Тарихы терең «Серке газеті»

Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз “Серке” газеті болды. Аталмыш газеттің шығу тарихы туралы “Айқап” журналының шығарушысы, редакторы Мұхамеджан Сералиннің 1911 жылы журнал оқырмандарына арнап жазған мақалсында: “1907 жылы II мемлекеттік думаның мүшесі Шаһмардан Қосшығұловтың іжтиһаты менен Петербурда “Серке” есімді журналы шыға бастап еді, ұзаққа бармай, үкімет тарапынан тоқтатылды” («Айқап», 1911, №1) делінген.

Бас редактор-Шаһмардан Қосшығұловтың айтуы бойынша, газеттің аты неліктен Серке деп аталған себебі, ол боранда қой бастайтын көсем мағынасында қолданылатын ұғым. Ол «Улфат» газетінің 67-санына қосымша болып шықты. Газет шығып бірнеше күн өткеннен кейін полиция келіп, баспадағы бүкіл даналарын жинап, құлыптап кетеді. Ақпараттарға сүйенсек «Серке» газетіне жазылған кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды деп жазылған. Басылымның екі нөмірі ғана жарыққа шығып тоқтап қалған.

Бүгінгі таңдағы ақпараттардан аларымыз, газеттің жабылуына басты себеп белгілі ақын-журналист Міржақып Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» атты мақаласымен «Жастарға» деген өлеңінің жариялануы болды деген дерек бар.

Барлық қиындықтарды еңсере отырып, «Серке» газетінің негізін қалаушылар прагматикалық білімді және көреген бола білді. Сондай-ақ мақсаттар мен міндеттерді күш қолданбайтын қарсылық пен күрес жолымен қолданыстағы құрылым шеңберінде жүзеге асыруға тырысты. Дегенмен, отаршылдық империялық режимде өмір сүре отырып, аталған газет өз қызметін тоқтатты. Көп кешікпей оның негізін қалаушылар да, авторлары да-озық зиялылар қазақ мәдениетінің, білімінің адал жолында құрбан болды.

«Серкенің» жариялауы былай жазылған:

«Серке»

Алаш ұранды қазақтың күзетшісі. «Серке» есімінде нағыз қазақ тілінде бір журнал шығармақ пікірдеміз. Бірінші нөмірі март ішінде шықса керек.

Алушыларға хақы: «бір жылға екі теңге, жарты жылға бір теңге 25 тиын. Бірмелеп нұсқасы он тиын».

Бұл құлақтандыру «Улфат» газетінің 1907 жылғы наурыз айының басында шыққан бірнеше санында басылған. Ал кейін, «Серке» шыққан соң, «Улфат» мынандай хабарлау басқан: «… «Серке» есімінде нағыз қазақ тілінде журнал

шығармақшы уағда қылғандығымыз мәлімдеу. Журналдың көрсеткіш нөмірі шықты.

Алушы дәфтері анықдыр…

Жазылушы «Улфат» идәрәсінде қабул алынады.»

(«Улфат», 67-сан, 28-наурыз, 1907 жыл Петербор) деген.

Редактор думаның депутаты [Шаймерден] Қосшығұлов.

Ербол МЕДЕТБЕКҰЛЫ
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті 1 курс

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *