«Серкенің» терең тарихы

Серкенің терең тарихы

 

Біз қазір гүлденген Жаңа Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.Заманымызда ақиқаттың таралуына цензура да, кедергі де жоқ,болған да емес,ал осы күнге дейінгі ақпарат жаршысының жағдайы қандай болды,қандай кедергілерді бастан кешті?Бірі білсе,бірі білмес, өткен ғасырда жарық көрген басылымдар ауыр әрі аса қатты қиындықпен шыққан болатын.

Алты Алашқа белгілі Серке газетінің шығу мақсаты 1905 жылғы патша үкіметінде орын алған рефолюциялар қарапайым қазақ халқының ой өрісіне әсер етпей қоймады.Дәл осы тұста қазаққа көзі ашық,көкірегі ояу,ақ-қараны ажырата алатын зиялы тұлғалардың,медресселер мен сауат ашатын мектептердің аса қажет болғаны өтірік емес.Қисынын келтіре алмай не істерін білмеген тұлғалардың бірі Шаһмардан Қосшығұлов өз елінің болашағын ойламай қала алмады.

“Серке” газеті өткен ғасырдың бірінші ширегінде,яғни 1905-1907 жылдар аралығында патша үкіметінде орын алған бірінші революция ықпалымен шыққан баспасөз.Ш.Қосшығұлов қос нөмірі шыққаннан соң тоқтап қалған басылымның атауының мағынасын ашып,ширатып берген болатын.Бұл кісі “Серке” дегеніміз боранда қой-ешкілерді бастайтын басшы,көсем деп түсіндіреді.

Басылымның жанбай жатып өшуіне басты себеп: «Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, сол үшін жабуға тура келеді деп түсіндіреді.Бейқам,басылымның жаңа санын шығарғалы отырған газет тілшілерін полицейлер ұстап,басқармадағы барлық санын жинап алып кеткен көрінеді.Ал қазіргі зерттеулерге сүйенер болсақ, басылымның бір санына Міржақып Дулатовтың “Жастарға” атты өлеңін жариялағаны басылымның жабылуының басты себебі болды деген түсінік қалыптасқан.

Серке ең алғаш шыққанында жеке дербес басылым болып емес, татардың “Улфат” газетіне қосымша ретінде шыққан.Деректерге сүйенсек, 1907 жылғы 84 санына жалғанған, яғни сол санның қосымшасы болса керек.

Ақпаратқа деген мұқтаждылық адаммен бірге туып,әлі күнге дейін,кеше де,бүгін де,ертең де өмір сүреді.Қоғамдық,әлеуметтік дамудың әрбір сатысында ақпаратты тарату да,таралған ақпаратты қабылдау да әртүрлі деңгейде болған.Ақпарат жаршылары өз мақсаттарын орындау жолында алаңға немесе мінберге шығып та,параққа шимайлап та,тасқа қашап та,ауыздан ауызға таратып та көрді.Ал Серке басылымы осы айтылғандардың үшінші деңгейін таңдаса да біраз шындықты жаршылап,көптеген ақиқаттың көбігін сапырған еді.Атаулы басылым тарихтағы мәнді де сәнді газеттердің бірі емес,бірегейі болып қала бермек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008.

 

Авторы: ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің студенті

Қаниева Ақбаян Бекарысқызы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *