«Қазақстан» газетіндегі мақалалар сипаты

“Қaзaқстaн” гaзeті – қaзaқтың жeріндe жaрық көргeн тұңғыш ұлттық мeрзімді бaсылым. Қaзaқ үшін қызмeт eткeн гaзeттің бұрынғы зaмaндa шығуы oңaй бoлмaғaнын білеміз. Қайраттанса қасқырды құйрықтан алып қазық қып қағатын ,айбаттанса арыстанды астымызға алаша қып басатын алты Алаштың көсемдерінің басты құралы осы “Қазақстан”газеті болатын .Eлеусін Бұйрaұлы oсындaй игілікті іскe білeк сыбaнa кіріскeн бaсылым рeдaкторы бoлaтын.Елеусін Бұйраұлы eлді мәдениетке, өркениетке жеткізуге шақыратын көшбасшы құрал — баспасөз екендігін аңғарып, жаңа сипаттағы газет шығаруға бел байлайды. Бұл мақсатын іске асыру үшін қазақ зиялылары — Ш.Бөкеев, Ғ.Қарашев Б.Қаратаев М.Шомбалов, С.Меңдешовтермен бірігіп, 1911 ж. Ордада “Қазақстан”деген газет шығарды. 1911 — 13 жылдары газеттің редакторы болып тұрды. Ол “Қазақстан”сөзін тұңғыш рет ресми тілге енгізді.Осылайша газеттің атын «Қазақстан» деуінің о заманда патшалы Ресейдің қазақ даласын жанталаса мұжықтандырып, қалай қылғанда да жерін күшпен алуды мәжбүрлеп, жергілікті халықтың меншігінен мемлекеттік меншікке өткізіп, этностың атына шейін бұрмалап, «Қырғыз өлкесі» деуінде түпкі дәмесі бұл әкімшілік-аумақтық мекенді түгел басыбайлы иемденуді заңдастыру еді.Міне, қалыптасқан саяси ахуалдың бағытына қарама-қарсы тарихи сананың көрінісі «Қазақстан» деп газеттің атын елінің атымен атауы империялық идеологияға, оның отарлау саясатына редактордың бетпе-бет қарсы шығуы еді.

Бұйриннің артында қалған әдеби мұрасы — өзі шығарып тұрған “Қазақстан” газетіндегі мақалалары мен көсемсөздері және “Ызың” атты өлеңдер жинағы. Бұйрин жинаққа “Әу, қазақ!”, “Азаматқа” деген екі өлеңі мен аудармасына қоса “Қазақстан” газетінде жарияланған.

Шығарушыларының сөзімен айтсақ, «Қазақстан» газеті: «…бізді бір тілек, бір ниеткен жиятұғын зат… – біздің басшымыз!… – біздің достар алдындағы көркіміз! Дұшпандарға қарсы құралымыз!…- білмегенді көрсететін ұстазымыз! … қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз!» Газеттің күллі ауыртпашылығын негізінен бір өзі көтеріп жүрген Бұйриннің редакциялық мақалаларды өзі жазып тұрғынына күмән жоқ, ол: «Заман өгереді, заман шаруаны, адамды өзгертеді. Өзгермесе, жаңаға ыңғайланбаса, ол кейін қалады. Заманымыз өзгеріп отыр, бізде өзгерейік», – дейді алғашқы санында. Әлі де өткірлігін жоғалта қоймаған пікір. Екінші нөмірдегі: « Халіміз келсе, бір адамды бір адамнан артық еткен ғылым мен өнер үйреніп, өзімізден ілгері кеткен халықтармен қатарласуға талап етелік», – деген пікір түйісі де өткен ғасыр басындағы Елеусін Бұйраұлының бейнесін таныта түседі.

 

Алтынбекқызы Алтынай ҚазҰУ,журналистика факультеті 1-курс

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *