ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

Көптеген жүз жылдықтар бойы Қазақстан аумағында әдет-ғұрып құқығы үстемдік етті. Әдет-ғұрып құқығы — өмір сүріп тұрған қоғамдық қатынастарды сақтау мақсатында мәжбүрлі тәртіпте жүзеге асырылатын мемлекеттік билікпен санкцияланған және кепілдік берілген заңнамалық әдет-ғұрыптардың жиынтығы. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы әдет немесе заң терминімен белгіленді. Ұзақ уақыт бойы қалыптасқан ол көшпенді қоғамның барлық әлеуметтік — экономикалық және саяси өмірімен өте тығыз байланыста болды. Сондықтанда бұл мәселе келесідей белгілермен сипатталды: 1-ші, қылмыстық әрекеттер мен азаматтық талаптарды ажыратудың жоқтығы, мемлекеттік қылмыс түсінігінің болмауы;
2-ші, жазалау жүйесінің салыстырмалы түрдегі ізгілігі;
3-ші, мүліктік жауапкершілік қатынастары мен отбасы – неке қатынастарының нормативтік жасалуы мен деталды түрде реттелуі;
4-ші, жазылған заңдардың елеулі емес ықпалы;
5-ші, құқық нормаларының сипаты бар қауым ішілік және қауымаралық міндеттемелер жүйесінің болуы.
ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының негізгі қайнар көздері мыналар болып табылады:
1-ші, Құқықтық әдет-ғұрып (әдет, заң);
2-ші, Сот прецеденті (бидің билігі);
3-ші, Билер съездінің ережесі (ережелер).
Әдет-ғұрып адамдардың қоғамдық қатынастарының реттеушісі ретінде жүріс-тұрыс нормативтерінің ең ежелгі кешені болып табылады. Қауымның өз ішінде қалыптасқандықтан және дамығандықтан, осы қатынастардың жемісі болғандықтан әдет-ғұрып көшпенді шаруашылықтың экономикалық базасына толығырақ сәйкес келді.
Мемлекеттік билікпен санкцияланған әдет-ғұрыптар құқықтық әдет-ғұрыптарға айналды, қазақтардың арасында әдет немесе заң деп аталды. Мұнан басқа жора, жарғы, жол терминдері пайдаланылды. Қазақ хандығының билеушілері тұрақты түрде әдет-ғұрып құқықтарын кодификациялауға тырысты. Мұндай тырысу әрекеттерінің ең ертесі ХҮІ ғасырдың басына сәйкес келеді, бұл Қасым ханның билеу уақыты болатын. Оның кодексі «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен әйгілі. Өкінішке орай, бұл заң актісі ережелерінің жазбасы бізге дейін жеткен жоқ, бірақ кейбір ғалымдар бес тараудан тұрған деп санайды.Олар:
1-ші, меншік құқығын реттейтін нормалар;
2-ші, қылмыстық құқықтың нормалары;
3-ші, әскери іспен байланысты құқық нормалары (әскери міндеттілік, әскери құрылымдарды қалыптастыру принциптері, әскери олжаны бөлу);
4-ші, халықаралық құқық және елшілік этикет нормалары;
5-ші, қауымішілік және қауымаралық міндеттемелік қатынас нормалары.
ХҮІІ ғасырдың басында Есім ханның басқаруы кезінде «Есім ханның ескі жолы» деген атпен әйгілі жаңа кодекс жасалды. Оны қабылдау Қазақ хандығының саяси жүйесін реформалаумен бір уақытта қатар жүрді, сондықтан Есім ханның заңдарында сол кезеңдегі қазақ қоғамында орын алған өзгерістер көрініс тапқан деп болжауға болады.
ХҮІІ ғ. соңындағы Тәуке ханның басқаруы кезінде қабылданған әдет-ғұрып құқығын кодификациялау әрекеті әйгілірек. Тәуке хан кезіндегі атақты билермен жасалған кодекс «Жеті Жарғы» деген атау алды. Біздерге дейін ол кодекстің, ХІХ ғ. бірінші жартысында Г. Спаский және А. Левшин жазып алған кейбір фрагменттері ғана жеткен. Бірақ осыған қарамастан, ХҮІІІ-ХІХ ғ. қазақ қоғамында болған құқықтық нормаларды талдау кейбір зерттеушілерге Жеті Жарғы жеті тараудан тұрған деп есептеуге мүмкіндік берді. Олар:
1-ші, жайылымдар мен су көздеріне меншік құқықтарын регламенттейтін нормалар (жер дауы);
2-ші, жесірлер мен жетімдердің мүліктік және жеке құқықтарын регламенттейтін, сондай-ақ оларға қауым мен туысқандардың қатынасы бойынша міндеттемелерді регламенттейтін нормалар;
3-ші, отбасы-неке құқығының нормалары;
4-ші, сот процестерін реттейтін нормалар;
5-ші, мемлекетті басқарумен және әскери істермен байланысты құқық нормалары;
6-ші, айып — төлеуді көздейтін қылмыстық құқық нормалары;
7-ші, құн – төлеуді көздейтін қылмыстық құқық нормалары.
Сот прецеденті құқықтық әдет-ғұрыптар, қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздерінің бірі болып табылатын, билер сотының тәжірибесі бойынша (бидің билігі) тұрақты түрде толықтырылып және өзгертіліп отырды. Күрделі істер немесе құқықтық әдет-ғұрыптарда регламенттелінбеген істер бойынша әйгілі билердің шешімдері болашақта ұқсас істерді шешу үшін үлгі қызметін атқарып, прецеденттік сипатқа ие болды. Билер шешімінің ішіндегі ең ерекшесі және қызықтары сақталынып, билер сөзі түрінде ауызша нысанда беріліп отырды және бұл фольклорлық көздерде көрініс тапты.
Билер съезінің ережелері кейбір аса күрделі, әртүрлі бірлестіктердің мүдделерін қозғайтын істер бір бимен емес, билер ұжымымен қарастырылды. Бес-алты биден тұратын коллегиалдық сот жүгініс деп аталды, ал он-жиырма биден тұратын съезд – кеңес деп аталды. Істі қарауға кірісерден бұрын билер өздері басшылыққа алатын ортақ құқық нормалары жөнінде келісіп алды. Бұл баптар ереже деп аталды және көп жағдайларда жазылған жоқ.

1- курс студенті Е.Д.Биғалиев
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *