Рухани жаңғыру — қазақ халқының ұлттық санасының оянуы

Ұлы дала елінің сан ғасырлық мұрасын ұрпақ санасына сіңіру, ұлт тарихының өзекті мәселелерін кеңінен насихаттау, жастардың ұлт тарихына деген көзқарастарын қалыптастыру бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі таңдағы еліміздің ғылым мен білімге басымдылық беруі зияткерлік деңгейді көтеру ұстанымы мен білім беру үдерісінен ғылыми зерттеу басымдықтарына мән беруде. Күн санап өзгеріп жатқан дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымызды заман ағымына сәйкес жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру бүгінгі күннің басты міндеті. Сандықтанда өткен ғасырдың басты идео-логиясы – коммунизм, фашизм және либерализм келмеске кеткенімен, бүгінгі жаһандану заманына болмысымызға жат идеологиялардан арылудың жолы ұлттық құн¬ды-лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аларымыз анық.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық даму жоспарындағы «Ұлы дала Елі», «Мәңгілік Ел» мұраттары мен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларындағы ұстанымдары біздің ата-бабаларымыздың тарихи ақиқаттары мен жетістіктерін әлемге паш ететін, бүгінгі ұрпақтарымыздың бойына отаншылдық сезім мен тарихи сананы одан әрі өрістете түсуіне мүмкіндік берері анық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылды. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ¬дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттеуге мүмкіндік болды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегендеріңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай… Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адаса бастайды… Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын»,- деуі ауқымды мақсаттар мен міндеттер жүктей отырып бүгінгі қалыптасқан Қазақстанның жаңа бейнесі Ерте темір дәуірінен басталатын мемлекеттілікпен қатар, материалдық және рухани мәдениеттің озық үлгісі Түркі дәуірінде жалғасын тауып, Қазақ хандығы құрылған тұста жаңа белеске көтерілді. Патшалық Ресей билігі мен кеңестік Қазақстан тұсында бірлік ұғымы мен рухани құндылықтың маңыздылығы, қазақ қоғамындағы саяси ойдың дамуы мен батырлықтың жарқын үлгісі болған тарихи оқиғалар куә. Бүгінгі ұрпақтың өзгенің тозығынан емес, ұлттың жүріп өткен жолынан үлгі алары анық. Сондықтан осы тарихи оқиғалар мен үдерістерді танып білуге кеңінен мүмкіндік берілді.
Елбасының мақаласындағы пайымдар мен нақты ұсыныстар әлемдік және отандық тәжірибені ой елегінен өткізумен ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы: бірінші – ұлттық сананы заманауи биікке көтеру үдерісінде қазақтың қазақ қалпынан айырылып қалмау; екінші – жаңаша жаңғыру үстіндегі әлемдік өркениет тұлпарының құйрығынан емес, жалынан ұстап, тәуелсіз еліміз бен халқымызды тарих шаңына көмілуден сақтайтын бәсекелік қабілетін артыру болып отыр. Сонымен қатар рухани жаңғырудан, бәсекелік қа-бі¬летінен, цифрлы Қазақстаннан, үш тілде білім беру және прагматизм, ұлттық бірегейлік пен жаңа гуманитарлық білімді жаңалаудан, патриотизмді нығайту, латын әліпбиіне көшу, тіпті, қоғамдық сананы қалыптастырудағы рухани жаңғырудың негізгі бағыттарын айқындап берді. Дегенменде мақалада адамның рухани еркіндігі ұлттың тілінен, болмыс-бітімінен, ерекшеліктерінен, мәдениетінен, өнерінен, тарихынан, танымынан, сана-сезімінен, рухынан, құндылықтарына айырықша мән беруде. Соған қарағанда рухани еркіндік дегеніміз, қандай да бір халықтың өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, барша адамзаттың қол жеткізген, құндылықтарын ескере отырып, ұлттың мемлекет құру еркіндігіне қол жеткізуі анық.

Арынов Жұмақан Мақанұлы
Тарих ғылымдарының кандитаты,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *