САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Іс-шараны ұйымдастырушылар:

№148 МГ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

Ы.Б.Мырзабаева;  А.Б.Айтбаева

 

       Мақсаты: Мектеп оқушыларының білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мерекелік атмосфера құру. Өскелең ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне мақтаныш идеяларын кеңінен танымал ету және дамыту; адамгершілік құндылықтары берік негізі бар нәтижеге бағдарланған жан-жақты тұлға қалыптасуына бағыт-бағдар беру, туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту. Мемлекеттік мереке –Конституция күнінің маңызын ұғындыру.

1.Өтетін орны: Мектеп-гимназия ауласындағы алаң

2.Өтетін уақыты: 01.09.2019 ж. сағат 9.00-де

3.Безендірілуі: ҚР Мемлекеттік рәміздері, дауыс күшейткіш қондырғы, микрафон, музыкалық аспаптар, түрлі-түсті шарлар, жалаушалар,   қанатты сөздер жазылған банер, гүлдер.

  1. Жүргізуші: 1қыз, 1 ұл.
  2. Музыкалық безендірілуі: Мемлекеттік гимн, Отан, мектеп, ұстаз туралы әндер.

Салтанатты жиын «Шолпан жұлдыздарының» қазақ биі (Үлкен топ)

Жүргізу тәртібі: ФАНФАР ойналады.

БИ біте салысымен ортаға екі жүргізуші шығады

Самғат: Армысыздар ағайын, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар!

Аружан:  Қайырлы күн мектеп оқушылары мен балауса балғындар!

Самғат:  Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауымы алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.

Аружан: Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Білім күні» мерекеміз баршаңызға құтты болсын!

Әскери жетекші: Мектеп! Сап түзе! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!

Б.Тілеуханов «Елім менің» (Ту ұстаушы топ ҚР-сының Мемлекеттік туын оқушылар қатары алдынан өткізгеннен кейін, мектеп сап түзеуінің төріне орналасады)

Самғат:

Көгінде қалықтайды тау қыраны

Сол қыраннан болашағың танылады.

Тік тұрып қарсы алайық қалың қауым,

Қазақстан гимні шырқалады

 

ГИМН

1-жүргізуші: «САНАЛЫ ҰРПАҚ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» тақырып аясында өткізіліп отырған алғашқы қоңырау салтанатты жиынымызды  ашық деп жариялауға  рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Самғат:

Егеменді елімнің болашағы,
Кімге де ой тастамас бала қамы.
Білімді ұрпақ елімнің шам-шырағы,
Өшпесін мәңгі бақи бала шамы.

Аружан:
Еркін өссін жастарым елімізде,
Тәуелді болмай өссін жерімізде.
Жастар аман бақытты болып тұрса,
Желбірейді көк байрақ төрімізде.

Самғат: 2019 жыл – жастар жылы екен бәрімізге мәлім. Осы жастар жылындағы бүгінгі білім күні «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында өтіп отыр.

Аружан: Білім беру саласы – кез келген мемлекет пен қоғам­ның маңызды әрі стра­тегиялық ресурсы. Қазір елімізде жастардың бо­ла­шағы, сапалы білім алуы, бә­се­кеге қабілетті бо­луы және елімізге елеулі еңбек етер азамат болып қалып­та­суына жан-жақты жағдайлар жасалуда.

Самғат: Сапалы адами ка­питалды тәрбиелеуде мектептің рөлі зор екені анық. Жаһандану за­манында, инновация мен технологияның даму ке­зе­ңінде бізге жаңа фор­мациядағы саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін біздің де ұстаздарымыз аянып қалып жатқан жоқ.

Аружан: Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық еліміздің саналы ұрпағы екені хақ. Ал саналы ұрпақ ол жарқын болашық.

Самғат: Елін, жерін қастерлейтін жемқорлыққа жаны қарсы ел болашағы біздерміз. Мектебіміздің түгел дерлік оқушысы «Адал Ұрпақ» клубының мүшесі. Болашақта еліне адал қызмет ету піздің парыз!

Аружан: Сахна төріне еліміздің қүміс көмей, жез таңдай әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сұлушаш Нұрмағамбетова апайымызды шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

 

 

Самғат: Биылғы оқу жылында бүкіл ел көлемінде Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 175 жылдығы.

 

Аружан:

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімі құрсаулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан.

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған.

 

Самғат:

Егемен елім десем, сенім кіріп,

Бойымды билеп кетер сенімділік.

Ешкімге ауыстырмас алтын, Отан.

Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.

 

Хабарлаусыз Дана апайдың оқушылары «Қазақстан» әнін орындайды.

Самғат:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан,  данадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық нар тұлғаны — дей отырып

 

Аружан: Бүгінгі білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы, _________________________________________________________________________________________________________ сөз береміз.

 

 

 

 

Самғат:

Көрсетіп барар жолды ізгі үмітке,
Баулыған жақсылыққа, ізгілікке,
Ұстазды құрметтейік кел ағайын,
Ақылы серік болған бұл тірлікте, — дей келе

 

Аружан: Құттықтау сөз кезегі мектеп-гимназиямыздың директоры Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Алиакбарова Фатима Маметқалиқызына беріледі.

Самғат: Рахмет апай!

Апайдың сөзінен кейін бірден хабарлаусыз Қарлығаш апайдың оқушылары «Ұстазым» әнін орындайды

Самғат:

Саусақтарын санаған,

Бақытқа бәрін балаған.

Сөз кезегі өзіңде,

Жас бүлдіршін, балапан,- деп кезекті 1- сынып оқушыларына берелік.

 

Аружан: Сахна төріне мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерімізді шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

 

Сахнаға Гүлнар апаймен  1-сыныптың 6 оқушысы шығып, өлеңдерін оқиды

1-сыныптың тақпақтарынан кейін хабарлаусыз Қарлығаш апайдың оқушылары «Алғашқы қоңырау» әнін орындап, «Шолпан жүлдыздары» би тобы қолдарында сауат ашу кітабымен билейді

 

Самғат:

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын.

Бөбек пен түлек  жұп болып,

Алғашқы қоңырау соғылсын!

Аружан: Алғашқы қоңырауды соғу үшін 11-сыныптың үздік оқушылары мен мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерді қарсы алыңыздар!

 

Самғат:

Қағылды алғашқы қоңырау, күмбірледі,

Аралап айлық жерді, күндік жерді.

Ілесіп жез қоңырау үнімен.

Қазақтың даласына жаңа леп,

Білімді ұрпақтар тобы келді.

 

Аружан: Биылғы оқу жылында мектеп-гимназиямызда  жеті бірінші сынып ашылып отыр. Мектеп анамыздың табалдырығын аттағалы тұрған жас бүлдіршендерімізді білім партасына шақырамыз.

 

Самғат:  1 «А» сынып жетекшісі Нарбаева Қарлығаш Жеңісбекқызын оқушыларымен бірге білім нәрін сусындауға шақырамыз!

Самғат: Алты жасқа келгенім,

Еркеліктен кеткенмін.

Кітабымды қолтықтап,

Мектебіме жеткенім.

 

Аружан: 1 «Ә» сынып жетекшісі Игембердиева Гүлнар Берікқызы шәкірттерімен бірге мектеп табалдырығын аттағалы отыр, қадамдарыңыз құтты болсын!

Аружан:

Келді, міне, қоңыр күз,

Келді қағып қоңырау.

Мектеп-ана жылы жүз,

Ашты құшақ омырау.

 

Самғат: 1 «Б» сынып мұғалімі Жошыбаева Мархабат Жұмабекқызын өз оқушыларымен бірге білім теңізіне шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

 

 

Самғат:

Зор мақсатқа жетпекке,

Елге қызмет етпекке.

Көп боламыз енді біз,

Үйден гөрі мектепте!

 

Аружан:    1 «В» сынып мұғалімі Нұрғожина Ләйлә Қасқанқызы оқушыларын білім нәрін сусындатуға бастап келеді. Қарсы алыңыздар!

Аружан:

 Көңілге шырақ жандырған,

Болашақ бір-бір үмітсің.

Қош келіпсің балдырған,

Қадамдарыңа гүл бітсін.

 

Самғат: 1 «Г» сынып жетекшісі Сарсекова Ақмарал Құмарияқызы оқушыларын білім нәрін сусындатуға бастап келеді. Қарсы алыңыздар!

Самғат:

Құтты болсын қарағым,

Білімге қадам басқаның.

Сөмке артып арқаңа

Мектеп есігін ашқаның.

 

Аружан:   1 «Ғ» сынып оқушыларын жетекшісі Қасымбекова Айбаршын Исанқызы білімге құштар бөбектерімен мектеп партасына шақырамыз!

Аружан:

Қоңырау сыңғырла, асыға

Үн қосқан қиядан асуға.

Білім ал, еңбек ет жас ұлан,

Өрле сен биік шың басына.

 

Самғат:  1 «Д» сынып мұғалімі Сасенова Перизат __________________ өз шәкірттерін білім нәрін сусындауға бастап  келеді. Қарсы алыңыздар!

 

Аружан:

Келді, міне, қоңыр күз,

Келді қағып қоңырау.

Мектеп-ана жылы жүз,

Ашты құшақ омырау.

 

Аружан:  1 «Ж» сынып жетекшісі Садықова Мейрамгүл Ералханқызы оқушыларымен бірге білім нәрін сусындауға шақырамыз!

Самғат: Алты жасқа келгенім,

Еркеліктен кеткенмін.

Кітабымды қолтықтап,

Мектебіме жеткенім.

 

Аружан:

Қасиетті бабалардың киесі,

Ұландарым байтақ жердің иесі.

Әр шәкіртін аялаған аққудай

Сарқылмасын ұстаздардың үлесі

 

Хабарлаусыз Шолпан апайдың оқушыларының бишілерінің қазақ биі

 

Әскери жетекші: Мектеп! Сап түзе! Тік тұр! «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын!»

(Ту ұстаушы оқушылар Туды саптың алдынан жүріп өтіп, алып шығып кетеді)

Самғат:    Қазақстан – Отаным гүлдей жайнаған,

Төсінде оның тасқындап еңбек қайнаған.

Төскейі малға, астыққа толып қамбасы,

Еліміз дамып, жылжыды өрге арбасы.

 

Аружан:    Тәуелсіз елдің ұрпағы біз бүгінде,

Ырыс құт дарып, бақыт кеп қонсын еліме.

Молшылық тойдың куәсі болып әрдайым.

Ынтымақ болсын Қазақтың шалқар жерінде

 

Самғат:  Жаңа оқу жылы  табыстар мен жетістіктерге толы, елімізге бақ-береке, шаттық сыйлаған жыл болсын деген тілекпен салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.  Назарларыңызға рахмет!

Бірге: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *