Сіз деген әдеп, Біз деген көмек!

Бекшураева Диана Бауржановна

Тақырыбы:          «Сіз деген әдеп,

                «Біз деген көмек!»

Мақсаты: адамдармен қарым — қатынас жасау дағдыларын, қарым қатынастың маңызы, қарым қатынас ережесі туралы елестетулерін, адамгершілік рухани қасиеттерін қалыптастыру.

  • «қарым — қатынас» түсінігінің мазмұнын ашу;
  • жанжалсыз қарым — қатынас жасау дағдыларын бекіту;
  • қоғамда және өз сыныптастарымен қарым — қатынас жасау мәдениетіне тәрбиелеу;
  • ауызша байланыстырып сөйлеу тілі кемістіктерін, қарым — қатынас жасау дағдыларын түзету;

Сабақтың түрі: қорыту сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап.

Сабақтың тәсілдері: Кезеңдерге бөлу: «Ой майданы», «Қабылдау тәсілі», «Ойды ой қозғайды», «Сезімге әсер ету», ақыл — ой жұмысы.

Функциялары:

Ағартушылық (оқушылардың мәдениет туралы білімдерін кеңейту).

Бағыттаушы (мәдени құндылықтарды игеру).

Қалыптастырушы (өз бойындағы жақсы қасиеттерін бағалау, қарым — қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру).

Құралдары: «Ризамын» смайликтері, диапроектор — экран.

Болжамалы нәтижелер:

  • оқушылар назарларын тәртіп мәдениетіне және тиімді тұлғааралық қарым — қатынас жасауға бағыттайды;

-оқушылар тұлғасының адамгершілік рухани және жақсы қасиеттер: мәдениеттілік, мейіріміділік, сыйластық, ынтымақтастық т.б. іскерліктері дамиды.

Тәрбие сағатының БАРЫСЫ:

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр, өз құрметімізді көрсетейік.

Үлкенге де сіз!

Кішіге де сіз!

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз!

(Орындарына отырғызу)

Тәрбиешінің кіріспе сөзі:

Әдептілік — адамгершіліктің деңгейін көрсетеді. Ол өмірдің маңызды құндылығы. Ол мәдениеттіліктің негізі болып табылады және адамдардың әртүрлі өмірлік жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін көрсетеді.

Балалар, бүгін біз жалпы әдептілік дегеніміз не? Сұрағына тоқталмақпыз.

-Әдептілік туралы қай жерде айтылады?

-Тәрбие сағатында, тәрбиешілер айтады.

-Үйде, отбасында аналарымыз, апаларымыз, аталарымыз айтады.

Олар не туралы айтады.

-Тиым сөздер, мадақтаулар т.б.

 

Осы тақырыптарға тоқталып кетсек.

 

2 — ші «Ой майданы»

 

Балалар енді экранға назар аударсақ, сендердің алдыларыңда «Ғажайып ұяшықтар» тұр. Осы ұяшықтарды ашамыз, бұл кезеңіміз «Ой майданы» деп, бекер айтылып тұрған жоқ, ойланып барып, ұяшықтардағы суреттерге жауап береміз. (ұяшықтарды ашамыз).

Балалар, осы сұрақтарға жауап беру арқылы біз өткен материалды білетінімізді көрсеттік.

 

3 – кезең. «Қабылдау тәсілі»

 

Оқушылар тақпақтарын айтады.

 

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамағыңды,

Жалама аяқ табағыңды

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын,

Салдыр салақ болмағын.

Салма аузыңа инені,

Үзбе жұлқып түймені.

 

Ашуланбай, долданып,

Жауап бергін ойланып.

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртимы.

Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме.

Мақсат қойма алдыңа,

Қыдырып, құр қаңғырма.

Сыйлап үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін!

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

 

Құс ұясын бұзбаймын,

Бүлдірмеймін жейдемді.

Қабырғаны сызбаймын,

Жинап қоям бөлмемді.

Бос шимайлап, шатпақтап,

Дәптерді де жыртпаймын.

Бір күн болмай сатпақтап,

Киімімді де құртпаймын.

 

Апамызды сыйлайық,

Үйдің ішін жинайық.

Бұрынғыдай егесіп,

Ерегісіп тұрмайық.

Қалмау үшін керісіп,

Кел алайық келісіп,

Атқарайық үйдегі,

Жұмысты тең бөлісіп.

 

Кел, самаурын қайнатып,

Дастарханды жайнатып.

Отырайық бөлмеде,

Бөпемізді ойнатып.

Гүлдерді де суарып,

Еденді де жуайық.

Келген кезде жұмыстан,

Қалсын апам қуанып.

 

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

 

Сағаттың жаңылма есебінен,

Өзің оян, өзің тұр төсегіңнен.

Дер кезінде тамақтан,

Кешікпей кел сабақтан.

Оқуда зейінді бол,

Еңбекке бейімді бол,

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын дәптерін.

Оқығаның есте болсын.

Күнделігің беске толсын.

Шәкірт кезде

Шоқандардай озық бол,

Оқу —  білім бейнетіне төзіп көр!

 

Кім кезіксе көшеде,

Таныс емес демеймін,

Аға, тәте, көкеге,

Сәлеметсіз бе? – деймін.

 

Әрбір іске жауапты,

Бала болам талапты.

Ана тілін алатын,

Бала болам салмақты.

 

Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің.

Үлкендерді көргенде,

Сыйлап сәлем беремін.

 

Балалар осы айтылған сөздерді есімізде сақтап, өзімізді әрқашанда әдепті ұстайық.

 

4 кезең. «Ойды ой қозғайды»

 

 Балалар ойды ой қозғайды деп бекер айтылып тұрған жоқ,  қазір біз экраннан қысқаша бейнекөрініс көреміз,  көріп қана отырмай ойланып жауап береміз. Бұл көрініс бойынша  кандай пікір айтасыңдар. Балалар, сендер мына баланың орнында болсаңдар не істер едіңдер? Әдепті бала қалай жасар еді.

 

5 – кезең. Бекіту.

 

Тәрбие сағатын 3 бағытта бекіту.

Балалар, біз жалпы әдептіліктің не екеніне тоқталдық, тәртіп мәдениетіне қатысты өлеңдер айтылды, бейне көрініс арқылы адамдардың жақсы қасиеттерін талдадық, әдепті және әдепсіз баланың аражігін ажыратып алдық, енді тәрбие сағатымызды бекітсек.

 

 

        Білемін

 

 

 

 

 

Бекіту

 

 

 

 

Үйрендім

 

 

 

   Үйренгім келеді

 

Білемін – балалар сендер осы уақытқа дейін, яғни тәртіп мәдениеті пәні болмағанда, әдептілік туралы туралы сендер ата — аналарыңнан, тәрбиешілеріңнен, мұғалімдеріңнен нені білдіңдер?

Үйрендім – мен сендерді неге үйрете алдым? «Қыз қылықты, Ұл иманды болсын» — деген мақалды негізге ала отырып, жаңа қағидаларды үйретуге, білгендеріңді тереңдетуге тырыстым.

Үйренгім келеді — балалар сендердің үйреніп, игеретіндерің әлі де көп. «Білгенімнен білмегенім көп» деп, аталарымыз бекер айтпаған. Әр адам өмір бойы әдептілік туралы үйреніп өтеді.

 

 

 

 

6 – кезең. Қорыту. Сезімге әсер ету тәсілі.

 

 

Ризамын! Смайликтерін ең көп жинаған ……….. осы оқушы сияқты «Ең әдепті оқушы» болуларыңа тілектеспін! Құрмет көрсетіп қол соғайық.

Тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *