Танымдық белсенділікті дамыту

Елеубаева  Шырайлым  Маратовна

Мектеп түлектерінің  бәрі қазіргі заманғы әлемге  бейімделмеуі мүмкін .Мектеп бітіргеннен кейін  көптеген  балалар   өздерін   жоғалтады . Менің ойымша ,егер балалар пікір айтатын болса ,дәлелдейтін ,ойланатын ,дербес  шешім  қабылдайтын болса ,бұл оған көмектеседі және  оны бастауыш сыныптан бастау  керек екеніне зерттеу арқылы көзім жетті .  Сын тұрғысынан ойлау  негіздері  қажетті дағдыларды  дамыту мақсатында оларды ерте кезеңнен оқытудан бастау .Кішкентай кезден  бастап  жұмыс істеп дамыту керек .Балалардың  өз тәжірибесі   негізінде  дәлелдеуге  ынталандыру . Мен өз сыныбымда   сабақ  өткізгенімде  көптеген  оқушыларым  сабақтан ақпараттарды алып ,материалды жаттауы және есте сақтауы  мүмкін екенін көрдім . Бірінші   сыныпқа  балалар мектепке рахаттанып келеді .  Оларға  оқыған ұнайды .    Мұғалімдердің міндеті  олардың    оқуға деген  осы қызығушылығын жоғалтпау  және оларды  қолдау   және  оқуға үйрету  болып табылады . Сондықтан   сабақтарды  балаларды   іздеу  қызыметіне  тартатындай  етіп жасау керек .  Оқу  баланың  сабақта  табыстан  эмоционалды  көтерілуін , қуанышын сынайтындай  құштарлықпен  болуы тиіс .    Сабақтағы жұмыс  тіпті  нашар  оқушыны  қызықтыратындай  өте өнімді  жүретін болады .

Зерттеу  нәтижелері  және  оларды  талдау

Мен зерттеуді озім сабақ беретін  3- сыныбымда жүргіздім .  Барлық пәндердің білім сапасын тексеріп  шықтым . Орыс тілінен 50/ пайыз болғандықтан  зерттеу үшін осы пәнді алдым . Теориялық  әдебиетті  зерттеген кезде  мен  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  сөз сөйлеу ,ойлану ,жады ,интеллектіні   дамытуға  мүмкіндік  жасайтынына , бұған  жоғары  деңгейлі  сұрақтар  ықпал етеді  деген  тұжырымға келдім.   Сын  тұрғысынан  ойлаудың  өзі  ойлау  үдерісін бағалауды –пікір  айту барысын  қамтиды , ол біздің  шешімді  қабылдаған кезде  ескеретін  өзіміздің  қортындыларымызға   немесе  факторларға  алып келді .Әлі де көп ойлануға  бағытталған   сұрақтар болу керек   екенін білдім .Әрине ,  төменгі  деңгейдегі  балалардың , мұндай   жағдайда ,егер олар  сабақтың  материалын , тапсырмаларын  немесе  сұрақтарды  түсіне    алмаса , жалпы  оқу дағдыларын   тіпті жоғалту қаупі бар .Практика   барысында  мен  бекерге   қауыптенемін  деген тұжырымға  келдім.  Осы балалар  өздерін  басқа  қырынан  көрсетті ,олардың пәнге  деген қызығушылығы жоғарлады . Ортамерзімді  және   қысқамерзімді  жоспарлауымның   әсері жоғары болды .Блум  таксономиясы  негізінде  жасалды . Сұрақтарды  төмен және жоғары  тәртіпте әзірледік .  Мен сабақтарға    арналған   тапсырмаларды  оқушылардың бәрін   сабақта   оқу үдерісіне  тартатындай   етіп ,осылайша іріктедім .   Ол үшін  мен әр баланың  жоғарлауына  мүмкіндік жасайтындай  осындай сұрақтарды  таңдадым .   Мұның  бәрі  оқушылардың  оқуына көмектесу   үшін  жасадым .Мен сыныптағы жұмысты  оқытудың белсенді  түрін қолдана отырып ,балаларды топпен отырудан бастадым . Мен сыныптағы  барлық балаларға  қарым –қатынас  жасау  және жұмыс істеу мүмкіндігін беріп , топтың құрамын күнде өзгертіп отырдым . Оқушылар  топпен жұмыс істеу қағидасын жақсы меңгерді . Жұмыстың осы түрі оларға қатты ұнады. Сыныпта  жауап  беруге қымсынатын оқушылар  топта жауап беріп ашылып сөйлей бастады .Дамудың жоғары деңгейі бар балалар  топта басқа балаларды ,ең нашар оқушыларды  үйретіп ,алған білімдерімен   бөлісті .  Сабақтарда  оқушылардың  танымдық белсенділігін  дамыту үшін  қалыптастырушы бағалауда  үлкен роль  атқарды .Оқушылардың   жұмыстарын  бағалау үшін  алынған  білімдеріне  бағалау жүргізетін  бағалау критерийлер  жасалды  Кейінгі сабақтарда  бағалау  критерийлерін  балалар өздері жасады ,ол  логикалық  және шығармашылық  ойлауын  дамытуға  мүмкіндік  туғызды .Сабақтың  әр кезеңіннен  кеін оқушылардың өздері өз бағасын берді , сонан соң  жолдастары ,барлық түсініктемелерден   кейін   өзім  қортындысын жүргіздім .

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *