ҚАЗАҚСТАН КӨМІР ӨНЕРКӘСІБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ ҚАНДАЙ?

Көмірхимиялық сала арқылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС даму перспективалары туралы

31 тамызда Қазақстанның бизнес және өнеркәсіп өкілдері саланың негізгі мәселелерін айтып, шешу жолдарын ұсынды.

Қазіргі кезде Қазақстанда көмірден шығарылатын өнім үлесі жалпы көлемде шашамен 3 пайызды құрайды. Бұл елдегі көмірхимия және коксхимия сала өндірісінің даму деңгейінің төмен екенін көрсетеді. Өңдеу секторының негізгі проблемасы базалық өндірістердің болмауына байланысты, барлық дерлік шикізат импортталады. Сарапшылар Қазақстан көмір өнеркәсібінің көмір химиясы жобаларын іске асыру арқылы болашағы зор екеніне сенімді. Пилоттық режимде ұсынылған жоба «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС базасында іске асырылуы мүмкін.

Осыған байланысты «Қазақстандағы көмір химиясын дамыту орталығы» ЖШС «Қазақстан химиялық өнеркәсібінің одағы» ЗТБ және «Парасат» кәсіпкерлер альянсымен бірлесіп, ҚР премьер-министрі А.Смайылов және бірқатар министрліктерге көмірхмиялық сала арқылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС даму перспективаларына қатысты ұсыныстарды жолдауды бастамалады.

«Біз «АрселорМиттал Теміртау» және «Богатырь Көмір» базасында базалық шикізат пен жоғары қайта өңдеудің түпкілікті өнімін өндіретін көмір-химия технопарктерін құруды ұсынамыз. Осы жобаларды іске асыру шамамен 10 мың жоғары білікті жұмыс орнын құруға көмектеседі, Қазақстанның ЖІӨ колемі айтарлықтай өсіреді, тұтыну тауарларының құнын төмендетіп, отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады», – деп санайды «Парасат» кәсіпкерлер альянсының басқарма төрағасы Олег Пак.

Бұдан басқа, сарапшылардың пікірінше, технопарктердің тиімді жұмысы жаңа өткізу нарықтарына шығуға ықпал ететін болады. Нәтижесінде елдің экспорттық әлеуетін ұлғайтып, өңірдің экологиялық мәселелерінің едәуір бөлігі шешілетін болады.

Бизнестің пікірінше, мынадай шешімдер қажет: осы секторға инвестициялар тарту үшін жағдай жасау, өндіруші және энергетикалық компаниялар базасында көмір химиясын дамытуды ынталандыру бойынша ҚР заңнамасына өзгерістер енгізу, көмір химиясын дамытудың тиісті бағдарламасын жазу.

 «Осыған байланысты «Қазақстандағы көмір химиясын дамыту орталығы» ЖШС «Қазақстан химиялық өнеркәсібінің одағы» ЗТБ және «Парасат» кәсіпкерлер альянсымен бірлесіп, ҚР премьер-министрі А.Смайылов және бірқатар министрліктерге көмірхмиялық сала арқылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС даму перспективаларына қатысты ұсыныстарды жолдауды бастамалап отыр», – деп атап өтті Олег Пак. 

Өңдеу сектордың негізгі проблемасы базалық өндірістердің болмауына байланысты, барлық дерлік шикізат импортталады. Ал көмір-химия жобаларын іске асыру арқылы аталған мәселелерді шешуге болады, деп санайды сала мамандары.

«Қазақстанның көмір химиясын дамыту орталығы» ЖШС бас директоры Шу Чэну көмір химиясын дамыту орталығын құрудың мақсаты көмір химиясы жобаларын іске асыруға жәрдемдесу, инвестициялар тарту, сондай-ақ көмір химиясының озық технологияларын трансферттеу екенін хабарлады.

«Әлемде көмір-химия өндірісінің бірнеше негізгі бағыты бар. Көмірден кокс пен кальций карбиді өндіріледі, көмірдің көмегімен көмір шайыры мен шикі бензол тазартылады, кокс газынан және басқа да өнімдерден метанол мен сутегі өндіріледі», – деді Қазақстандағы көмір химиясын дамыту орталығының бас директоры Шу Ченгу. Ол Қытайдың тәжірибесін мысалға келтірді.

Қытайда химиялық өнімнің көп бөлігі көмірден өндіріледі. Бұл өнімдер онда көмірді терең өңдеу арқылы алынады. Бұл жыл сайын шамамен 220 млн тонна көмір өндіріледі (Қазақстан шамамен 110 млн тонна өндіреді), 630 млрд доллар табыс түседі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда көмірден тек кокс өндіріледі. Кокс кейіннен металлургияда пайдаланылады, қалған өндірілетін көмірдің барлығы халықтың отынға деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады, сондай-ақ көмір республиканың электр энергиясының шамамен 70%-ын өндіруге ықпал етеді. Сонымен қатар, 2023 жылдың 7 ақпанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлықпен Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекіткенін еске саламыз. Бұл стратегия жақын арада электр энергиясын өндіру үшін көмірді тұтынуды айтарлықтай төмендетеді және ұзақ мерзімді перспективада көмірді тұтынуды толығымен тоқтатады.

«Жасыл» даму мен көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі жаһандық күш-жігер аясында көмір химиясы өнеркәсібінің дамуы үлкен маңызға ие. Өйткені көмір химиясы көмір ресурстарын пайдалануды оңтайландырады, экономикалық жақсы пайда әкеледі, көмір өнеркәсібінің «жасыл» дамуына және көмір қоры мол өңірлердің экономикалық өсуіне ықпал етеді», – деп толықтырды «Қазақстан химиялық өнеркәсібінің одағы» ЗТБ атқарушы директоры Роза Булинбаева.

Кездесу барысында Қазақстандағы көмір химиясын дамыту орталығы, «Қазақстан химиялық өнеркәсібінің одағы» ЗТБ және «Парасат» кәсіпкерлер Альянсы арасындағы әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды.

 

Анықтама: 

Көмір кен орындарының басым бөлігі орталық (Қарағанды және Екібастұз көмір бассейндері, сондай-ақ Шұбаркөл кен орны) және Солтүстік Қазақстанда (Торғай көмір бассейні) шоғырланған. Республикада жер қойнауын пайдаланушылар ретінде 33 көмір компаниясы жұмыс істейді. Осы саладағы кейбір ірі компаниялардың қатарына «Восточный» кенішінде көмір өндірумен айналысатын «Богатырь Көмір» ЖШС және Еуразиялық энергетикалық корпорацияға тиесілі «Шұбаркөл Көмір» АҚ, қуаты 43 мың жартылай кокс өндіретін жеке зауыты бар «Шұбаркөл Премиум» кіреді.   Сондай-ақ, көмір өндіруде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті мен «Қазақмыс» корпорациясының «Борлы» көмір департаменті маңызды рөл атқарады. Еске салсақ, қазіргі кезде жиілеп кеткен өндірістегі бірқатар қайғылы оқиғаларға байланысты,, акционерлік қоғам мердігерлерінің қарыздарын ескере отырып, Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ меншік иесін ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *