Қазақтың батыры Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл

Көл қорғаны сен едің

Сенде айырылдың көліңнен

Ел қорғаны мен едім

Менде айырылдым елімнен деп жырлаған батырымыз Махамбет Өтемісұлының туғанына биыл 220 жыл.

Тарихи деректерге мән берсек Махамбет Өтемісұлы жастайынан Ұлы Далаға аты мәшһүр болған ақындар мен жыраулардың шығармаларына қанық болып өскен. Бұл батырдың жастайынан білімге құштарлығы жоғары болғандығын көрсетеді. Заманына сай мұсылманша сауатын ашып, орыс тілімен қатар, татар әрі араб тілдерін меңгерген. В.Ф. Шахматов өзінің «Внутреняя Орда и восстание Исатая Тайманова» деген еңбегінде мұндай тілдерді меңгеру сол замандағы Орда тұрғындары арасында сирек кездескендігін және Махамбет Өтемісұлының бұл тілдерге қай жерде оқығандығы белгісіз деп санайды. Әкесі Өтеміс аймағындағы ықпалды билердің бірі саналған. Ал атасы Құлмәлі де өз заманының ерекше тұлғасы болған. Байұлының ішіндегі Беріш руынан. Махамбет өзінің жырларында:

Өтемістен туған он едік,

Онымыз атқа мінгенде деп жырлаған.

1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі. Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *