Тәуелсіз елдің ұланымын

Қазақстан-дамушы елдер қатарында.Көп ұлттан құралған,жері кең,табиғаты бай,адамдары қарапайым мемлекет.Сондай-ақ Қазақстан тәуелсіз мемлекет.Онда тұратын қазақ халқы өте танымал,көркем мінезге ие.Танымалдылық себебі өткені,яғни тарихы.
Расында да,біз қазақтар тарихымызбен мақтанамыз.Біздің жүріп өткен жолымызбен,саналы ұрпақ тәрбиелеген ата-бабаларымызбен мақтанамыз.Қазақ деген атымызды,тілімізді,жерімізбен елімізді сақтап қалу үшін басымыздан қандай жағдайлар өтпеді десеңізші…Мысалға алатын болсақ жоңғар шапқыншылығы қазаққа үлкен соққы болып тиді.Алайда ол қиындықтан сүрінбей өткен қазақ халқы араға біраз жыл салып Германиядан соққы алады.Онымен қоймай қазақ халқының көптеген зиялы қауымдары қуғын-сүргінге ұшырап,қарапайым халық аштыққа душар болады.Ешқандай қиындыққа сүрінбей,құламай өткен қазақ халқымен қалайша мақтанбаймын?!
1991 жылдың 16 қарашасында біз өзіміздің тәуелсіздігімізді алдық.Содан бері жаңа заңдар қабылданды,ана тіліміз қолданысқа еніп,мектептер ашыла бастады.Өз теңгеміз пайда болды.Және ең бастысы жеке,тәуелсіз мемлекет ретінде алға мақсат қойдық.Ол мақсат-дамыған 30 елдің қатарына кіру болатын.Әрине бұл тізімге кіру-оңай емес екенін біз жақсы түсінеміз.Сондықтанда қазір барынша жақсы оқу біздің қолымызда.Осыған сәйкес мемлекет біздің жақсы білім алуымыз үшін барлық жағдайды жасап жатыр.Біліммен тәрбие қосылған жерде адам жақсы азамат болып өседі.Сонда ғана біз саналы да,тәртіпті ұрпақ тәрбиелей аламыз.Егер отанымыз одан әрмен гүлдей берсін,жайнай берсін десек,бар күшімізді салып еліміздің көркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *