған. “13-14-тегі қыздарыңызды малға қызығып елу-алпыстағы шалдарға шырылдатып, қолынан ұстап бересіз, көз жасына қарамай. Осыларыңыз жөн бе? Алпыстағы шал 13-14-тегі қызға тең бола ма? Тең болатұғын болса, 13-14-тегі ер балаларынызға 50-60-тағы кемпірлерді неге алып бермейсіздер?” Осы жерде байқағаным қыз баласының көз жасы мен зары сонда қойдағы жоқ мал-мүліктерден артық болғаны ғой. Онда ер балаларында 50-60-тағы кемпірді алып берсінші жандары шығып кете жаздайды. Қыз баласын мал секілді сатқаны дұрыста, ал ер баласына келсе бұрыс болғаны ма?

Сақыпжамал Тілеубайқызының бұл жерде бар айтқысы келгені қыз келіншектердің мұңы мен зарын үлкендері естіп, аталарының санасына жеткізу еді.  Бастарындағы өтіп жатқан қиындықтан бір күні арылармыз деп жазған. Қазақ қыздарының білімді бақытты болуына құқығы бар екенін  сөзіне арқау етті. Қаншама қиындық көріп ешкімге айта алмайтын нәзік жандылардың жүректеріндегі айқайлары естілсе екен деп “Айқап” журналының оқырмандарына бастарындағы кеңесін арнады. “қазақ қыздарының аталарына” деген мақаласы “Айқап” журналында жариялануы екі талай болатын шығар деп жазған еді. Бақытына орай мақала жарияланды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *