Тіктөртбұрыштың, шаршының ауданын табу

Умирбекова Нуржамал Жаксылыковна

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

3.1.3.1ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу,палеткамен өлшеу;

3.3.1.3тіктөртбұрышты үшбұрыш,шаршы,тік төртбұрыш ауданы формуласын;S=(a .b):2;S=a2; S=a.b шығарып алу және қолдану.

Сабақ нәтижесі:Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.Жазба жұмыс жасайды.Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі:Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды.Сұраққа жауап береді.Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі:Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды,тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі:

1.Көбейту және бөлу амалдары арқылы есептерді шығарады

2.Кім біледі» әдісі арқылы әр топ өткен сабақты қайталайды

3.»Ой қозғау»әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады

4-топТіктөртбұрыштың,шаршының ауданын таба алады

5.»Ойлан-жұптас-бөліс»әдісі арқылы сабақты қортындылайды

Тілдік мақсаттар.

Тыңдалым:бір-бірін тыңдай отырып,мазмұнын түсінеді;

Айтылым:өз пікірін айтады,тапсырманы орындау барысында құрдастарымен қарым-қатынас жасайды;

Оқылым:формуланы оқи отырып,есептер шығарады;

Жазылым:грамматикалық қателер жібермей барынша сауатты жазады.

Құндылықтарға баулу:Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту шығармашылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру,ойын,көрнекілік.Рефлексия.

Пәнаралық байланыс:Музыка,қазақ тілі.

Алдынғы оқу:Көбейту және бөлу арқылы шығарылатын есептерді біледі.Симетриялы және симетриялы емес жазық фигураларды ажата алады.
Ресурстар:Оқулық,кеспе қағаз,жұмыс дәптері,қима қағаз,бағдаршам суреті.

Сабақ барысы

Басталуы(3мин)

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бірігу:1-топ:шаршы;

2-топ:Тіктөртбұрыш,

3-топ:Үшбұрыш;

4-топ:Төртбұрыш.

Жағымды ахуал қалыптастыру:«Күн нұры» тренингі

Көтеріліп көкке күн,

Күлімдеді маған да,

Күлімдеді саған да,

Нұрын шашып баршаға.

Сәлем бердік сіздерге

Сәттілік тілеп құрбыма

Біз сабақты бастайық.

Үй тапсырмасы(5-мин):»Кім біледі»әдісі арқылы әр топ өткен сабақты қайталау мақсатында есеп құрастырады және ондағы компоненттерді атайды.

ОҮБ:жүзеге асыру.

Сабақтың ортасы(10-мин)

Жаңа сабақ:Сабақтың тақырыбын»Ой қозғау»әдісі арқылы оқушыларға тапсырма бере отрып ашамыз.»Тіктөортбұрыш пен шаршының ауданын табу».

Оқулықпен жұмыс.№1-т

Оқушылар әртүрлі тәсілмен есептейді.

Шаршының ауданын табу S=a*а;

Топпен жұмыс.2-т»Ойлан тап».

Ауданын өлшем бірліктерінің кестесін пайдалана отырып  салыстырады.

ОҮБ:жүзеге асыру

3-т:Оқушылар сұрақ қою арқылы ауызша орындайды.

4-т.Топтық жұмыс.Фигуралардың перимері мен ауданын табу.

5-т.Жұптық жұмыс.

Боялған бөліктің ауданын табу.

Қолдану(10мин)

Дәптермен жұмыс;1есеп.Берілген фигуралардың периметрі мен ауданын табу.

Сергіту сәті(2мин):

Қырғауыл болып ұшамыз,ұшамыз.

Түлкі болып қашамыз,қашамыз.

Қырғауылдай тапқыр боп,тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз,қонамыз.

Сабақтың соңы(5мин)

Сабақты бекіту:

Синтез»Ойлан-жұптас-бөліс»әдісі.

Жұптық жұмыс.Кестені толтыр

Бөлінгіш 18 12   10 16 6
Бөлгіш 2   7      
Бөліндінің мәні   2 2 5 2 2

 

 

Жеке жұмыс:Жылыжайдағы қызанақ отырғызу үшін бөлінген жердің ауданы18м квадрат.Осы жердің ұзындығы мен ені қанша болады.

Өзін өзі мадақтау.

Бағалау(2мин)

Кері байланыс(3мин):1):Мақсатыңа жеттің»:2)»Талпынып жатсың».3)»Талпын».

Үйге тапсырмасы:Жұмыс дәптеріндегі38беттег3 №6-есеп.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *