Түркістан уәлаяты газеті

Автор: Алибек Таңнұр Алимжанқызы.

“Түркістан уәлаяты газеті”
Қазақ баспасөзінің тұңғыш газеті
“Түркістан уәлаяты газеті” екендігі баршаға белгілі. Бұл газет Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкен қаласында 1870 жылдан бастап “Туркестанские ведмости” газетіне қосымша қазақ және өзбек тілді газет болып шығарыла бастады. Алайда газеттің редакторы башқұрт ұлтынан болды. Бірақ өзге ұлттан болсада қазақтың намысын қорғап жүрген Шахмардан Мирасұлы болды. “Түркістан уәлаяты газеті” Ресей патша өкіметінің жарлығымен шыққан газет болсада қазақ халқының сауатын ашып, болып жатқан өзекті мәселермен бөлісіп отырды. Негізінен газет екі басты бөлімнен тұрды. Біріншісі ресим бөлім, яғин мұнда патша өкіметінің бұйрық-жарлықтары, маңызды мәселелер жазылып отырды. Ал екіншісі ресим емес бөлім, аты айтып тұрғандай билікке қатты қатысы жоқ егін, жер, малшаруашылықтары туралы жазып отырды. Бұл бөлімдерден басқа ақын, жазушылар және де мәдениет, әдебиет, тарих, этнография, білім, оқу тағы басқа материалдар мен ауыз әдебиеті үлгілеріде жазылып жарияланып тұрды. “Түркістан уәлаяты газеті” құрылуы қазақ халқының саяси, шаруашылық және мәдени өміріндегі елеулі орын алған мерзімді баспасөз болды. Яғин бұл газет болашаққа жол салды. Мәселен бұл газет Ресейдің патшалық газеті болып қазақ халқына орыс тілін ұстану және мойындату мақсатында саясатын ұстан отырып, қазақ елінің шындығын көрсетіп алды. Бұл дегеніміз қазақ ұлтын таныту жаймен болсада жүргізілді. Айтар болсақ халқымызды уақытылы жаңалықтармен хабардар етіп, қара халқтың сауатын ашып, қоғам өмірімен байланыстырып ішкі және сыртқы жағдайларынан хабардар етіп отырды. Әр ресим бөлімінде маңызды ақпараттар беріп отырды. Мысалы“Түркістан уәлаяты газетінің” 1870 жылғы4-нөмерінде Түркістан өлкесінде алғаш рет ашылған почта-телеграф қатынасы туралы баяндаған. Ал 1871 жылғы 14-нөмерінде Алматы қаласында ағаш тілетін зауыттын ашылғандығын хабарлаған және де Ташкент, Орал қалаларының экономикалық, түрлі мазмұндағы материалдарын жариялап тұрды. Осылай ресми түрдегі жаңалықтарды жазып отырды. Ал ресми емес жаңалықтарда тек отырықшылық, егіншілік және малшаруашылығына қаттысты ақпараттар шығарлды. Бұлардан бөлек тағы ғылым жетістіктерін, жастарды оқуға шақырулар туралы жазбалар және қоғамда болып жатқан жайттар туралы баяндап отырды. Мысалы қоғамда болып жатқан жайт балалардың молдалардан дәріс алуы. Бірақта бұлай оқытудың нәтижесі жоқтығы және балалардың оқыту кезінде көретін қиыншылықтарынада тоқталып кеткен. Тағы бір мәселе әйел адамының құқығы туралы да ашық айтылып қозғалған. Мәселен қыз баласының 16 жасына жетпей ерте тұрмыс құруы немесе айттырып қоюы өз құқығының жоқтығы міне осының барлығы халықтты бір хабардар етіп өз жасап отқан істерінен тыйылдыру мақсатында да жүзеге асырылды. Газетте керемет эпостарда жазылып отырды. Олар: “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”  ,  “Алпамыс”  ,  “Қобыланды” тағы басқа әдеби жанрлар көрініс тапты. Басқада басылымдарында билікті, парақорлықты әжуа етіп астарлы сөздермен жазып тұрған. Сондай-ақ газетте Досанбай, Майлықожа тәрізді атақты ақындардың айтыстары мен өлеңдері және басқа туындылары жарияланып тұрған. “Түркістан уәлаяты газетінде” тіл мәселелеріде көтеріліп талқылыанған.

  Бұл “Түркістан уәлаяты газетінің” жұртымызға тигізген пайдасы мол осы арқылы халқымыздың көзі ашылып, саяси дүниелерден хабардар бодып билік мәселелерінің жартысын біліп отырған.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *