Тұлға имиджінің даралануы

Жеке, дара имидж деп – имиджелогияда осы ұғымның практикалық қолданылуына байланысты жеке, дербес субъектіні айтқанда, жеке, дара имидж – ол дербес тұлғаның имиджді, қарапайым адамның имиджді, яғни топтың, ұйымның, заттың имиджіне салыстырмалы қарама-қарсылықта.   Жеке, дара имидждің өзіндік аталуында оның маңызды қасиеттері тұжырымдалған. Егер жеке, дара имиджді  символикалық құрылым ретінде қарастырсақ, ондағы орталық орынды жеке дербестікке жауап бере алатын символдар алады. Субъектінің жеке сапалық көрсеткіштері, образдық имиджі тек сол тұлғаға ғана тиесілі, яғни басқа адамдардан ерекше қасиеттерін сипаттайтын сапалы көрсеткіштер.

Жеке, дара термині латынша indivibuum  бөлінбейтін, ерекше деген мағына береді, ал психологиялық сөздікте теңдессіз қасиеттерін білдіреді. Психологияда жеке, дербес ұғымы жеке ерекшеліктерді зерттеу контексінде немесе адамның психологиялық иерархиялық құрылымдарды құруда  тұлғалық ұғыммен бірегей ұғым ретінде қолданылады. Жеке айырмашылықтар проблемасымен байланысты жеке дербестік туралы сөз болғанда, ол ұғымды адам бойында пайда болатыны зерделілік, темперамент, тұлғалық секілді психологиялық қасиеттердің түрлері деп түсінеді. Жеке дербестік  «орташа» адамға жеке адамның қасиеттерінен бөліп қарау үшін қарама-қарсы қойылады. Бұл қарама-қарсы қоюшылық топтағы нақты адамға алынған заңдылықты ауыстырмау ережесінде өрнектеледі.

Адамның психологиялық қасиеттеріндегі иерархиялық ұйымдастырудағы талдауға келетін болсақ, мұнда жеке, даралық, жеке тұлғалық деңгейге қарағанда осы иерархияның жоғары деңгейі ретінде мазмұндалады. Яғни адамның жеке, даралық және тұлғалық қасиеттерінің теңдессіз үйлесімі ретінде Б.Г.Ананьевтың образдық мазмұндауы бойынша тұлғалық психологиялық қасиеттердің шыңы, ол жеке, даралық-тұлғалықтың терең жүйесі болып табылады.

Жеке даралықтың пайда болуына алып келетін процестер сөз болғанда бізге жекелену немесе даралану ұғымдарын осы процестерді белгілеу үшін қолданылу қажет.

Индивидуализация, даралану ұғымы ұзақ түсініктемеге, тағдырға ие. Оның зерттелу тарихын философияда Ф.Аквинский үйлестіреді. «Индивидуализация, даралану принципі» атты шығармасында кез келген екі жеке, дара тұлғалар үшін екеуін ажырата білетін бір белгінің табылатыны дәлме-дәл көрсетілген. Мұндай жағдайда индивидуализация, даралану  қандай да бір теңдессіз бөлетін белгілерге байланысты болмауы мүмкін, ол стандартты қасиеттердің теңдессіз комбинацияларымен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Индивидуализацияның, дараланудың философиялық оқытылуы тек қана адамдық даралыққа ғана жатқызылып қоймай, сонымен қатар кез келген жеке объектілерге тиесілі бола алады. Индивидуализацияны оқыту, зерделеп зерттеудің классикалық дәстүрлеріне сай типтік және теңдессіз диалектиканы (қайталанатын және қайталанбайтын диалектикалар) ерекшелендіре отырып индивидуализацияны, даралануды К.Г.Юнг ғылыми шығармашылықпен көрсетті. Оның аналитикалық психологиясында индивидуализация, даралану адамның тұлғалық қадам басуымен, оның тұлғалық мазмұнды өсіп жетілуімен ерекшеленеді.  К.Г.Юнгтің ілімі бойынша индивидуализацияның, дараланудың процестік көлеңкесінде адамның рухани өмір орталығынан шығатын ерекше жасырын бағыттағыш тенденция жатыр. Индивидуализация, даралану бірегей гомогендік тұрмыстың қалыптасуын білдіреді. Даралану біздің бірегей, қайталанбас ерекшелігімізді қамтиды.

Сондықтан индивидуализацияны, даралануды «өзін-өзі табу жолынан» немесе «өзіндік іс-әрекет жасауға» бағыттай аламыз. «Бірқалыпты бірегей адам болу ең тиімді және мақсатты көрсеткішті шама» деп жазды К.Г.Юнг. Алайда  «бірқалыпты бірегей адам» ұғымы «адаптация» ұғымы секілді шектелген болып табылады.

 

Аимова М.Ж.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *