Қазақ футболы неге төмен деңгейде?

Сапар Ернұр

ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫ НЕГЕ ТӨМЕН ДЕҢГЕЙДЕ?

Әлемдегі ең танымал спорт түрі — футбол. Футболды әлем бойынша миллиардтаған адам көреді. Шетелде бұл спорт түрі өте дамыған, жоғарғы деңгейде. Ал біздің елімізде бұл спорт түрі неге нашар дамыған?

Еуропа елдерін, әсіресе Батыс Еуропаны алсақ, ол жерде өтетін ойындарды жердің шет-шеттерінен халық сүйсініп, жанкүйер болып қарайды. Ол жердегі ойындар өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, үлкен сомадағы қаражаттар төленеді, футболшылардың ойнау қабілеті өте жоғары. Жалақасын біздің футболшылар тек түсінде көрген. Жалпы біздің футболды дамыту үшін не қажет? Дамымай жатуына не себеп? Инфрақұрылымның сапасы, балалар академиясының жоқтығы, клубтарға бөлінетін қаражаттың жоқ болып кетуі — басты себептер.

Елімізде тек 3 стадион еуро ойындарын өткізуге сәйкес келеді. Ал қалғандары жарамайды. Инфрақұрылым өте нашар, стадион салуға ақша бөлінбейді. Балалар академиясы тек Алматы қаласында бар, басқа қалаларда балалар футболы аса дамымаған. Футболымызды дамыту үшін осы жерлерін қарастыру қажет. Бұл мәселемен айналысатын қабілетті, түсінігі бар маманды қадағалауға қою керек деген ойдамын.

Вам может также понравиться...

1 комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *