Шет тілін оқытуда қолданылатын техникалық құралдар

 

Шетел тілін оқытуда қолданылатын техникалық құралдар

Бүгінгі күні дидактиканың «нені оқытамыз?», «не үшін оқытамыз?», «қалай оқытамыз?» деген дәстүрлі сұрақтарымен бірге «қалай тиімді оқытуға болады?» деген мәселе ғалым-әдіскерлер мен мектеп мұғалімдерін толғандыруда. Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді сараптау барысында осы сұрақтың айналасында бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде екенін байқауға болады. Зерттеулердің нәтижесін талдау барысы педагогика

ғылымында жаңа «педагогикалық технология» бағытының пайда болып, қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Түсіндірме сөздікте «технология – техника туралы ғылым. Техника дегеніміз шығармашылық, білім, білік, машық және оларды іс-тәжірибеде пайдалану» деген анықтама берілген. Ал педагогикалық көзқарас бойынша «технология» ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту түрлерін ұйымдастыруда, оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияларға негіздеу туралы мәселе қозғала бастады.

«Педагогикалық технология» ұғымының қолданысқа енуіне байланысты педагогикада екі бағыт пайда болды. Оның біріншісі, оқу үрдісінің барлық саласына техникалық құралдарды пайдалануға бағытталған. Бұл бағытты кейде «білім саласындағы технология» немесе «оқыту технологиясы» деп атайды. ЮНЕСКО құжаттарында «оқыту технологиясы» жалпы оқыту және білім қабылдау үрдісін жасаудың жүйелік әдісі ретінде қарастырылады. Ол техникалық қорларды, адам қорларын және олардың өзара әрекеттесуін ескеріп, білім беру түрлерінің тиімділігін арттыруды көздейді.

Екіншісі, оқу үрдісінің өзін технологияландыру, оны «оқытуды технологияландыру» немесе «педагогикалық технология» деп атайды. Осы екінші мәселе оқыту үрдісінің жалпы заңдылықтарына сүйеніп, оның бірыңғай тиімді жүйесін құру, оқу және оқыту қызметтерін толық қамтамасыз ету жағдайларына байланысты педагогикалық зерттеу нысанына айналып отыр. Бұл мәселе бойынша оқытудың мазмұнына, мұғалімнің іс-әрекетіне, оқушының даму деңгейіне, оқушының оқу әрекетіне, т.б. ерекше назар аударылған. Нәтижесінде мұндай оқыту әдістерінің елуге жуық үлгілері ұсынылып, мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болған оқыту әдістеріне мыналар жатады:

  • дамыта оқыту;
  • мәселемен (проблемалық) оқыту;
  • бағдарламалап оқыту;
  • ойлау әрекетін кезеңдеп қалыптастыру;
  • танымдық қызығуды дамыту теориясы;
  • дидактикалық бірліктерді ірілендіру;
  • қарқынды оқыту әдістемелік жүйесі;
  • адамгершілік педагогикасы;
  • білімді «толық игеру» технологиясы;

10) оқу үрдісіне компьютерді қолдану;

  • мазмұнды жалпылау теориясы;
  • оқытуды оңтайландыру;
  • оқу әрекетін белсенділендіру теориясы;
  • бейімдеп оқыту;
  • саралап оқыту және т.б.

Білім беруді технологияландыру үлгісін жасауда мынадай шарттар ескерілуі тиіс:

  1. Тұжырымы, яғни қандай да бір ғылыми тұжырымға сүйенетіндігі немесе негізделгені;
  2. Жүйелілігі, яғни оқу үрдісінің барлық бөліктерінің өзара байланыстылығы.
  3. Басқарылуы, яғни мақсат болжау, оқыту барысын жобалау және т.б.
  4. Тиімділігі, яғни соңғы нәтиженің білім стандартына сәйкес кепілділігі немесе жемісті болуы;
  5. Қабылдануы, яғни оқушының қабылдау мүмкіндігін ескеруі.

Оқытудың жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Қазіргі кезде жалпы дидактикалық технологиялардың бір-бірінен айырмашылығы оқу және оқыту үрдісін ұйымдастырудың әдістері мен құралдарына байланысты оқыту жүйесінің әдістемелік кешенін анықтауда көрінеді.

Жоғары айтылғандардан шығатын қорытынды: оқыту технологиясы дегеніміз – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде, нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру.

 

І. 1. Дамыта оқыту технологиялары

Соңғы кездерде технология ұғымымен тіркесте қолданылып жүрген «инновациялық» деген ұғымның мәніне тоқтала кеткен жөн деп ойлаймын. «Инноватика» ұғымының мәні латынның in-novus деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту» мағынасын береді. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.

«Педагогикалық технология», «инновациялық технология» дегенде қазіргі педагогикадан, әдістемеден түсінігі бар адамның ойына ең алдымен «дамыта оқыту технологиясы» ұғымы келеді. Педагогикалық әдебиеттерді қараған кезде дамыта оқытудың педагогикалық жұртшылық санасына сіңген және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатқанын байқау қиын емес. Барлық істерді Л.С.Выготскийдің, Л.В.Занковтың, В.В.Давыдовтың, Д.Б.Элькониннің ойларына негіздеу, осы ғалымдардан сілтемелер жасау жиі кездеседі.

Жаңа буын оқулықтарының негізгі ерекшеліктерінің бірі – олардың дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгендігі. Демек оқулық құрылымы өзгеше, философиясы жаңа. Ал осы ерекшелікті мұғалім тек «дамыта оқыту» жайлы теориялық түсінігі, хабары болғанда ғана жүзеге асыра алады. Сондықтан да қазіргі педагогикалық әдебиеттерде дамыта оқыту жайындағы көп жылғы ізденістер, жарық көрген мақалалар мен жұмыстар қайта өңделіп, толықтырулар енгізілуде.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады:

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы;
  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процессін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетектейді деп есептелінеді.

Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай

ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі еппен түзеліп отырылады. Оқушыны кішкентай бала деп қарамай, оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденген.

Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында оған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқутыдан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілінде, т.б.

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеущілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.

Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ло оның толық өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.

Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (экстенсивтік, сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға

болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделеді. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Айтылғандарды кесте түрінде төмендегідей бейнелеуге болады.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *