Тарих сабағында оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану жолдары

 

Елбасымыздың Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан атты Жолдауының негізгі тірегі — әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру болып табылады. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу, тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың білім алуына ерекше көңіл бөлді.
ҚР Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау деп көрсетілген. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағымы күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып табылады. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденпаздығы мен шығармашылының жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.
            Тарих ғылым және пән ретінде білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу әрбір адамға қажет әрі пайдалы. Сонда ғана адам өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтайды, келешегін де болжай алады. Белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтпағандары кем де кем. Әбу – насыр әл-Фараби: Тарихты білмей — өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын — десе, Н.М.Карамзин: Тарих — әрбір ұлттың болжау қиын — десе, Н.М.Карамзин: Тарих — әрбір ұлттың ең басты кітабы — дейді. Тарих сабағының неғұрлым тиімді жаңа түрлерін пайдалану оқушы белсенділігін арттыруда зор маңызды. Оқытудың жаңа технологиялары:
В.Ф.Шаталовтың технологиясының басты мақсаттары:
Оқушының білім беру дағдысын қалыптастыру;
Оқушылардың барлығын оқыту;
Жеделдете оқыту;

Принциптері:
Үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану;
Жекелей әрекет жасау;
Ізгіліктік (барлық балалар дарынды);
Мәжбүрсіз оқыту;
Түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиеленіссіз оқыту;

Мазмұндық ерекшеліктері:
Оқу материалы ірілендіріп беріледі;
Блоктық түрде беріледі;
Оқу материалы тірек үлгі – конспекті түрінде беріледі;
Тәрбиелік мәні:
Еңбекке қатыстырылады;
Еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді;
Оқушының еркі дамытылады;
Өзіндік танымдылығы, жауапкершілік, адалдық, жолдастық, қасиеттері қалыптасады.
Әдістеме ерекшелігі:
Теориялық блогі – Бағыттылық негізі (БН) – ақпаратқа кіріспе (түсіндіру) – айту – үйде өзіндік жұмыс орындау, І-қайталау (тірек сигналы конспектісін жаппай
қабылдау), ІІ-қайталау (түсінгенін сұрау),
ІІІ – қайталау (өзара бақылау)
Тәжірибе блогі – тәжірибелік жұмыс (жаттығу) – есеп шығару (жаттығу) – қорытынды: оқушылар білім беру дағдыларын және ойлау қызметінің әдісін жүйелі қолдану.
Ж.А.Қараевтың Үш өлшемді әдістемелік жүйе білім беру технологиясы – нәтижеге бағытталған білім беру құралы.
Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі: біріншіден, оқушының психологиялық танымы, екіншіден, теориялық дайындығы есепке алынуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі. Соның нәтижесінде оқушыда намыс оты оянады, басқалардан қалып қалмауға тырысады. Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға көмектеседі, өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін көтереді. Әр оқушының оқушылық деңгейде білім алуына мүмкіндік береді. Үш өлшемді әдістемелік жүйе педагогикалық технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған.
Үш өлшемді әдістемелік жүйе білім беру технологиясының мақсаты:
Мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі білуі;
Тиімді шешімді табуға үйренуі;
Оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез –келген жағдайда шешуі;
Ішкі өзіндік қажеттілігін қанағаттандыратын;
Әлемдік білім кеңістігінде көріне алатын;
Шығармашыл іс — әрекет жасай алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Үш өлшемді әдістемелік жүйе білім беру технологиясының ерекшелігі: Оқушы
білімі анық бағаланады. Белсенділігі артады. Ой еңбегі жетіледі. Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді. Өзіне — өзі деген сенімділігі артады. Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрибелейді. Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмталады, қызығушылығы артады. Зер сала қарасақ, оқушының білімді қабылдау деңгейі сыни баға беруге дейін көтеріледі. Технологияның тиімділігі мен ерекшелігі де осында.
Үш өлшемді әдістемелік жүйе білім беру технологиясы бойынша Ғылыми мен білімнің дамуы тақырыбындағы сабақта деңгейлік тапсырма – сұрақтар беру арқылы сабақты қорытындыладым.
Бірінші деңгейлік тапсырма – сұрақтар:
Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келген қала: Отырар
Жүсіп Баласағұн дүниеге келген қала – Баласағұн
Махмуд Қашқаридың шын аты: Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед
Ахмет Иүгнекидің шын есімі: Әбід Ахмет Махмұдұлы
Қожа Ахмет Иасаудің дүниеге келген қаласы: Сайрам
Екінші деңгейлік тапсырма – сұрақтар:
Жүсіп Баласағұнидің атақты еңбегі: Құт негізі – білік
Ахмет Иүгнекидің бізге еңбегі: Құт негізі – билік
Қожа Ахмет Иайсаудің әкесі, атақты ғұлама ғалым: Ибраһим
Қожа Ахмет Йасауден қалған ұлы мұра – Даналық кітабы немесе Диуани – и хикмет
Мұсылман дінінің енуіне байланысты пайда болған ғимарат – Мешіт

Үшінші деңгейлік тапсырма – сұрақтар:
Шығыстың аса көрнекті ғылымы Әбу Насыр әл – Фараби шығармаларын қай тілде жазды? Араб тілінде
Өз еңбектерінде адам дүниені және оның мәнін өзінің сезім мүшелері мен ақыл – ойы арқылы таниды деп түсіндірген ғалым: әл – Фараби
Махмуд Қашқаридың еңбегі қалай аталады? Диуани лұғат ат – түрік
Жүсіп Баласағұни Құтадғу негізі – білік еңбегін Баласағұнда бастап қай қалада аяқтаған? Қашқарда аяқтаған
Қожа Ахмет Йасаудің жолын қуған шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын, ел ішінде Хакім ата аталған: Сүлеймен Бақырғани
            Н.А.Оразақынованың сатылай кешенді талдау білім беру технологиясы.
Н.А.Оразақынованың сатылай кешенді талдау білім беру технологиясының мақсаты: білімді, ұлттық заңдылықтарды бағалай білетін ұстамды, алғыр, жан – жақты дарынды, шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмысын жүргізе алатын тұлғаны қалыптастыру. Н.А.Оразақынованың сатылай кешенді талдау білім беру тенхологиясын Қазақстан тарихы пәнінен қоғам қайраткерлерінің өмірі туралы, дүние жүзі тарихы пәнінен әр мемлекет бойынша тақырыптарды өткенде берілген талдау бойынша жаңа сабаұты түсіндіру кезеңінде пайдалану өте тиімді. Сабақ құрылымын жиі өзгертіп отыру – оқушылардың ойлау қабілетіне, өз ойын қорыта айтуға, тарихи деректермен жұмыс істеуге қозғау салады. Пәнге деген қызығушылығын туғызады. Пән бойынша жақсы нәтижеге көрсеткішіне жеткізеді.
           … Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі ретінде өздігінен пайда бола қала алмайды. Бұл – ұзақ үрдіс, ғылыми зерттеулердің, күрделі де шығынды эксперименттердің және ақыр аяғында, ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі…. деп айтқан тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағамы келіп отыр.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *