Тәрбие — тал бесік

«Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері санасып келе жатқан тақтақ жол» 

М.Жұмабаев

     Халқымыздың сан ғасырдан ұстанған өмір, тіршіліктерінің ерекшеліктерінен туындап, ұлттық тәлім-тәрбиеге толы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары өте мол.  Олардың көбі қазіргі педагогика, этика, психология сияқты ғылымдармен ұштасып, осы күнгі ғылым деңгейіне топтасып, түсіндіріліп жатыр.  

 

Тәлім-тәрбие ең алдымен, туған үйден бастау алады.  Бала кішкентай кезінде көп нәрсені тез қабылдағыш, зейінді келеді. Міне, осы кезде ата-ана баласының қасында болып, оған бағыт-бағдар беріп, бірге өсуі керек.  Қазіргі таңда көп балалардың ата-аналары жұмыста, өздері бала-бақшада болады.  Яғни бұл баланың ақпаратты сыртқы ортадан қабылдап, үйренуі.  Ал осы кезде бала тәрбиені үйден емес , бала-бақшадағы тәрбиешілерден алады.  Меніңше, бұл дұрыс емес.  Бала үйден тәрбие алып, ата-анамен бірге өсіп, бойындағы құнды қасиеттерін қалыптастыруы керек.  

Қазіргі таңда көп адамдар заман ағымына еріп , басқаларға еліктеп, өз елдерінің салт-сана, ұлттық құндылықтарын ұмытуда.  Осының бәрі ұлттық тәрбиенің жойылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы менің ата-анам маған ылғи да ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді ұғындырып отырды.  Бойымдағы еліме деген сүйіспеншілік осыдан деп ойлаймын.  

«Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңіледі»- демекші, біз өз ұлтымызды құрметтесек, бірлікте болсақ, басқалар бізге қызыға қарайды.  Менің айтқым келгені, үңіліп қарасақ, біздің ұлттық құндылығымыз болсын, салтымыз болсын, тәрбиеміз болсын өте ерекше. Бірақ соған мән беріп, көңіл бөлмейміз.  Тәлім-тәрбие бізге өмір бойы керек. Адамдармен амандасу, сөйлесу, көпшілік ортада жүру, жүріс-тұрыс, ақыл-парасаттың барлығы да адамның тәрбиесін танытып, көрсетіп тұрады.  Осы іс-әрекеттердің жақсы жағынан көрініс табуы адамның тәрбиесінің жақсы екенін, өскен ортасының деңгейін көрсетіп тұрады.  Осы деңгейлерді сақтап, бойына сіңіре білген адам қалай да көпшілік арасында зор қошеметке ие болары сөзсіз! 

Тәрбиенің адам өміріндегі маңызы зор.  Жақсы тәрбие көріп өскен адам ұрпағына да дәл осылай, одан да көп, мол қазыналы мұра- тәрбиені қалдырады. Сол себептен, «Тәрбие-тал бесіктен»- дейді дана халық! 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *