Сценарий тақырыбы: «Мерекеңізбен, аяулы анашым!»

Маңғыстау обласы Мұнайлы ауданы 

«Рабиға» балабақшасы
Ересек топ тәрбиешісі: Қалжанова Ақсауле Ержанқызы

 

Тақырыбы: «Мерекеңізбен,аяулы анашым!»

Мақсаты:  8 Наурыз –Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар арқылы бүлдіршіндерді шығармашылыққа баулу,сұлулықты сезіне білуге,мейрімділікке, үлкенді құрметтеуге , ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Безендірілген залға балалар әсемен әуенмен билеп кіреді.

Тәрбиеші: Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті әже, аналар!

Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін Алғыс айту күнінде сіздерге мың  алғыс айтқым келеді.8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мерекесімен де шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілеймін! Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Мерекеңізбен,Аяулы анашым!» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағын,-дей отырып балалардың тақпақтарын қабыл алыныздар!

Маруа: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам

Сабина: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

Диясхан: Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

Адай: Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттык кетпес баладан

Тәрбиеші:Ой жарайсыңдар,олай болса келесі кезекті аналарымызға арнаған әнімізге береміз,қабыл алыңыздар.

Хор: «Анашым,анажаным»

Тәрбиеші:Ақ қар еріп,

Су көбейіп! Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады?

Балалар: көктем мезгілінде

Тәрбиеші:ия дұрыс айтасыңдар,олай болса ортаға көктем ханшайымын шақырайық.

Көктем:Мен көгілдір көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін,

Орманда бұлбұл сайраған

Көптен күткен көктеммін

Сәлеметсіңдерме балалар?Сәлеметсіздерме қонақтар?!Айнала қандай керемет,балалар сендерде сондай әдемісіңдер.Сендерді келіп жеткен мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Тәрбиеші:Көктем ханшайымы қош келдің ,төрлет! Біз сені көп күттік,аналар мерекесіне

арналған балалардың өнерін тамашала !Келесі кезекті тақпаққа береміз.

Ақтілек:

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.

Айша:

Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелер.

Айкөркем:

Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын

Айша:

Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым

Аймира:

Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда

Асма:

Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем

Тәрбиеші: Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір ұлдар аналарымен биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би: Аналарымен ұлдардардың биі

Ойын: «Анаңды тамақтандыр»

Тәрбиеші:жарайсыңдар,келесі кезекті тобымыздың мың бұралған биші қыздарымызға берейік.

Би: «Қамажай»

Тәрбиеші:Біздің балалар  өнерпазға бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Күлімдеген әжелерге,
Жақсылып бір, ән шырқасақ қайтеді.

Ән: «Сағындым әже сағындым»

Тәрбиеші:ой жарайсыңдар балалар,кезекті тақпаққа берейік

 

Айсұлтан:

Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Қонысбек:

Анам болса қасымда,
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.

Самат:

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!

Тәрбиеші:керемет балалар,олай болса балалардың дайындаған ертегі қойылымына кезек берейік.

Ертегі: «Кішкентай ақылды балапан»

Тәрбиеші:жарайсыңдар балапандар,аналарымыз аман болып,әрқашан қасымызда болсын деп тілейміз.Олай болса келесі кезекті биге берейік.

Би: «Балапандар»

Тәрбиеші:өнерлі балалар жарайсыңдар.Кезекті тақпаққа берейік

Димаш:

Анам болса қасымда,
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.

Нұрмұхан:

Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз

Бағдаулет:

Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім,
Қартаймайшы анашым

Нұрдаулет:

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.

Тәрбиеші:керемет балалар,кезекті тобымыздың батыр ұлдарының биін тамашалайық.

Би: Ұлдар биі

Тәрбиеші:өнерлерің өрге жүзсін балақайлар,кезекті тақпаққа берейік.

Олжас:

Өмірдегі тірегім

Асыл анам,ақ анам

Дүниеде өзіңнен

Жақын адам жоқ маған

Бекнұр:

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде

 

Диас:

Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам

Тәрбиеші:жарайсыңдар балалар,кезекті тобымыздың әнші балапандарына берейік

Ән: «Аяулы анашым» орындайтын:Адай,Арнат,Маруа,Ақтілек

Тәрбиеші: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *