Әл-Фарабидың түс көру себептері туралы түсініктемесі

XXI-ғасырда жаңалық болып жатқан ақпараттар бізге таң қаларлық болып көрінуі мүмкін. Бірақ IX-ғасырда әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби бабамыздың еңбектерін зерттейтін болсақ, данагөй, қазіргінің де, өткеннің де алғыр азаматы болғанына көзіміз жетеді.
2019 жылы халықаралық Абай клубы шығарған «Әбу Насыр әл-Фараби» атты 1-томының 24-бөлімінде түс көру себептері туралы тақырып қозғалған.
Бөлімнің алғашқы беттерінде ұйқыға , түс көруге себеп болатын қиялдағыш күштің әсері жайлы ашық жазылған.
«Қиялдағыш күш — сезімтал күш пен ойлаушы күштің арасындағы дәнекер»

«Шынында да, барлық рухани күштердің ішінде тек[қиял ғана] өзінде сақталатын сезімдік заттарды модельдендіре алады.»
«Қиялдау күші әлденендей бір азттың әсеріне ұшыраған кезде және егер оның жаратылысында осы әсерді қабылдайтын нәрсе мен сол әсерді хабарлайтын нәрсе бар болып отырған кезде бұл күш екі түрлі жолмен аңғара алады: не оны сол қалпында, не хабарланған қалпында аңғарады; не болмаса затты модельдендіруге қабілеті бар түйсіктер арқылы бұл заттың модельденген қалпында аңғарады.» — делінген.

Әл-фарабидың айтпағы біздегі қиялдағыш күштің әсерінен пайда болатын мидағы процесстер белгілі бір құбылыстарды қалыптастыра алады. Қиялдағыш күштің әсері соншалық адам шынайы өмір мен өткен өмірдің арасын ажырата алмауы да ықтимал.

«Тек бұл [құбылыстардың] бәрі ойланып-толғанудың көмегінсіз-ақ қиялдағыш күште қалыптасады. Міне, сондықтан да бұлар әуелі ойланып толғанудан туғаннан кейін барып осы заттарда қалыптасады. Сөйтіп, әрекетшіл интеллект көрген түс пен шынайы елестер арқылы қиялдағыш күшті даралықтармен жабдықтап отырады; ол мұны интеллекцияның пайымдалғыш объектілерімен жабдықтайды, бұл күш осы объектілерді аңғарғанда қасиетті заттарды қастерлеу арқылы бұларды [тиісті] модельдермен ауыстырады. Осының бәрі түс пен өңде қалыптаспақ.»
«Ал түс көру шақтарында қалыптасатын нәрсенің дені даралықтардан, азын-аулағы интеллекцияның пайымдалғыш объектілерінен құралған.» — деп аяқтады философ өзінің ойын.

Жалпы түс ерекшеліктері туралы 1950 жылы Клейтман мен оның аспиранттары айта бастаған. XX- ғасырда ашқан жаңалықтары адамға арнайы құрылғы орнату арқылы тез бен баяу болатын түстің айырмашылығын дәлелдеді.
Ал , әлемнің екінші ұстаздың замананында болмаған құрылғысыз-ақ, түс көргендегі адамда болатын процесстерді сипаттағаны, дәл нақты неден болатынын анықтағаны таң қаларлы-ақ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *