«Қазақстан» газетіндегі Ғұмар Қарашевтің «Баку» жолсапар очеркі

«Қазақстан» газетіндегі Ғұмар Қарашевтің «Баку» жолсапар очеркі

“Қазақстан” газеті-ел ішіндегі саяси мәселелерге баса көңіл бөлген газеттердің бірі. Көпшілік одағының мүшелері 1910 жылы елден қаржы жинап, Орда қаласындағы А.Н.Щелкованың меншікті баспаханасын ұйымдастыруға көмектеседі. Солайша,1911 жылдың наурыз, мамыр айларында орыс баспаханасынан «Қазақстан” газетінің алғашқы екі нөмірі жарық көреді. Газет феодалдық заманның дәуірі өткендігін,қоғамдық жаңа қатынастар туа бастағанын, ендігі жерде қазақтардың жалғыз мал шаруашылығымен күн көре алмайтындығын,отырықшылыққа көшіп,егіншілік,сауда кәсіптерімен айналысу керектігін насихаттайды.
Газет отырықшылық мәселесі тәрізді,балаларды жаңа әдіспен
оқыту проблемасы төңірегінде де пікірталас ұйымдастырып,жұртты ойлануға жетелейді

Газеттің қаражат жағынан қиналып жатқан кезеңінде, 1912 жылы N8 санында Ғ.Қарашев “Баку” жолсапар очеркін жазады.Аталмыш мақалада автор көрген-білгендерін тізбектей беруден бас тартып,маңызы бар мәселелерге ғана назар аударады.Бакудегі қыздар училищесін,жан-жақты өмір тынысын толықтай суреттеп жазады.Болжай білетін сәуегейлік қасиетіміз болмаса да,автордың дәл осындай училищенің қазақ жерінде де көргісі келетінін байқау қиынға соқпайды.Осылайша,Ғұмар Қарашев өз еңбектерін жолсапар очеркі жанрының барлық талаптарына сай,белгілі бір дүниелермен байланыстыра отырып,қазақ жұртшылығына сай,өзекті мәселені проблема етіп көтерген.

Абдулла Сұлухан Әлімжанқызы

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 1-курс

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *