Электронды темекіден қашан құтыламыз?

 

Электронды темекіден қашан құтыламыз?

 Көптеген жасөспірім мен ересек адамдар электронды темекіге тәуелді.Мұндай жағдайға дейін барып, еліміздің болашағына қауіп төніп тгрғаның байқаймыз. Әлем бойынша да , бұл электронды сигареттердің танымал екеніне көз жеткізе аламыз. Статистикаға жүгінетін болсақ, бұл құрылғыны қолданатындардың басым көпшілігі кәмелет жасқа толмағандар екені анықталды. Ғалымдар зерттеу жүргізе отырып, бұл электронды темекілердің құрамын анықтап, ағзаға зияның зерттеуде .Зерттеу нәтижесінде құрамында никотиннің мөлшері қарапайым темекіден көп екені байқалған. Қарапайым темекі мен электронды темекінің айырмашылығы ,екеуінің тұтынушыға ұсынылуында. Электронды темекі ең алдымен қолданушы назарын сыртқы дизайнымен баурайды.Яғни, көз арқылы қабылдап, әрі қарай адамның нейро жүйесіне әсерін тигізеді. Электронды темекіні қолданатын жастар зияның біле тұра тұтынады, ертеңгі күннің ахуалын ойламайды . Егер, осындай қауіпті көре отырып, мемлекеттің оған салғырт қарауы , елдің болашағына балта шапқанмен тең болар еді. Сондықтан да,мәселерді ескере отырып, парламентте заңға жаңа өзгерістер орнықты. Заң мазмұнында электронды темекілерге шектеу қойылды . Тіпті , бұл темекілерді ашық сөрелерде сату жолына да , тосқауыл қойды. Айналамыздағы достарымызға мұның қаншалық зиян екенің айта жүрсек, сәл де , болса азаяды деген үміт бар.

 Молдашева Ақбөпе

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *