Қадыр Мырза Әли туралы өлең

Қазағыма бақ болған

Туа сала шат болған.

Қызмет еткен еліне,

Мықты ақын,нық қорған.

Қадірлейді елі де,

Себебі бұл бақ қонған.

Мұқағали мойындап,

Астына оның тақ қойған.

“Менен өткен ақын” деп,

Кішірейген,пәк болған.

Елі үшін терлейтін,

Жамандыққа сөнбейтін,

Қадір дейтін тұлғаны

Қазақ бар ма білмейтін?

Қара жердей салмақты,

Сары алтындай ардақты

Үлгі болған талайға,

Талай өлең арнапты.

Өз ісінің шебері,

Әлі өшпей келеді.

Аты өлмей жақсының,

Талай өмір сүреді.

Міне оның себебі:

Жақсылығы көп болған,

Айтқан сөзі дөп болған.

Берген ақыл,пайдасы

Жас ұрпаққа кеп қонған.

Бұндай болған адамға

Тағар міні жоқ болған.

Сөз қозғасақ шегі жоқ,

Нағыз батыр туралы.

Бастысы ол қазақтың

Жүрегінде тұр әлі.

Қадірлейік баршасын,

Өле-өлгенше адамның,

Сонда ғана бек мүмкін

Жәннаттардың бақшасын

Аттап басар қадамың.

Адам өмір көреді,

Талай сынды құлатып.

Сүре білсең өмірді

Өзгені де жұбатып.

Жақсы адамның кейпінде

Жүре білсең ас атып.

Сонда ғана қарағым.

“Адам жылап өледі

Өзгені де жылатып”

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *