«Салауатты өмір салты» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының аясында “6В02304-Аударма ісі” мамандығының 1-курс студенттерімен «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тақырыбында ашық сабақ өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: жастарға салауатты өмір сүру салтын насихаттау. Ашық тәрбие сағаты интерактив  түрінде өтіп, оған 12 студент қатысты. Сабақ барысында студенттер өз ойларын ашық жеткізіп, белсенді қатысты. 2 топқа бөлініп денсаулыққа әсер ететін жақсы және жаман әдеттер туралы кластер жасап, қорғады, жаңа технологиялардың көмегімен түрлі интерактивті тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, студенттерге 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай уақыт белдеуінің белгіленуінің адам денсаулығына әсері туралы пайдалы ақпараттар берілді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *