Республика күніне орай Пікірсайыс турнирі өтті

Қазақстан Республикасы күні – жастар үшін жай ғана мереке емес, бұл қазіргі Қазақстан үшін ұлттық құндылықтарды, перспективалар мен міндеттерді талқылаудың маңызды уақыты. Осы айтулы күні Алматыда «Жастар рухы» Жастар қанаты мен «Еуразиялық Бейбітшілік және келісім» жекеменшік мекемесі бірлесіп, Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Алматы қаласында «JasSpeak» қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

📍Іс-шара қонақтарына Білім және жастар саясатының көрнекті өкілдері, соның ішінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Азиз Оралбекұлы, «Жастар Рухы» ЖҚ Алматы қалалық филиалының төрағасы Әкежан Бақытұлы, «Dauletten» қорының директоры Жасұлан Бостандықұлы және Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айдар Серікұлы Күнтубай кіреді.

📍Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Қажданбек Азиз Оралбекұлы: «Пікірталас – зерделіліктің көрінісі ғана емес, сонымен қатар бүгінгі күннің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.Мен жастардың зияткерлік пікірталасқа қатысуын мақтан тұтамын.”
📍«Жастар рухы» Жастар қанатының қалалық филиалының төрағасы Кеңесов Әкежан Бақытұлы: «JasSpeak – жастардың өз көзқарастары мен идеяларымен бөлісу, сондай-ақ бір-бірінен үйрену мүмкіндігі», – деп атап өтті.
Турнирге қатысушылар тамаша пікірталас және аналитикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
⚡️Үздік төреші Олжас Молдабаев
⚡️«Үздік спикер» Аружан Хапезова атанды.
Зияткерлік сайыста
🏆 «Led Zeppelin» фракциясы
🥈 «Сириус» фракциясы
IMG_3327🥉«Гаухартас» фракциясы жеңіске жетті.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *