Тапқырлар тартысы

Тақырыбы: Тапқырлар тартысы (Сыныптан тыс жұмыс).Ергазиева Гульзада

Тақырыбы: Тапқырлар тартысы (Сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты: Топта бірлесе жұмыс істеуге, Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Балаларды ұйымшыл болуға, шапшандыққа, тапқырлыққа үйрету

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, , топтың атаулары, тапсырмалар

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

3-сынып оқушыларымен өткізілетін «Тапқырлар тартысы» танымдық сайысқа қош келдіңіздер! «Асыл тастан, білім жастан» деп сайысқа қатысатын топты ортаға шақырамыз. Әр топтың өз атаулары болды.

Психологиялық тренинг

Көңіл – күйлерің осылай

Жүргенде (қимылмен көрсетеді) осылай

Жүгіргенде осылай

Ұйықтағанда осылай

Отырғанда осылай

Бүгінгі күнімізге сәттілік

 

3 «А» сыныбы – «Қыран»

3«Б» сыныбы – «Лашын»

3 «В» сыныбы – «Сұңқар»

 

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар.

Білімнен аспанға жол салынар. – дей келіп, бүгінгі сайысымыздың әділқазыларымен таныс болыңыздар.

Сайыс 5кезеңнен тұрады.

1-кезең: Топтық жұмыс

«Суреттер сөйлейді?» (Бұл кезеңде 3 топқа  бірдей жыл мезгілдеріне байланысты мәтін беріледі.Берілген мәтін бойынша суреттер салу және  постер қорғау.

Күз

Міне, күз келді. Анда – санда таңертең салқын болып қояды. Аспанда бұлттар қаптап, сірікіреп жаңбыр да жауып тұр. Маса, шыбын, құрт – құмырсқа жоқ болып кетті. Құстар жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбеді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп, шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алыпты.

Көктем

Көктемде жер көгереді. Қырда бәйшешектер өседі.Көктемде жаңбыр нөсерлеп жауып, кемпірқосақ көп болады. Күн ұзарғандықтан кішкентай балалар  армансыз ойнайды.Наурыз ол көктемнің  алғашқы мерекесі. Көктемнің алғашқы аптасының өзінде ағаштарда жапырақтар пайда болып, гүлдер бүршік ата бастайды. Көктемде күн жылып, құстар қайта ұшып келеді.Көктемде егістікке дайындық жұмыстары жүреді.

Қыс

Қыс – ең суық жыл мезгілі, аяз бен борандардың уақыты.Соған қарамастан , бұл мезгілді ұнататын адамдар өте көп, әсіресе балалар. Адамдар шыршаларды безендіріп , үйлерді мектептерді әшекейлейді.Айналаның барлығы аппақ қар басқан кезде ертегіде жүргендей болып кетесің.Бұл мезгілде балалар  шана және шаңғы теуіп ойнайды.

2- кезең: Топтық жұмыс

4

«Сиқырлы сандар» (Бұл кезеңде 1,2,3,4,5,6, сандары берілген

 

6
2
3
1
5
12

 

 

 

 

 

 

 

 

3- кезең:Жұптық жұмыс «Сөз ойла, тез ойла» («А», «Қ», «Б» ) Берілген әріптерден жұптасып сөздер ойлап жазады.

А т а  
б а й  
л ғ ы р  
ж а р л ы    
й т у ғ а н  
Қ о л  
а р а  
а с ы қ  
а с қ ы р    
ұ р а л а й  

 

Б а с  
о т а  
ұ з а у  
а й л ы қ    
е р е к е т  

 

4 кезең: Жеке жұмыс

«Пирамида» ойыны (Әр топқа алты есептен берілген сол есептерді шығарып пирамиданы құрастырады)

7
71
9
103
66
932

 

 

 

 

 

 

 

 

  • (125-100) : 5 +98 = 103
  • 36 : 6 + ( 590 – 530) = 66
  • (456 + 449) + 27 = 932
  • 3 * 5 + (456 – 400) = 71
  • 81 : (95 – 86) =9
  • 9: 3 + (68 – 64) = 7

5 кезең: «Жалғасын тап». Мен мақалды жартылай оқимын, ал сіздер жалғасын тауып айтасыңдар. Жалғасын білсеңдер, алдарыңдағы жалаушаны көтеріңдер.

  1. Досы көпті жау алмайды, …….. Ақылы көпті дау алмайды.
  2. Қына – тасқа бітеді, ……. Білім – басқа бітеді.
  3. Білімдіге дүние жарық…………. Білімсіздің күні кәріп.
  4. Жеті жұрттың тілін біл,………… Жеті түрлі білім біл.
  5. Жақсы байқап сөйлер,…… жаман шайқап сөйлер.
  6. Еңбек етсең ерінбей, ………… Тояды қарның тіленбей
  7. Мектеп — кеме, …………. Білім-теңіз.
  8. Әке көрген оқ жонар, ……… Ана көрген тон пішер
  9. Білекті бірді жығар, ………..Білімді мыңды жығар
  10. Оқусыз білім жоқ, ……… Білімсіз күнің жоқ.

Біреу озса сайыста,біреу артта қалады.

Ренжімей тарасса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден- жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау-деп ойынымыздың соңғы бөлімін аяқтадық, оқушылардың ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайтын кезге де жеттік. Әділ – қазылар анықтап болғанша, тамаша сергіту сәтіне кезек берейік

Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беру

Қорытынды

Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқуды оқып, ойымызға тоқып жүрелік. Білімді болыңыздар! Сайысымыз ая

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *