«Серке» газетінің сіз білмейтін тарихи маңызы

«Әл-Фараби» атындағы қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің 1 курс студенті Дильназ Мухаммедова

«Серке»газетінің сіз білмейтін тарихи маңызы

Халықтың мұң-мұқтажын жоқтап,ислам дүниесіндегі діни дәрежені арттырып, өз ұлтына оқу-білімнің маңыздылығын насихаттап,қашанда ел мүддесін жоғары санап,жанашырлық танытып, қазақ баспасөзі тарихында елеулі орын алған кезекті газетіміз «Серке» гәзеті жайында сөз қозғайық.Бүгінде оның шығу тарихына қатысты әртүрлі тың ақпараттар айтылған.
Ғылыми әдебиеттерде: «Санкт-Петербургта татардың «Улфат» (қазақша мағынасы – бірлесу, келісім) атты газетіне қосымша шыққан газет”,-деп берілген.
«1907 жылғы №84 санының қосымшасы ретінде бір ғана саны шыққан»,-дейді татар ұлтының ғалымы И.Рәми.
Ал қазақ жазушысы, публицист Мұхамеджан Сералин «Айкаптың» алғашқы санында «Серкені» «1907 жылы екінші Мемлекеттік Думаның мүшесі Шаймерден Қосшығұлдың ыждиһатымен шықты» деп көрсетеді.
Филология ғылымдарының докторы Б.Кенжебаев өз кезегінде 1958 жылы жарияланған зерттеуінде «Нажат» атты жинақтағы «Серке» 1906 жылы 28 наурызда шықты» деген фактіні тұжырымдайды.Айтылған пікірлердің анық қанығы әзірге белгісіз,дей тұрғанмен ғалымдар кеңінен зерттеу үстінде.

Газет атауына мән берсек,«Серке»-қазақ қоғамындағы жайылымдағы малдың басын бастаушы түлік,Сексек бабаның көшбасшы тұқымы.Газет мақсаты да бұл есіммен тұспалы мағыналас, яғни «Көсем» ,«Лидер» дегенді білдіреді.
«Серке» газеті – тарихта «Қазақ» газетімен қатар шыққан, екінші тәуелсіз газет ретінде саналады.Алайда тағдыры қаншалықты терең болғандықтан,ғұмыры соншалықты қысқара түсті.Екі жыл ішінде ел арасында орын алып жатқан отарлық езгіге қарсы шыққан газет басылымы Ресей үкіметінің цензурасына ілікті.Оның басты себебі М.Дулатұлының «Біздің мақсат »мақаласының жариялануы еді.Мақалада Ресей империясының жүз жылдан астам уақыт елімізді қанап, жымысқы саясатын жылдар бойы тоқтаусыз іске асырып отырғандығы сөз етіледі.Асыл дінімізді мазақ етіп, кітаптарымызға тиым салынғаны туралы ашына жазылған.Сондай-ақ мақалада автор Ресей билігінің ашкөз, қомағай екендігін,қазақ еліндегі бар байлықты жиып, қанауының салдарынан халықтың аштықтан қырылғаның астарлап көрсетіп,Ресей әкімшілігі енгізген дала сотының әділетсіз тұстарын сынайды. Дала сотының шешімімен жазықсыздан қаншама тепсе темір үзетін ерлердің ату жазасына кесіліп, дарға асылғанын, мыңдаған ер-азаматтардың абақтыда отырғанын күйінішпен жазған.Байқап қарасақ,Ресей мемлекетінің қазақты әрдайым бақылауда ұстап, үнемі сақтанып,қазақ елінен біршама қорқып,сескенгенің аңғаруға болады.Тіпті Ресей патшайымы ІІ Екатеринаның өзі «Қазақ елін түп-тамырымен жою керек. Жойғанда да сондай өздерінің кімнен тарағанын білмейтіндей етіп. Қазақтар өздерінің кім екенін білсе, әлемді жаулап алады» деп ұлтымыздың ұлылығын мойындаған.Өйткені қашанда Ресейге қарсы қарулы күреске бастайтын мықты азаматтарымыз болды.Сондықтан«Біздің мақсатымыз»мақаласының осындай таптық күреске апарытынын сезіп, «Серке» газетін жабу үшін неше түрлі жымысқы әрекеттер ойлап тауып,ақыры соңында жалған жала жауып жаптыртқан деседі.
Міне,Ресей империясының озбырлығына ойылып,қаншама жылдар аралығында үзбей жасалған арсыз әрекеттеріне төзіп келген ұлтымыз, қара талды қақ жаратын әділдігі мен шыншылдығының арқасында бүгінде өз алдына дербес, тәуелсіз, ұлан байтақ бейбіт мемлекетке айналды.Өйткені қазақтан қашанда ұлт мүддесі үшін жанын пида еткен біртуар алпауыт азаматтар шыққан.Сондай-ақ саяси тұстан жіберілген қателіктерді,ащы ақпараттарды баспасөз беттеріне айқын жариялап, тарата алатын көрнекті жазушылар, халық пен билік арасындағы алтын көпір иесі атанған «журналистерімізде» аянып қалмай,басын бәйгеге тігіп халық қамы үшін төтеп бере алды.
Ендігі кезекте болашақ ұрпақ алдындағы басты міндет, «Алаш» үшін туып,«Алаш» үшін өмір сүру,ұлтқа адал қызмет етіп,қазақтың ендігәрі өзгенің боданына айналуына жол бермей, көк тудың байрағын биік ұстау!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *