Шоқан Уәлиханов- публицист

Шоқан Уәлиханов – Публицист
Шоқан ерте жастан қазақ поэзиясын ерекше жақсы көріп, олардың әр алуан үлгілерін жазып жинақтайтын болған. Жазған шығармаларды ұстазы Н.Ф.Костылецкийге табыс етіп отырған. Шоқанның ізденісі мен поэзияға ерекше сүйіспеншілігін публицист Н.М.Ядринцев байқап былай деп жазып кеткен екен : «Шоқан ақынжанды және шығыстық кейіптегі адам еді». Бұл пікір арқылы оның қазақ шығармаларынан бөлек шығыс халқының туындыларын оқып, жинақтағанын байқай аламыз. Жас Шоқанның осы қалпынан таймай әрі қарай үнемі ізденісте болуына әкесінің орыс зиялы қауым өкілдерімен байланыста болуы да айтарлықтай әсер етті. Қазақстанды зерттеп жүрген ғалымдар үшін Шыңғыс кей сәтте түрлі материалдар жинап, оны өңдеу ісіне баласын да қатыстыратын .
Шоқанның осы тәжіриебеден кейін білімге құштарлығы арта бастады.Ол үлкен қалада сапалы білім алуды армандады, әкесі де баласының бұл арманың қолдады. Есейген Шоқанды Омбы қаласына оқуға әкеледі. Ауылдан келген қабілетті бала үшін жаңа қала жаңа мүмкіндіктер есігі болып көрінді. Ғылым мен білімге құштар ол Сібір кадет корпусына оқуға да түседі. Бұл оқу орнында жалпы қоғам ,ғылым секілді түрлі бағыттар оқытылды. Сонымен қатар Шоқанның публицистикалық қыры да осы білім ордасынан шыңдалды.
Оқуын тәмамдағаннан кейін де сан түрлі тақырыптардағы материалдарды жинақтауын тоқтатпады. Г.Х.Гасфорттың сапарына қатысқан Шоқан өзінің барлық жинақтаған материалдарын өңдеп, қазақ халқының діни ұстанымы, өзара туыстық қарым-қатынасы және ру жайлы ресми есеп жазып шығарады. Бұл еңбегі Шоқанның жазуға, ізденуге деген құштарлығын арттыра бастады. « Алтышардың немесе Қытайдың Нан-Лу (Кіші Бұхара) провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы туралы» еңбегінің жан-жақтылығы , әдеби сапасының жақсы болуы Шоқанның кезекті сапарының ең үлкен нәтижесі болды. Оның бұл еңбегімен таныса отырып терең білімі мен асқан дарындылығын талай жазушылар, ғалымдар жоғары бағалады. Материалдарының көбі тарихи,мәдени бағыттағы зерттеулер болғанымен Шоқан саяси мәселелер жайлы да біраз сөз қозғаған. Мәселен, Сот реформасы туралы жазған жазбасын талдайтын болсақ.
Бұл жазбада көтерілген мәселе сот саласындағы түбегейлі өзгерістер мен оның қарапайым халық үшін әсері, маңызы болды. Шоқан осы өзгерістерге байланысты кейбір мақалалары мен пікірлерін алға тартуды міндеті ретінде санаған. Мақалада халық пікірі іріктеліп және қандай жағдайда жинақталып алынғаны жазылған. Сонымен қатар мақаланы бірнеше бөліктерге бөліп қарастыра аламыз. Олар: ескі халықтық үлгідегі билер соты, соттың құрылымы бойынша және сот ісі бойынша талдау. Шоқанның өз аймағындағы сот реформасының мәселелерін таныстыру үшін нақты деректер мен бақылауларды негізге алғандығын байқадым. Жазуға пайдаланылған деректер облыстық басқарма ісінен алынған. Олар: статистикалық,тарихи бағыттағы мәліметтер мен округтік бұйрықтар. Сонымен қатар оның сөзінше бұл мақаланы жазу біраз батылдық пен ұқыптылықты талап еткен екен.
28 ақпан 1864ж
Омбы
Шоқан публицистика саласына елеулі еңбек етті. Жан-жақтылығымен талай ғалымды, жазушыны және халықты тәнті еткен дара тұлға атана білді. Ізденістерінің нәтижесінде әр алуан бағытта материалдар жинақтап мақала, жазба және ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Деректерге сүйенсек 1894 жылдан бастап Шоқан Уәлихановтың материалдары біраз танымалдылыққа ие газет,журнал беттеріне басылып шыға бастады.

Әдебиеттер тізімі:
1. « Алты томдық жинақ.Шоқан Уәлиханов » Таймас ИД. 2010ж
17-18б, 33-34б, 46б,
1860-1864жж. жазылған еңбектер «сот реформасы туралы жазба/28 ақпан 1864ж Омбы» 83-113 бет аралығы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *