Тәуелсіздіктің талантты ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс-тәсілдерім

Тәуелсіздіктің талантты ұрпақтарын тәрбиелеудегі
педагогикалық әдіс-тәсілдерім

Ерген Раушан

Тәуелсіздіктің талантты ұрпақтарын тәрбиелеу – заманауи
мұғалімнің басты мақсаты. Талантты ұрпақ тәрбиелеудегі жаңашыл
ұстаздың әдіс- тәсілі қандай? Оның портреті қандай болу керек?
Дүние жүзінде мыңға жуық мамандық болса, олардың ешқайсысы
қоғамның белсенді мүшесін, азаматты дәл оқытып, тәрбиелей
алмайды. Бүгін партада отырған оқушы болашақта қоғамды
басқаратын маман, көшбасшы болады. Ұстаз! Оқытудан артық
нәрсе бар ма? Шәкіртке дұрыс бағыт беруші, ерлік жасаушы,
батырды да ақынды да тәрбиелеуші, мемлекетке адал қызмет етуші
де — ұстаз. Ұстаз… Жалпы алғанда ұстаз – барлық мамандықты
тәрбиелейтін, оқытатын мейірімді жан.
Талантты ұрпақты тәрбиелеудегі талантты ұстаздың жаңа
педагогикалық идеялар арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны
қалыптастырудың жаңашылдығы ерекше. Білімін, ақпаратпен
жұмыс істеу қабілетін және қарым-қатынас жасау қабілетін
дамытады. Жаңа танымдық құралдарды қолдану мен ұйымдастыруға
жағдай жасайды. Ақпараттық білім береді. Оқушылар өздеріне
қажетті ақпаратты тез алады. Білім сапасын арттыруға үлес қосуда.
Оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқытудың ой-өрісін,
дүниетанымын кеңейтеді. Білім негіздерін меңгеру оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін арттыруға және табысқа жетуге
көмектеседі. Жаңа ақпаратты жинақтайды, салыстырады, жүйелейді
және дәлелдейді және нақты қорытынды жасайды. Алған
білімдерін талдайды, жалпылайды, жүйелейді. Міне, осылардың
барлығы тек қана ұстазға тән дүниелер.
Жаңашыл ұстаздың педагогикалық әдіс-тәсілдері – жақсы
нәтижелерге жету, жаңа білім алу, жаңа педагогикалық тәжірибені
енгізу мақсатында оқу-тәрбие процесін салыстыру және зерделеу
арқылы өзінің педагогикалық тәжірибесін түсінуге негізделген
мақсатты педагогикалық іс-әрекеттегі тұлғаны қалыптастырудағы
ерекше сабақ тәсілдері. Менің ойымша, қазіргі заман мұғалімі – ең
алдымен өз пәнін жетік білетін, креативті ойлайтын, әр түрлі
маман иесі бола алатын маман. Жаңа ұстаз жаңаға ашық, өз
қызметінің мәні мен мақсатын айқын көре отырып, озық білім беру
идеяларын жүзеге асыруға, өзін және шәкірттерін
шығармашылықпен өзгертуге бағыттаған жан. Жаңа мұғалім
балалардың болашақта өзін табуға, тәуелсіз, шығармашыл және
өзіне сенімді тұлға болуына көмектесе алады.
Қорытындылай келе, елдің мүддесіне адал еңбек етіп, еліміздің
өсіп-өркендеуі жолында аянбай тер төгіп жүрген жандардың еңбегі
зор, жүрегі адал, қоғамға сіңірген еңбегі орасан деп баға беремін.
Мұғалімнің басты ұстанымы – оқушыларға сапалы білім беру. Мен
өз мамандығымды құрметтеймін. Бүгінгі таңда бәсегеге қабілетті
тұлға тәрбиелеу жаңашыл ұстаздың басты ұстанымы болу
керектігін жақсы ұғынамын. Тәуелсіздіктің талантты ұрпақтарын
тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданамын.
Сапалы білім беремін. Бүгінді кішкентай шәкірттеріміз — ертеңгі
болашықтың негізін қалаушы тұлғалар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *