Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы

 

Мақала
Тақырыбы:Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы

Бөлім:Философия и политология

Күні:18.08.2023

Авторы: Жұлдыз Жанбыханқызы

Ә.Қастеевтің шығармашылығына тоқталмасбұрын, қазақжеріндегі бейнелеу өнерініңалғашқы даму барысы ХХ ғасырдың 20 жылдарыорыс елінен жер аудару барысындажәнеэкспедиция негізінде келген орыссуретшілеріненбастау алатындығы мәлім. Атаулысолсуретшілердің бірі Н.Г.Хлудов (1850–1935) Совет үкіметінің кезеңінде қазақ және қырғызсуретшілерінің кәсібитүрде жетілуіне ықпал етеотырып, қазақ халқының тұрмыстіршілігін, салтдәстүрін де кенеп бетіне түсіріп отырды. Сонымен қатар бұл кезеңде студия, театр, өнержәнеғылым саласында да өзгерістер болып, білім мен өнерқатар дами түседі. Хлудов Алматыға арнайы ғылымизерттеуші ретіндекеледі. Суретші 62 жыл өміріншығармашылыққаарнаған. Қазақстандағы бейнелеуөнерініңдамуына көп үлес қосқан. 1921 ж. бастапАлматыдатұңғыш көркемсурет өнер студясынажетекшілік етеді. Хлудовтан Қастеев 2 жылпрофессионалды түрде суретсалу техникасынүйреніп, білімін шыңдай түсті. Сол қазақөнерінің, оның ішінде бейнелеу өнерінің даму көшіндесуретші Н.Хлудовтан білім алған, қазақ елініңеңалғашқы кәсіби суретшісі Ә.Қастеевтіңшығармашылығыбіз үшін маңызды орынға ие. Болашақ суретші 1904 жылыТалдықорғаноблысы, Жаркент ауданындағы Шежінауылындакөшпелі кедей отбасында дүниеге келген. Әкесінен сегіз жасында жетім қалған Әбілхан, тұрмыстыңбарлық ауыртпашылығын арқалапөседі. Ол жалшылыққажүріп, Шалғынбай аттыбайдың жайлаудағы малын бағыптіршілік етеді. Қойшы бала мал соңында жүргенұзақтыкүндерде ағаштан ойып, тастан қашап әрнәрсеніңсуретін салуға әуестенеді. Сол өнергедағдылана келе, оюлапәшекейлеуді қоя тұра, хайуанаттарды тіптіадамдарды бейнелейбастаған. Суретші өмірдің де, творчествоның да қиын жолдарынан өтеді. Ол ауылынанЖаркентқаласына келіп 1926 ж. 7 жылдықТүрксібқұрылысында қара жұмысшы болып істейді. Қастеевтің осы теміржол құрылысында жүріп, көркемсуретөнерімен шұғылданып, өзінің тұңғыштәжірибелерін осы уақыттан бастаған болатын. Құрылыста жүріп жартасбеттеріне әріптестерінің, Лениннің портретін қашапбейнелеп жүреді. Бұлөнерін байқаған әріптес достарыҚастеевтіңнобайлары мен бірнешешығармаларынстудияларға апарып тапсырады. СолуақыттаҚастеевтің эскиздерін көрген Н.Хлудовөзстудиясына шақырады. Бұл өнерді қайданүйрендіңдегенде: «Таудың бұлағынан, қойдыңқұлағынан, әжемніңкиізінен, ешкінің мүйізінен» деген екен. Мінекей осы сәттенбастап, қазақкәсіби суретшісінің алғашқы еңбек жолықұрылабастайды. Небәрі 20 жасында хат танып, 1929–1931 жж. Алматыда Н.Хлудовтың студиясындажәне 1934–1936 жж. Мәскеуде Н.Крупскаяатындағы Көркемөнерстудиясының кешкі оқуынақатысады. Суретші оқып жүргенуақыттан бастап, республикалық, мемлекеттіккөркемсуреткөрмелеріне үзбей қатыса бастайды. Солкөрмелердің біріне ең алғаш қойылғанпримитивтібағытта суреттелген «Кенесары портреті» 1934 ж. жазылған бұл туындысы ең алғаш кенепте майлыбояудаорындалған еңбектерінің бірі.

 

Кенесары портреті (1934 ж.). Бұл туындыда мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1847 жылдардағы ұлт–азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841–1847) Кенесары Қасымұлының (1802–1847) бейнесі суреттелген. Кенесары хан Шыңғыс ханның 27 ұрпағы, Абылай ханның немересі болып табылады. Оның саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында Петр І билігі кезеңінен басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қатынастар сипатымен тығыз байланыста болды. Портреттегі Кенесары ханның бейнесі, түр–тұлғасы, оның қазақ хандығының батыры екендігі шапанынан, басындағы хан қалпағынан, иығына іліп отырған садағы мен малдас құрып отырған кейіпінен бірден байқалады. Және Кенесары ханның үстіндегі шапаны мен қалпағының ұлттық нақыштағы ою-өрнектер портреттегі табиғат көрінісімен әсем үйлесім табады. Бірнеше планда құрылған бұл портреттің артқы планындағы кеңес беруші уәзірлер бейнесі, ақ орданың бір қырының көрінісі, салт аттылар бейнесі Кенесары ханның саясаткер, әрі қолбасшы болғандығының айқын дәлелі болмақ. Қастеев бұл портретті тарихи–әдеби кітаптарды оқи отырып, тереңірек зерттеу нәтижесінде бейнелеген. Тіпті, туындыдағы алыстан бой түзеген асқар таулардың биіктігі арқылы Кенесары ханның беделінің жоғары болғандығын көрсетеді. Портрет Шығыс миниатюрасына сай, декоративті болып келеді. Портреттегі оюлар, төселіп тұрған алаша, ашық түсті реңктері арқылы көруші назарын бірден өзіне аударады. Суретші 1934 ж. бастап 10 жылдай уақыт қазақ халқының ескі және жаңа тұрмысына арналған сериялар жазып шығарады. Ол Мәскеуде жүріп, бояу, живопись техникасын меңгерді, сол уақыттан бастап өзіне ежелден мәлім қазақ ауылының көрінісі жөнінде де тұңғыш картиналарын жазады. Совет үкіметі кезіндегі тың жерлерді игеру сәтінен, қазақ халқының еңбек жолындағы әйел адамдардың шаруашылыққа араласуын, жаңа тұрмысты көрсететін туындысының бірі «Мақта жинау» (1935). Туынды ашық түсті бояулармен, сәуленің айқын түсуімен және биік көкжиектілігімен ерекшеленеді. Ең бірінші планда мақта жинайтын комбайнмен жұмыс жасап жатқан үш әйелдің бейнесін байқаймыз. Қастеев адам еңбегін табиғат аясында, жер анамен бір арнада кескіндеген. Ал, ақ түсті үлпілдек мақталардың тазалығы, әйел адамдардың да еңбекке араласуы эстетикалық идея, тәрбие болып табылады. Артқы фондағы шаңдатып жүк тасыған автомашиналар, палаткалардан құрылған қоныс, реттілікпен жиналған жүк байқалады. Негізінен бұл туындыда берілген жаңа қондырғы ең басты назарды аудартатыны анық. Қастеев бала кезінен ауыл тұрмысының қиыншылығын бастан кешіріп өскендіктен, бұл қондырғыны қарапайым халықтың жұмысын жеңілдету үшін суретшінің арман–қиялынан ойлап тапқан ауыл шаруашылық құрылғысы деп айтылады. Бірақ, кейбір деректерде сол дәуірде болған неміс машинасы екендігі де айтылады. Дегенмен, социалистік реализм рухымен жазылған бұл туынды, Қастеевті «шыншыл суретші» ретінде танытады.

Еңбек ету, егін егу тақырыбындағы аталмыш тағы бір ерекше туындысының жарық көруіне негіз болады. 1934 жылы шағын, әрі тік форматта орындалған «Пішен шабу» туындысы бір ғана жасыл түстің қолданылуы арқылы ерекшеленеді. Нәзік жасыл түстің көкжиекке дейінгі алмасу реті аяның кеңдігін, тереңдігін айқындай түседі. Осы әдістер арқылы суретші егістіктің көлемін, қазақ жерінің кеңдігін бір картинаға сыйғыза білген. Қысқа дайындық жүргізіп жатқан тынымсыз еңбек үстіндегі адамдардың қуанышты бейнесі жүйелі түрде бейнеленген. Тіпті алыс шалғайдан көрінген қоныстардың бейнесі анық байқалады. Бұл туындыға қарай отырып, суретшінің түстер мен композицияны, тереңдікті ұтымды түрде пайдалана отырып, туындысындағы әрбір элементтерге аса ұқыптылықпен қарағандығын көре аламыз. Алдыңғы картиналарда жаңа тұрмыс суреттелсе, келесі «Қызды еріксіз әкету», «Сатып алынған қалыңдық» туындыларында ескі тұрмыстың көлеңкесі көрінеді. Қастеев 1937 жылы Мәскеуден еліне оралып, Алматыда ұйымдастырылған Қазақстанның суретшілер одағына қабылданады. Осы кезеңнен бастап, Қастеев шығармашылығы жемісті әрі жеңісті еңбек жолының шыңына шығады. Оның ревалюцияға дейінгі қазақ әйелдерінің өміріне арналған шығармалары өте тартымды жасалған суреттер. «Ескі және жаңа тұрмыс» сериясында бай мен кедей теңсіздігін, қалың малға сатылған қыздар трагедиясын көрсетеді.

 1934 ж. бейнеленген «Қызды еріксіз әкету» полотносы арқылы суретші қоғамдық оң көзқарасқа ие болады. Бұл туындыда қарақшы топтың әлсіз жандарға зәбір көрсету сәті бейнеленген. Қараңғы түн уақытында шалғай орманда тыныш ұйқыда жатқан халықты оятып, бірінің мал–мүлкін, бірінің өрімдей жас қызын күшпен, еріксіз әкету көрінісі берілген. Картинадағы драмалық көріністі сол жақ беткейден түсіп тұрған ай сәулесімен анық бейнелей отырып, халықтың мұң–зарын, ана көкірегінің қарс айырылуын табиғат құбылыстары арқылы дәл жеткізен. Артқы фондағы шыршалардың қасқая тік тізіліп тұрғандығы, аспанның тұманданып, қара түнек басқандығы осы картинадағы үрей мен қорқынышты одан әрі әсірелей түседі. Ең бірінші планда қызды еріксіз әкетіп бара жатқан ат үстіндегі үш ер адамның кекете күлуіне табиғат ана да қарсылық танытып тұрғандай. Түстік палитрадағы қою қара түстердің пайдалануы драмалық көрініс пен бейнелердің динамикалық қалыптары туындыдағы басты идеяны, яғни қорқыныш пен үрейді, күшті мен әлсіз топты анық көрсетіп тұр. Қастеевтің «Ескі және жаңа тұрмыс» сериясына жазылған тағы бір айтулы туындысы «Сатып алынған қалыңдық» (1938) деп аталады. Картинада Ревалюцияға дейінгі қазақ халқының феодалдық салт көрінісі берілген. Яғни, әйел адамның теңсіздігінің аяққа тапталуы, сөз еркіндігінің жоқтығын көрсетеді. Картинаның бірінші планынан жайма шуақ табиғат аясында, тау ішінде келе жатқан үш салт аттыны көреміз. Олар жас қалыңдықты ұзатып алып келе жатқан күйеу жігіт – қарт пен оның бәйбішесі. Түстік реңктер ашық әрі жылы болып келеді. Алдыңғы картинада қорқыныш пен үрей табиғат құбылысы арқылы, образдардың динамикалық қалпы арқылы берілсе, бұл туындыда тек жас қалыңдықтың бет жүзінен, оның психологиялық келбетінен-ақ байқалады. Суретші қауіп–қатер мен болашаққа нүкте қойылғандығы, өмірінің ең жарқын сәттерін қартпен өткізетіндігіне мұңайып, үмітінің үзілгендігін қалыңдықтың солғын тартқан келбетімен жеткізе білген. Ақ боз аттағы қарттың жас өмірге балта шапқанына қарамай, керісінше жас қалыңдыққа жымия қарауы, артындағы бәйбішесінің жиіркене, қызғана қарауы анық байқалады. Кейбір деректерде бұл образ қарттың жеңгесі деп, енді бірде жас қалыңдықты шығарып салып келе жатқан жеңгесі деп айтылады. Тік форматта орындалған бұл картинадағы негізігі идеяны суретші асқан шеберлікпен бейнелеп шыққа

Қорыта айтқанда, Әбілхан Қастеев суретші ретінде өз халқымен бірге өсті, шындықты сипаттаудағы талант ерекшелігі сол өсуден шешімін тапты. Оның өмір шындығын шын мағынасында суреттей білуі, оқиғаны, табиғатты документтік дәлдікпен көрсете білу қасиеті суретші шығармаларының негізгі ерекшелігі болып табылады. Зерттеуші ғалымдар қазақ халқының тарихын кітап ретінде жазып қалдырса, Ә.Қастеев халқымыздың еңбек өмірін, тың жерлерді игеруден бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихын айнадан көрсеткендей қылқаламымен айқын бейнелеп берді. Отанын, халқын жанындай сүйетін патриот суретшінің сарқылмайтын сан салалы тақырыбы – Советтік Қазақстанның өміріне арналған жылнама іспетті. Бүгінгі таңда Ә.Қастеев туындылары Қазақстанның көптеген ірі мұражайларында, сонымен қатар Ресей, Украина және Қырғызстанда, алыс және жақын шетелдердің жеке жинақтарында сақтаулы. Біздің музей қорында суретшінің 460-қа жуық кескіндеме, 2000-ға жуық акварельдік жұмыстары сақтаулы.

2004 жылы суретшінің 100 жылдық мерейтойы тойланып, ЮНЕСКО–ның халықаралық күнтізбесіне маңызды оқиғалардың бірі болып енді. Және жыл сайын музейіндеҚастеевоқулары дәрістері жүргізіліп тұрады.

 

 

Қолданылған материалдар:

1. Абылхан Кастеев. Альбом (Составитель Б. Барманкулова) – АлмаАта: Өнер, 1986 – 258 стр. илл.
2. «А. Кастеев» Альбом (автор текста Е. Вандровская) – Москва: «Советский Художник», 1955 – 64 стр.
3. Е. Г. Микульская. Абылхан Кастеев – народный художник Казахстана. АлмаАта, 1956.
4. Кастеев Абылхан. Альбом репродукций (составитель Л. Г. Плахотная) – АлмаАта, «Жалын», 1978.
5. Әбілхан Қастеев. Альбом – Алматы: Өнер, 2004 – 160 бет.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *