Эссе «Мен — қазіргі заман педагогімін»

«Боранқұл» бөбекжайы  мекемесінің

тәрбиешісі   Куракбаева   Айгул   Адаевна

 

Ұстаздық   еткен  жалықпас, үйретуден  балаға.
                                                                                   (А.Құнанбаев)

 

 

Барлық мамандық өзінше қызықты және күрделі. Ал, осы мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, төзімділікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі-мұғалім мамандығы. Мұғалім мамандығы киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан,қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттілігін жоймайтын маңызды  мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл, әрине, қиынның қиыны. Себебі, әр адам-қайталанбас тұлға. Менің ойымша, сондықтан да жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ұстаздар қауымынан үлкен жауапкершілікті талап етеді.

 

Мен бұл жауапкершілікті алғашқы еңбек жолымды Қарақұм совхозы жанындағы «Қызғалдақ» балабақшасынан бастаған сәттен-ақ сезіне бастадым. Өзім білім нәрімен сусындаған «Қарақұм» орта мектеп қабырғасында жүрген кезімде сапалы білім мен саналы тәрбие берген ұстаздарымның ерен еңбегін еш уақытта есімнен шығарған емеспін. Сол кезден-ақ мен ұстаз болуға шешім қабылдаған едім. Әрине,ол кезде ұстаз мәртебесі өте жоғары болатын. Алайда кейінгі жылдары  мұғалім мамандығының беделін түсіргені рас. Дегенмен Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында еліміз көптеген қиындықтарды жеңіп шықты. Ұстаз мәртебесі де көтеріліп келеді.

 

Эссеге арқау болып отырған «Мен-қазіргі заман педагогімін» тақырыбына тоқталар болсам балабақша тек бүлдіршіндердің келіп-кететін мекені емес,ата-аналар үшін баласын уақытша әкеліп тастайтын орын болмауы керек.

 

Осындай  көзқарастар  болмауы  үшін  балабақшада  үнемі жүргізілетін  жұмыстар жаңарып, мықты болуға жұмыстанып отырамын.

Балабақшаға  бүлдіршіндердің  қызығушылығын  қалыптастыру  үшін  үйде еш ойнамайтын, көрмеген дүниелерді ұйымдастырып отыру әрине әр педагог-тәрбиешінің біліктілігіне байланысты.

Балабақша бүлдіршіндерге қызықты ойындар үйрететін, ертегілер айтатын, әндер үйренетін және достарымен қарым-қатынас жасай алатын шуақты мекен.

Мен-қазіргі заман педагогімін. Қазіргі әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламаларға, білім беруге қойылатын талаптармен жұмыс жасауға ізденіп отырамын. Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі — белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Дәстүрлі білім беру мен тәрбиелеуде елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда.Қазіргі заман педагогінің мақсаты-бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді,жаңадан танымы бар,білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары,экономика деңгейіне шыға білетін ұрпақты тәрбиелеу. Иә,бұл кез –келген мұғалімнің қолынан келе бермейтін қасиет.Тек қажырлы да өз жұмысын жақсы көретін,өз тәрбиеленушілерін биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан ғана келеді.Қазіргі заман педагогі ретінде түрлі біліктілік арттыру курстарынан өттім. Әр курста алған тәжірибемді күнделікті оқу қызметінде жаңартып қолданамын. Жаңа технологиялар қолдана отырып,тәрбиеленушілерімнің білімін,тәрбиесін,есте сақтау қабілеттерін дамытып отырамын.

 

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты- өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған рухани бай тұлғаның  орны айрықша.

 

Қазіргі заман  педагогі  жан-жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу-қазіргі заман педагогінен талап етілетін басты мәселе. Сондықтан жаңашыл педагог, ұлы ағартушы  Ыбырай  Алтынсариннің «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат,өйткені,мұғалім –мектептің жүрегі» деген ұлы сөзі көп нәрсені аңғартады. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

 

Біз тәрбиешілер  түрлі  болашақ  маман  иелерін  тәрбиелеудеміз. Тәрбиеші  жұмысы оңай емес. Бірақ   абыройлы, сыйлы  жақсы  тәрбиешіні  балалар  ешқашан  ұмытпайды.  Оған   дәлел   жыл  сайын   қимастықпен  мектепке   шығарып  салған  тәрбиеленушілерім.   Олармен  кездесе  қалсам  маған  қарай  жүгіріп  келіп  құшақтағанда   олардың  сағыныштарын  көремін.         Оларды  ешқашан   ұмыту  мүмкін   емес. Сені  балалар  жақсы  көреді  және  сенен  әрдайым  жаңа  нәрселерді  күтеді. Ал  мен  олардың  өмірімен  бірге  өмір   сүремін,  олардың  жетістіктеріне  қуанамын.

 

Мен   бақытты  болуды  былайша  жауап  берер  едім.

-Мен  әр  бүлдіршіннің  мөлдіреген  көздерін  көруіммен  бақыттымын.

-Мен  олардың  бал  тілін  естумен  бақыттымын.

-Мен  олардың  сыңғырлаған   күлкісін  естумен  бақыттымын.

-Мен  оларға  білім  беріп, қиялын  самғатумен  бақыттымын.

Мен  бүлдіршіндерімнің  үлкен  мықты,  дарынды  азамат  пен  азаматша  болғандарына   куә  болып,  азда  болса  өз  үлесімді  қосқаныма  бақыттымын.

 

Үнемі  тәрбиеленушілерімді  балабақша   және  аудандық  іс-шараларға  және  интернет арқылы  республикалық  сайыстарға  қатыстырып  жүлделі  орындарға  ие болып  келемін.

Сондықтан да «Мен — қазіргі заман  педагогімін » деп  атаудың өзі  шынайлықты   көрсетеді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *