Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде

  Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.Қазақ халқының ана тілі шексіз бай,өте көркем.Өз тіліміздің көркемдігін көркейту ұлт байрағын көтерумен бірдей.Демек,әр адамзат баласы баға жетпес байлығын көзінің нұрындай сақтауы тиіс.
Ананың сүтімен бойға дарыған туған тілді құрметтеу ең қымбат,ең асыл қасиет.Ақын Мұқағали атамыз “Менің үш бақытым-Отаным,қасиетті ана тілім,қастерлі де қадірлі халқым” деген.Әрине,бұлар барда еш қор болмайтынымыз анық.
Қазіргі қоғамда асыл мұрамыздың маңыздылығының арта түсуі барлығымызға мәлім.Болашақ жастардың қазақ тілінде білім алып,басқа да тілдерді жетік меңгеріп жатқандығы біз үшін үлкен жетістік.Бүгінде елімізде 7400-ден аса мектеп бар.3809 білім ошағы қазақ тілінде болса, 1287 ілім ордасы орыс тілінде білім береді. Ал 2319 мектеп араластілде.Дегенмен,статистикалық ақпараттарға сүйенсек, соңғы 8 жылда қазақ мектептерінде оқитын оқушы саны 19 пайызға, орыс мектептерінде оқитын білім алушылар саны 21 пайызға артып отыр.Халқымыз мұның себебі,баланың тілі өз ана тілінде шықпауында деген болжамда.Шынында да,баланың тілі ана тілінде шығып, сол тілде ойлана алмаса кейін оны меңгеру қиын болары анық.Тілдің тұғыры отбасынан басталады.
Сөздің қадіріне жетуді,қазақ тілінің тазалығын сақтауды назардан тыс қалдырып жүргендейміз.Халқымыз “тілдің шұбарлануы-ұлтқа төнген кауіп” деп бекер айтпаса керек.Кейбір жастардың тілге деген немқұрайлығының соңы,оны жоғалтуға алып келетіні сөзсіз.
Мемлекет басшымыз Кемелұлы Тоқаев Егемен Қазақстан және Айқын газеттеріне сұхбат берді.Бұл сұхбаттарда қазақ тілінің хал-ахуалын ,оның шешу жолдары жайлы өз пікірін білдірген.»Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде.”-деген болатын елбасымыз.
“Тіл” деген құнды байлығымыздың арқасында ғана біз қазақ халқы деп аталдық.Сондықтан оны тарих пен болашақты байланыстыратын жәдігер десекте артық етпейді.Тілі өз тілінде шыққан жастардың ғана болашағы жарқын,әрі биік болады.Оны естен шығармаған абзал.
Қадір мырза Әли жырлағандай “Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте “ деген өлең шумағын еліміздегі әр азамат ұран ретінде ұстанса,қазақ тіліміз ешқашан өшпей,мәңгі сақталады.Әлем таныған ел болу үшін,асыл қазынамыздың жұлдызын биіктетуіміз керек.Бұл біздің басты парызымыз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *