«Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына 20 жыл! ШЫҰ және қазіргі Қазақстан»

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) – Қазақстан, Қырғыстан, Ресей, Тәжікістан және Қытай Республикаларының арасында әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы және шекара ауданындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге қол қойғаннан кейін қалыптасқан «Шанхай бестігі» базасында құрылған ұйым. Осы жылдың маусым айында, ұйымның 20 жылдығы тойланады. Яғни, ШЫҰ — 2001 жылдың 15 маусымында құрылған болатын.

ШЫҰ әскери блок немесе белгілі бір мемлекетке немесе басқа ұйымға қарсы бағытталған саясат ұстанатын тұйық альянс болып табылмайды. Керісінше, ол өз құрамын кеңейту мүмкіндігін қоса алғанда, кең халықаралық ынтымақтастыққа бағдарланған ашық ұйым болып табылады. Оған дәлел ретінде, ұйымның 2002 жылғы 7 маусымдағы ШЫҰ Жарғысына сәйкес негізгі мақсаттары: өзара сенімділікті, достықты және тату көршілік саясатты нығайту, саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, энергетика, көлік, экологиялық және басқа салалардағы өзара көмек екені аталып кеткен болатын.

Қазіргі таңда, ұйымға, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің екі тұрақты мүшесі және екі ядролық мемлекет (Қытай және Ресей), әлемдегі ең көп халқы бар екі ел (Қытай және Үндістан), БРИКС тобының бес елінің үшеуі (Ресей, Үндістан және Қытай) және әлемдегі ең үлкен энергия тұтынушыларының екеуі (Қытай және Үндістан) кіреді. Яғни: Қазақстан, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан,  Өзбекстан, Үндістан. Жуықтап санар болсақ, байқаушыл және әріптес мемлекеттерді бірге санағанда, 3 млрд. жуық халықты қамтиды.

Ал егер де Қазақстан Республикасы қырынан қарастырар болсақ:

  1. Қазіргі таңға дейін, ұйымның мүше мемлекеттердің басшылары 25 кездесу өткізді. Оның, 3-ші, 10-шы, 16-шы және 22-ші кездесулері Қазақстанда өтті.
3. 3-4 шілде 1998 ж Алматы қаласы
10. 5 шілде 2005 ж Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан)
16. 14-15 маусым 2011 ж Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан)
22. 8-9 маусым 2017 ж Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан)

 

  1. 2005 жылдың шілдесінде ШЫҰ саммитіне алғаш рет Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістан өкілдері қатысқан Астанадағы (Қазақстан) саммитте қабылдаушы елдің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қонақтарды құттықтау сөзімен құттықтады. Ол құттықтау сөзі бұрын-соңды ешқандай контексте қолданылмаған: «Осы келіссөздер үстелінде отырған мемлекеттердің басшылары — адамзаттың жартысының өкілдері».
  2. 2005 жылғы Қазақстандағы саммитте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Декларациясы қабылданды, онда мемлекеттердің «сұрақтары» қаралып, ұйымның қағидаттары тұжырымдалды. Оған мыналар кірді: «Мүше мемлекеттер басшылары қарама-қайшылықты жаһандану процесі аясында теңдік пен өзара құрмет қағидаттарына, егемен мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауға, қарама-қайшылықсыз ойлауға және халықаралық қатынастарды демократияландыруға дәйекті түрде ілгерілеуге негізделген көпжақты ынтымақтастық — ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздікке ықпал ететінін атап өтті. Халықаралық қауымдастықты, оның идеологиясы мен әлеуметтік құрылымындағы айырмашылықтарға қарамастан, өзара сенімге, өзара пайдаға негізделген қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасын қалыптастыруға шақырады.»
  3. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының атынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қытай Халық Республикасына іскерлік сапармен барған болатын. Бірінші кезекте мұнай-газ саласында, сондай-ақ басқа да салаларда ынтымақтастықты бекіту туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы — ШЫҰ форматындағы өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Тең диалогқа сындарлы қатысу және көңіл бөлу Қазақстанның аймақтағы позициясын нығайтады, мемлекеттер арасындағы өзара сенім мен түсіністіктің өсуіне ықпал етеді.

 

 

Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.

Алишбаев Бақдаулет, 1-курс студенті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *