С.Торайғыров

Ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам…»  атты облыстық көркемсөз оқу  байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

І.БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

 

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау. Болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи таланттары мен дарындарын анықтау. Болашақ мамандардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін сезіне білуге үйрету. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың творчествасымен танысып, өз ой пікірлерін ғылыми тұрғыда  жеткізе білуге дағдыландыру.

 

 

ІІ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР НАЗАРЫНА

  1. Байқауға колледж студенттері және мектептің жоғарғы (9, 10, 11) сынып оқушыларынан үміткерлер қатыса алады.
  2. Қатысушы үміткерлер С.Торайғыровтың 1 өлеңін немесе прозалық шығармасын жатқа мәнерлеп оқу
  3. Байқауға келіп-кету шығындары қатысушы тарапынан
  4. Өтінім беру парағы қосымшада көрсетілген

 

ІІІ. БАЙҚАУДЫҢ ӨТІЛУ ТӘРТІБІ МЕН ТАЛАБЫ

  • Негізгі талаптарға сай өтінім берушілер 2023 жылдың 10-қазанына дейін. Тараз қаласы мен аудандардан іріктеліп өз өнерін көрсетемін деп талаптанғандар байқауға қатыса алады.
  • Байқауға қатысушы үміткерлер міндетті түрде жоғарғы дайындықпен келуі тиіс. Іс-шараның толық мерзімі мен өтетін жерлері өзгерген жағдайда қосымша хабарланатын болады.
  • Өтетін орны: №3 Байзақ колледжі
  • Күні: 18.10.2023 ж. сағат11:00 де

 

Бағалай критерийлері:

  • Мәнерлеп оқу шеберлігі;
  • Тіл тазалығы және дауыс мәнері;
  • Сөз әркетіне көңіл бөлу;
  • Сахна мәдениеті

Байқау бір кезеңнен тұрады

Бірінші кезең: С.Торайғыров шығармаларынан 1 өлең немесе  прозалық шығармасын (үзінді)  жатқа оқу

 

МарапаттауБайқауға қатысушылар әр номинация бойынша Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

 

 

 

Анықтама үшін: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Желтоқсан көшесі  59.  «№3 Байзақ колледжі» . Байланыс телефоны: 87766641346 Мейрбекова Салтанат, 87056194407  Хибатова  Лаззат.

 

 

Қосымша

С.Торайғыров шығармаларынан көркемсөз оқу байқауына қатысушының өтінім парағы

Байқауға қатысушының аты-жөні Қатсыушы оқу орны және курсы Туған жылы мен күні Мекен-жайы тел номері, эл.поштасы Жетекшісі және өтінім берген күні
         
         

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *