ПЕДАГОГТАРДЫҢ SOFT-SKILLS ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Ерденова Алтынай Ораловна
Түркістан облысы Жетісай ауданы
Қазыбек би ауылдық округі Таубай ата ауылы
М.Жұмабаев атындағы №15 ЖББМ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

ПЕДАГОГТАРДЫҢ SOFT-SKILLS ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Мектеп педагогтарының кәсіби өсуі — ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқутәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты ісәрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзінөзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу Soft-skills – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқутәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық,
ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады. Мектеп әдістемелік кеңесінің құрамына барлық әдістемелік бірлестік жетекшілері енеді. Әрбір ӘБ жыл бойы мектеп әдістемелік тақырыбымен тығыз байланысты болып келетін өз әдістемелік тақырыптары бойынша жұмыс істеді. ӘБ өз қызметін мұғалімге көмек көрсетуге, олардың өз тақырыптары бойынша теориялық және практикалық ақпараттарын талқылауға,
жоба бойынша жұмыс қызметін, оқу процесін ұйымдастыруға бағыттады. ӘБ жұмысы мұғалімдер мен оқушылардың белсінділігін, шығармашылығын көрсетуге, өздерінің танымдық
процестерін жүзеге асыруға және ақпараттық және басқа да шараларды ұйымдастырып өткізуге мүмкіндік берді. Оқу процесінде жетекші рөл педагогқа тиесілі болғандықтан, ол өзін-өзі көрсете білуге, өзін-өзі басқара білуге, дербес жұмыс істеуге ұмтылады. Ол оқу барысында алған білім, білік, машықтарын жұмысқа қолдануына сенеді. Қазіргі кезеңде мектептің әдістемелік
жұмыстарын сарапқа салып отырғанда оның шексіз де шетсіз бағыттарын, маңызды да ауқымды мазмұнын еске алып, мектептану ілімінің осы салада бағдар беретін дәрежедегі құқықтық ережелердің болуы керек екенін мойындаймыз. Қазіргі кезеңде мектептегі әдістемелік
жұмысты тұтастай алып қарау керек, ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибе өзара тығыз байланыстағы нәтиже, ал бұның өзі кәсіби білімі мен практикалық икем дағдысы
жоғары мұғалімдер мен оқушылар ұйымының, мектеп әкімшілігінің бірлескен жұмысының көрсеткіші. Сондықтан тұтас түрдегі дамыған жүйе ретінде алынатын әдістемелік жұмыстың өзара байланысқан компоненттері бар. Бұған оның мақсаты, міндеті, мазмұны, әдістері, түрі, шарты, нәтижесі жатады. Бұл жүйеде маңызды роль атқаратын басшылар мен мұғалімдер, бұлар жоғарыдағы компоненттерді жүйелі бір мақсатта, бірлескен ынтымақтастықта іске қосса, мектептің әдістемелік жұмысының жоғары нәтижелігін жүзеге асырар еді. Білім беру жүйесіндегі менеджмент өзіндік мазмұны бар. Ол:
— мұғалімдердің кәсіби білімінің деңгейін көтереді;
— пәнді оқыту сапасын, оқушылар білімін, білік дағдыларының қалыптасуын, сапалы үлгерім нәтижесін беруін қамтамасыз етеді;
— педагогтық жұмыстың қиындығы кемшіліктерін анықтап, мұғалімнің іс- әрекеті мен жеке қасиетін зерттейді;
— озат тәжірибені тарату арқылы педұжымның белсенділігін арттырып, ерекше қолайлы жағдай туғызады;
— мектепішілік басқару жүйесінде адамдық факторды еске ала отырып, оқутәрбие жұмыстарының тиімді жүргізіліп, мектептің бүгінгі және перспективалық дамуын қамтамасыз етеді. Осы орайда мектебіміздегі оңтайлы аймақты айқындап алу үшін «Өмір сүр, білім ал» Sott skills педагогтармен зерттеу жүргіздім. Зерттеу барысында педагогтардың кәсіби құзыреттіліктері үшін жасалынатын семинар мақсаты оған қатысудағы күтілетін нәтижелері айқындалды. Педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру бойынша даму картасы құрылды. Даму картасының құрылымы педагогтардың оңтайлы ортасын құруға бағытталған. Даму картасы 10 қадамнан тұрады. Алғашқы қадам- анықтау.
1- қадам: Ұлттық құндылықтар дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау.
2-қадам: Оқыту мен дамыту.Оқу мен оқытуды ұйымдастыруды қамту.
3-қадам: Көшбасшыларды дайындау. Көшбасшы мұғалімдерді тиімді басқару.
4-қадам: Әлеуметтік мониторинг жүргізу. Көшбасшылардың кәсіби маршрутын дамыту
5-қадам: Жобалық тәсіл. Кәсіби қоғамдастық қызметін арттыру
6-қадам: Жаңа алаңдар .Педагогтарды әлеуметтендіру
7-қадам: Тиімді коммуникация. Педагогтармен тиімді қарым-қатынас орнату.
8-қадам: Цифрлық технологиялар.Педагогтардың цифрлық сауаттылықтары мен ортасын дамыту
9-қадам: Әрекетке бағыттау. Жаңа қадамдарға аяқ басу ілгерілеу.
10-қадам: Педагогтардың нәтижелерін оңтайландыру. Осы орайда әдәстемелік қызметіміздің Оқыту мен оқуға бағытталған қадамына баса назар аударылып отыр (слайдтан сөйлеу).
Сабақтағы тиімді жолдарды, әдістерді іздеу үшін сабақты зерттеу үдерісі кеңінен қолданылады. Мұғалімдердің ынтымақта жұмыс жасауы жоғары көрсеткіштерге әкеліп отыр. Lesson study
зерттеу сабағы — оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенін осы аралықтағы зерттеу жұмыстарының негізінде анықтадық.
Осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табады екенбіз деген ойға келдік. «Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» – деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағын
тәжірибеге енгізу барысында, біраз қиындықтар болды, тығырыққа тірелдік.
Бірақ «қиын болды» деп ісімізді аяқсыз қалдырмадық. Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтарымыз
біршама нәтиже берді. Осы зерттеу сабақтарында алған тәжірибемізбен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған семинар-сабағымыздың тақырыбы: «Лессон Стади – біздің мектебімізде».
Мақсаты: Зерттеу сабақтары бойынша іс-тәжірибемен бөлісу. Бұл зерттеу сабағын ұйымдастыруда Лессон Зерттеу сабағының тиімділігі:
• Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
• Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
• Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
• Мұғалімдердің кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
• Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.
• Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасын түсінеді және зерттеушілерге айналады.
• Оқушының оқуы жақсарады.
• Функционалдық сауаттылығы дамиды.
• Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады. Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған
еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін
бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік. Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді
көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік. Аталған мектептер арасында ұйымдастырылған семинарлар барысында түрлі тәжірибелермен
бөлістік. Сабақтың тиімді әдіс-тәсілдерін қарап, өзімізге қажетті ақпараттарды толықтырдық. Бүгінгі мұғалімнің жетістігін оқушыларға берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалап
қоймайды, сонымен бірге ол өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа жағдайда әрекет етуіне, олардың өз бетіндік әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау мен тиімді пайдалану икемділіктерін
қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды. Жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсете аламыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *