Қазақтың ұлы хандары

      Қазағымның болашағын жарқын етуге бел буып, қасық қаны қалғанша келешек ұрпақ үшін жан аямай шайқасқан — қазақтың ұлы хандары. Алашымның ұлы хандары, батырлары найзаның ұшымен, білектің күшімен ел үшін мына кең-байтақ жерімізді сақтап қалды. Қазақ үшін барын беріп, жанып салып еңбек еткен қазақтың ұлы хандарын осы күнге дейін ұлықтап, мақтаныш ету біздің міндетіміз, парызымыз. Қазақ хандығының негізін салушылар — Керей мен Жәнібек хандар. Бұл аталған ұлы хандардың біз үшін алар орны өте ерекше. Керей мен Жәнібек хандар қазақ хандығының негізін салып қана қоймай, қазағымның сара жолын сала білді. Сондай-ақ қазақтың ұлы хандары ретінде мен мына есімдерді атап өтер едім. Қазақтың жүрегінен орын таба білген, жадында мәңгі сақталар — Керей мен Жәнібек хандар, Қасым хан мен Бұрындық хан. Және де Тәуелсіз Қазақстан ел тарихы, Қазақ хандары мен батырлары жайлы түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, қысқаметражды фильмдер мен толықметражды фильмдер түсіріп жатыр. Міне, осы жақында ғана ел 30 жылдық тәуелсіздігін тойлады. Мұның барлығы ата-бабаларымыздың үлкен жеңісі, жемісі. Тәуелсіздік үшін күрескен әрбір жанға алғысымыз шексіз. Ата-бабаларымызға мың тағзым.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *