«Тарих ғылымының тәрбиелік және саяси – идиологиялық функциясы».

«Жалынды жастар» облыстық форумы.
«Тарих ғылымының тәрбиелік және саяси – идиологиялық функциясы».

Балғабай Фариза Беркінбайқызы
№ 24 Колледж МКҚК
fariza.balgabay@mail.ru

Түйін

Тарихтың тәрбиелік және саяси-идеологиялық функциясы жөніндегі сұрақ халықаралық қатынастарда қалыптаскан жүйедегі өз орнын анықтауға ұмтылған жас посткоммунистік мемлекеттер үшін өте өзекті болды. Өмір сүру құқығын дәлелдей отырып, олар өткенге белсене бетбұрыс жасады. Бұл жағдайда тарих ғылымы оның өзіндік дамуын қалыптастыратын қажетті әлеуметтік тапсырыс алады. Алайда, бұл тапсырысты орындау үшін ғылым саяси коньюнктураға сүйенбей өз бетінше акиқатты іздеуге бағытталуы керек. Кері жағдайда тарих ғылыми сипатын жоғалтып, өзінің әлеуметтік абыройынан айрылады. Қоғам объективті қорытындылар мен ұсынымдарды тек тәуелсіз ғылымнан ғана ала алады.

Тарих ғылымының тәрбиелік функциясы жөнінде көне және орта ғасырларда өмір сүрген тарихшылар айтып кеткен болатын. Антика заманында өмір сурген батырлардың өмірбаянын жазған Плутарх өзінің негізгі мақсаты жастар тәрбиесі екендігін жазған. Француздың ағартушы ғалымы Дидро Д Аламбер өзінің «Энциклопедия» атты еңбегінде «Тарихтың негізгі міндеті «состоит в сравнении законов и нравов чужих стран с собственными … это (сравнение) побуждает современные нации соревноваться друг с другом в искусствах, торговле, земледелии» [История в «Энциклопедии» Дидро и Д Алаламбера. -Л.,1978. ] деп атап көрсетті.
Ағылшын ғалымы Д.Тревельян (1876-1972) өзінің «Клио — тарих музасы» деп аталатын мақаласында: «История — это искусство, а задачи историка совподают с задачами литератора, и поэтому древние греки вполне справедливо причесляли историю к разряду искусства наряду с поэзиеи и музыкой» — деген екен (Цитата. Ерофеев 134 б.).
Тарих ғылымы өркениеттер мен әр замандағы әртүрлі халықтардың мәдениетін жан-жақты зерттейді. Антика, өркендеу заманының, шығыс елдері мен Африка және Америка халықтары мәдениетінің озык үлгілері жас ұрпакка игі әсер етері белгілі. Соңғы жылдары жастарды ұмытылып бара жатқан өз халқымыздың әлемді таң қалдырған рухани және материалдық мәдениетіміздің үлгілері қызықгыруда. Осының барлығы жастарға эстетикалық тәрбие берудің тиімді кұралы. Тарихтың тәрбиелік ролін ерте түсінген елдің бірі — Германия. XIX ғасырдың басында бұл саяси жағынан бытыранқы, шаруашылығы мешеу ел болатын. Аз уақытта саяси топтасып, Европаның алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылуы неміс халқының ұлттық санасының оянуына байланысты еді.
Ұлттық идеологияның қалыптасуына бірде-бір әсер еткен фактор әрине неміс тарихшыларының жанкиярлық еңбегінің арқасы еді. Неміс мектептеріндегі ұлттық тарихты оқытуды жолға қою, университеттегі тарихи білімді реформалау іс-шаралары өз жемісін берді. XIX ғасырдың орта шенінде немістің тарих ғылымы бүкіл Европадағы алдыңғы қатардағы ғылымдар қатарына көтерілді.
Ал енді келесі XX ғасырдың 30-40 жылдары неміс ұлтшылдығы шектен шығып, бүкіл өркениетке кауып төндіргені мәлім. Сондықтан да тарих пәнінің тәрбие берудегі мүмкіншілігін реттеп отыратын тиімді механизм қажет. Тарих пәннің бағдарламасы да, оның оқулығы да, бұл пәннен сабак беретін мұғапім-оқытушылардың біліктілігі, білім деңгейі, ұлттық көзқарасы мемлекеттің камқорлығында, бақылауында болуы қажет.
Дәстүрлі қазақ қоғамында жас ұрпаққа тәрбие беру процесінде оларға тарихи білім беру негізгі міндет болып есептелді. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген канатты сөз осы уақытта туса керек. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі — оның тарихишылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз, білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзің бүрынгы қазаңтардың санасындағы жаппай тарихшылдыңпен салыстыруға болмайды» деп жазды [Тарих толңынында. — Алматы: 1999. 4 б. ].
Тарихи білімі бар азаматтың мәдениетті, білімді, көп білетін адам болып өсетіндігі белгілі. Өз халқының тарихын білген жас өскін елін сүйген, халқының қамын ойлаған, жерінің жаңаруы, гүлденуі жолдында күрескер болып капыптасады.
XVIII ғасырда қазақ елі екі бірдей жаудан корғанды. Дәл осы дәуірде халықты отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу, оған тарихи мағлұмат беру күрестің негізгі формасына айналды. Өкінішке орай орыстың, жоңгардың, қытайдың ыкпалында қалған аймақтарда халық өзінің тарихи жадынан айырыла бастады. Жат жерлік ғалымдар қазақ тарихын бүрмалап, оған түзету енгізіп, халкымыздың өткені жөнінде өз нұсқаларын жасады. Сөйтіп халық арасында жалған тарихшылық пайда болды. Алдымен И.А.Левшин соңынан бір топ орыс тарихшылары еліміздің бүрмаланған тарихын жасады. Бұл кеселден осы күнге дейін кұтыла алмай келеміз. XIX ғасырдан бастап Қазақстан тарихы орыс империясының тарихымен тығыз байланыста зерттелді.
Тарихи білім мектептен бастау алатындығы белгілі. Рессей империясы құрамындағы қазақ балалары орыс мектептерінде оқыды. Сөйтіп олар орыстың тарихи дәстүрінде тәрбиеленді. Кеңес үкіметі орнаған алғашқы жылдарда тарихтың орнына қоғамтану пәні оқытылды. Қоғамтану пәнінде оқушылар тарихи схемалар мен фактілермен ғана танысып қойды. XX ғасырдың 30 жылдары Кеңес қоғамы тарихи білімнің жетіспейтіндігін сезе бастады.
Осы жылдары тарих пәнің төменгі сыныптан жоғарғы сыныпқа дейін кіргізу, тарих пәнінің мұғалімін дайындау оның оқулығын жазу жұмыстары қызу жүріп жатты. 1934 жылдан бастап Кеңес мектептерінің 3-4 сыныптарында СССР тарихының қарапайым курсы енгізіл- ді. Көп кешікпей 8-9 сыныптарға арналған КСРО тарихының оқулығы жазылды [9]. Міне сол оқулықтар бойынша Кеңес жастары қырык жылға жақын білім және тәрбие алды. Шындығында КССРО тарихының 85-90% орыс тарихын баяндауға арналды. Қалған 20%-дың 0,5 бөлігі ғана қазақ халқының тарихына арналды. Қорыта айтқанда, Кеңес заманында қазақ жастарының шынайы ұлттық тарихи санасы қалыптасты деп айту қиын. Дәстүрлі қазақ қоғамында жас ұрпақгың тарихи санасы отбасында капыптасты. Тарихи сананың қалыптасуына қазақ аңыз ертегілері, ғашыкгык жырлары, батырлық эпостары орасан зор әсер етті. XX ғасырдың 60-70 жылдарында жазылған қазақтың талантты жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы қазақ жастарының санасында ірі бетбұрыс туғызды. Тек осы жылдары қазақ халқы өзінің тарихы бар екендігін біле бастады.
1980 жылдардың аяғында қазақ қоғамында тарихтың қажеттілігі кенеттен байқалды. Мұны жоғарыда отырған партия совет басшылары да түсіне бастады. Сөйтіп алдымен барлық жоғарғы оқу орындарына қазақ тарихы курсы енгізіліп, кейіннен орта мектептерде қазақ тарихын оқытуға 221 сағат уақыт бөлінді.
Бүгінде Қазақстан тарихы пәні өзінің мәртебелі міндеттерін аброймен орындап отыр. Белгілі қазақ тарихшысы профессор Т.Омарбеков «Жалпы алғанда ел болып қалыптасуымыз үмін, үлт болып түтасуымыз үшін, үлттық сана сезіміздің ныгая түсуі үшін, үлттық туған тарихқа қүштарлық процессін жагымды, тіптен бізге аса қажет құбылыс ретінде багалаймыз» [Қазақстан тарихына және тарихнамасына үлттың көзқарас. Алматы: Қазақ университеті, 2004.76.] дей келе тарихтың ұлттық сананы қалыптастыруындағы орнына аса зор баға береді.
2013 жылдың 5 маусымында Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тажиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының тарихын зерделеу жөніндегі ведмоство аралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы (жалпы ұлттық кеңес) өтті. Осы тарихшылардың алкалы мәжілісінде елдің болашағы үшін тарихымызды жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделей түсу, ұлттық сананы нығайту, өзекті тақырыптарды зерттеу және жаңа заманға сай оқулықтар жазу сияқты нақты міндеттер жіктелді.
Тарихнаманың саяси-идеологиялық фунциясы жөніндегі мәселе даулы болып қалуда. Тарихты саяси күреске тарту оның объективтілі- гіне әсер етеді. Тарихи зерттеулерді саясаттандыру ғылымның идеология қызметшісіне айналу каупін тудырады. Алайда, тарихнаманың әлеуметтік табиғаты казіргі заманғы қоғамының өмірлік скрақгарына жауап беруге мәжбүрлейді. Ежелгі және ортағасырлық тарихтың проблемалары жиі саяси өзектілікке ие болып, әртүрлі таптар тартылатын пікірталастар туындап отырады.
Тарихқа іскерлік тұрғыдан қарау антикалық дәуірдің өзінде-ақ анықталды. Мәселен, Фукидид өткеннен болашакта қажет болар белгілі бір сабак алуға ұмтылатынын көрсетті. Ортағасырлық қоғамдағы тарих алдында шіркеу және мүліктік құқықты, рухани және бай князьдердің артықшылықтарын қорғаудың қасаң қағидасын негіздеу міндеті тұрды. Тарихнаманың мұндай бағыты авторлары өткеннің фактілерін ғылыми тұрғыдан гөрі, екі іргетас — сенім мен ақыл-парасат негізінде қаланған көптеген шіркеулік тарихтың, княздар мен тақуалардың тұрмысының пайда болуы теологиялық зерттеуге ұмтылған бағытын тудырды.
Гуманитарлық тарихнамада тарих секуляризациясы болды. Тарихи зерттеулер бір уақытта біршама саясаттандырылды. Италияның әртүрлі қалаларында өз қаласын немесе мемлекетін жария ету мақсатында тапсырыспен жазылған көптеген жергілікті тарихтар пайда болды. Олардың авторлары өз мемлекеттерінің территориялық және саяси талаптарын (притязания) негіздеуге, әулетті баскарушының билігін жеңілдетуге катысуға ұмтылды.
Мысалы, белгілі гуманист Лоренцо Балла неополитандық патша Альфонстің хатшысы бола тұрып, оның тапсырысымен патшаны танымал еткен “История Фердинанда, короля Арагогиии в 3 книгах” деген еңбегін жазды. Ал, “Трактат о подложности Константинова дара” еңбегінде ол папалықтың жоғары билікке талпынуының негізсіздігін дәлелдеді.
Ағартушылар тарих фактілерін рационалдық дүниетанымды қалыптастырудағы дәлелдемелер ретінде қолданды. Дидро және Д’Аламбердің ойынша тарих аға ұрпақтың тәжірибесіне негізделген, ол — саяси ғылым. Бұл мәліметтер — билеушілер билік ететін саясат пен заңдылықтар үшін баға жетпес мұра. Дидро және Д’Аламбердің энциклопедиясындағы мақалапар ортағасырлық рим папаларының және дінбасыларын қызметін әшкерелейтін сыни тұрғыдағы тарихи мәліметтерге толы шіркеу тарихына арналған.
Саяси өмірде белсенділікті қайта жаңғырту кезеңіндегі француз тарихшылары танытты. ХІХғ. 20-жылдарында О.Тьерри мақалаларында ашық түрдегі антидворяндық бағыттағы “тарих реформасының туы” көтерілді. Тарихнама ашық түрде кеңес қоғамындағы билік еткен саяси пар- тияның саяси және идологиялық қажеттіліктеріне қызмет етті. Сталинизм дәуірінде “ВКП(б) қысқаша курсы” “большевизимнің күшті идеологиялық қаруы, марксизм мен ленинизмнің нагыз энциклопедиясы” болып жарияланды және кеңестік тарих ғылымының даму бағытынан біршама асып түсті.
Әлемдегі әлеуметтік жүйелердің қарама қайшылығы, идеологиялық күрес тарих ғылымының дамуына да зор әсерін тигізді. “Қырги қабақ согыс” жылдары американдық тарихнамаы Ресейдегі сияқтты мемлекеттік саясаттың шырмауынан шыға алмады. Әсіресе оның президенттік бағыты саяси және ғылыми міндеттерді тікелей байланыстырды. Осылай 1949 жылы американдық тарихи ассоциацияның президенті К. Рид өзінің “тарихшының әлеуметтік жауапкершілігі” жолдауында “Тотальды, қырғи қабақ немесе қызу соғыстар барлығын жұмылдырып, әрқайсысынан өз ролін орындауын талап етеді. Тарихшы осы міндеттін физиктен де кем орындамау керек” деп мәлімдеді.
Соңғы жылдары тарихқа мұндай тұрғыдан талап қою оның объктивтілігіне қиянат екендігі белгілі болды. Көптеген ғалымдар «… тарихтың саясатпен байланысты болғанымен, ол қандай да бір саяси топтың қолшоқпары болуы мүмкін емес”. Саясаттың ыңғайына кетпей тарихшы, қандай жағдай болмасын, әділетті жақтауы қажет. Тарихшылар белгілі бір мемлекеттің, партияның немесе қандай да бір топтың мүддесін көздеп, объективті шындықтан бас тартпауы керек. 1995 жылы Монреаль қаласында ғалымдардың халықаралық конгресінде осы мәселе басты назарда болды.
Қорыта айтқанда, тарихи білім қоғам мүшесінің азаматтық көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Жаңа жағыдайда тарих ғылымы- ның алдындағы мақсаттар мен міндеттер шаш етекген. Осы жерде акад. М.Қ.Қозыбаевтың: «Тарихшылардың өз халқының алдындағы қарызы белшеден» [Ақиқаттар аңтаңдағы. А.1992. 3 бет.] деген сөзі еске түседі. Ал тарихшылар қоғам алдындағы қарызын да парызын да толығынан өтері анық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия.- Астана: «Фолиант». 2000 ж.
2. Әлібек Т., Күзембайүпы А. Тарих пәнінің тэрбиелік функциясы. //Облыстық Ыбырай Алтынсарин педагогикалық оқуларының материалдары. 1 бөлім. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, 2008 ж.
3. Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу /Құрастырған Р.Нұрғалиев, — Алматы: Жалын. 1991 ж. — 399 б.
4. Абиль Е.А. Историческая наука и синергетша. Қостанай 2008 г.
5. Ковальченко И.Д. Количественные методы в исторических исследованиях.
М., 1984 г.
6. Порфенов И.Д. Методология исторической науки Саратов: Изд. Саратов.
ГУ. 2001 г.
7. Дильтей В. Наброски к критике исторического разу.ма // Вопросы философии. – 1998 г.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *