Оқушыларды музыка сабағына баулу.

Түркістан облысы Арыс қаласы

М.Әуезов атындағы жалпы орта

мектеп гимназияның музыка пәнінің

мұғалімі Джанибекова Гульнара Казыхановна

Оқушыларды музыка сабағына баулу.

Бұл ғылым (яғни музыка) өзінің байсалдығынан айрылған адамдарды түзетуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді.

Әл-Фараби

Бүгiнгi таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердiң жетiстiктерi, елiмiздiң өркениеттi елдер қатарынан көрiнуi бiлiм беру жүйесiне де ықпал етпей қойған жоқ. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негiзгi түрi – сыныптық сабақ жүйесi екенi бәрiмiзге мәлiм. Осыған орай,менiң тәжiрибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлi түрiнен басқа, дәстүрлi емес сабақтар түрлерi де пайда болуда. Олар көбiнесе, оқытудың жаңаша әдiстерiне негiзделiп құрылуда. Ондағы мақсатым — әрбiр сабақтың оқу — тәрбиелiк мүмкiншiлiктерiн ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру.Оқытудың жаңа инновациялық әдiстерi мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейдi.

«Инновация» деген ұғым латын тiлiнде жаңарту, жаңалық, өзгерiс енгiзу деген түсiнiктi бiлдiредi. Оның мәнi – бiлiм беруге және өздiгiнен бiлiм алуға негiзделген қабiлеттi дамытады. Қазiргi таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның бiлiмдiк қабiлеттерiн дамыту үшiн бiздер, мұғалiмдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек.. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және тәжiрибелiк бiлiм беру жүйесiнен бiраз тәжiрибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелi оқыту, әсiресе қазақ

мектептерiнде ұлттық бай музыкалық мұрамызды молынан пайдаланудың жолдары әлi де көрсетiле берсе артық етпейдi. Басты мiндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пiкiрiнде көрнектi педагог В. Сухомлинский «Өнер- өнегелi , ақылды адамдарды тәрбиелейтiн құрал» деп тәрбие үрдiсiнде өнерге аса көңiл аудару қажеттiлiгiн қысқа да түсiнiктi түрде атап көрсеттi. Сырлы да сазды әуендердi бүгiнгi күн әуендерiмен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша түсiп, оқушыларды музыка әлемiне қызықтыра бiлу музыка мұғалiмiнiң өз iсiнде шеберлiгiн талап етедi. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртiптiлер мен тәртiпсiздердi де музыка әлемiне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесi, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етiп шығару — ұстаздардың басты мақсаты.

Бүгiнгi күнi инновациялық әдiстермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабiлетiн арттырып, iзденушiлiгiн дамытып, құзыреттiлiгiн қалыптастыру, тарихи объективизимдi ұстана отырып шынайы дерек көздерiнен мәлiметтердi жинақтау ең негiзгi мақсат болып айқындалады.

Музыка пәнiнде жаңа әдiстердi пайдалану арқылы мектептегi сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалiмнiң рөлi мен қызметiнiң артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттiлiгiн қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдiстерi арқылы оқушыларды iзгiлiкке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершiлiкке, имандылыққа, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу. Инновациялық әдiстердi баланың бiлiм деңгейiне және жас ерекшелiгiне қарай оқу үрдiсiнде пайдалану негiзгi мiндет болып табылады.

Осындай жолмен қалыптасқан бiлiм мен бiлiктiлiктiң танымдық маңызы да зор болады. Мен осы бағытарда сабақты түрлендiруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемiн. Мысалы: Интерактивтiк тақтамен жұмыс, мультимедиалық көрiнiспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендiре отырып өткiзудi дәстүрге айналдырдым. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берiп, олардың бойына туған өлкесiне, халқына деген адамгершiлiк пен сүйiспеншiлiк сезiмдерiн сiңiруде ұлттық музыка мәдениетiнiң алатын орны ерекше екендiгi белгiлi. Халқымыздың осы мақсатын қайта жандандыру мақсатында балаларды қабiлетiне қарай, — жыраулық өнерге, терме айтуға , шешендiкке тапқырлыққа , айтыс өнерiне үйретуде — музыка пәнiнiң алатын орны орасан зор. Олай болса, оқытумен тәрбиелеудiң ой елiгiнен өтетiн әдiс-тәсiлдерiн жаңашыл педагогтардың тапқан әдiстемелерiн бiлiп қана қою жеткiлiксiз, оны әркiм өз мүмкiндiгiнше күнделiктi сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелi болып бiлiм сапасы арттады.:

Музыка пәнiнiң басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшелiктерi бар. Мұнда негiзiнен оқушының қабiлетi, бейiмдiлiгi баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейiмдеу, қабiлетiн дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттыру, жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты, музыка түрлерiнiң шығу тарихы, музыка түрлерi дамыған елдер де, музыка әр саласындағы белгiлi композиторлар өмiрiмен Қазақстандағы әлем елдерiндегi композиторлармен музыка жұлдыздары тағы басқа, музыка туралы толық мәлiметтер берiп отыру. Сонымен бiрге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың тағы басқа, әлем елдерiндегi атақты компазитор¬лар және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Осы тұрғыда оқушылар атақты композиторлардың жетiстiктерге

жетудегi еңбектерiмен таныса отырып, өздерiде, сабақта әр тапсырманы белсендiлiкпен орындауға дағдыланады.

Оқушылардың қызығушылығы белсендiлiгi артқасын сабақта бiлiм сапасының артатыны сөзсiз. Ұлы немiс педагогы А. Дейстербергтiң «Жаман мұғалiм ақиқатты өзi айтып бередi, ал жақсы мұғалiм оқушының өзiн iзденуге жетелейдi, ойға үйретедi» — дегендi. Содықтан да оқушы белсендiлiгiн арттырып, бiлiм са¬пасын көтеретiн, ойлауға үйрететiн ол жаңа инновациялық әдiс- тәсiлдерi болып табылады. Барлық оқушы өз қызметiн ең төменгi жеңiл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды мiндеттi түрде толық орындап болғаннан кейiн ғана, келесi күрделi деңгейдегi тапсырмаларды орындауға көшiп отырады. Бұл оқушылар арсында бәсекелестiктi және әр оқушының өз қабiлетiне, қызметiне сәйкес жоғары деңгейге көтерiлуiне толық жағдай жасалады.. Өтiлетiн тақырыптарға байланысты қызықты сергiту ойындарын ойнатудың да сабақ сапасын арттыруға ықпалы көп.

Атап айтсам: Кiм шапшаң?, Әуендi тап, Сөзжұмбақтар т.б сонымен қатар ұлттық музы¬ка әлемiне байланысты сабақты түрлендiрiп өткiзуге жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасан зор.

Жаңа инновациялық әдiстердi пайдалана отырып, бiлiм сапасын арттыру өмiр талабы.

Музыка сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиiмдi пайдалану жолдары.

Осы технологияның шығармашылық бөлiгiн басшылыққа ала отырып ой толғау жасауға болады. (мыс: музыка сабағында сабақты ойын түрiнде ұйымдастыру керек) осы арқылы оқушылардың биiмдiлiгiн арттыруға болады Күтiлетiн нәтиженi, музыка пәнiне деген

қызығушылықтары артады. Оқушы шығармашылығы, өзiн-өзi басқаруы, эстетикалық талғамы артады

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

Сынып оқушыларына жеңiлдеп тапсырмалар беруге болады

Сәл күрделi жаттығулар бередi

Сабақтың қиын сатысында көрсетiлген сұрақтар беру арқылы жаттығуларды орындату.

Бұдан қандай нәтежиелерге қол жеткiзуге болады? Сабақ барысында

1. Алдымен оқушының не? деген сұрағына: Сабақта шынайлық, оқыту бар екенiн көрсету.

2. Оқушының қашан? деген сұрағына: Сабақтан кейiн болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткiзу қажет.

3. Оқушының қайда? деген сұрағына: Оқушының және ұстаз арасындағы серiктестiгiн анықтап нәтежиеге қол жеткiзу қажет.

Қорыта айтқанда: Мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтiк, құзiреттiлiгiн дамытуды керек еттiм. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол жеткiздiм, яғни оқушының өзiн-өзi басқарудағы әлеуетi артты.

Қазіргі уақыттағы музыка сабағының сапалылығы оқушылардың белсенділігіне де байланысты. Белсенділік мәселелерін арттыруды тек сабақтың құрылысын қызықты құрастыруда, оқушылардың қызығушылығын оятудағы әдіс-тәсілдерді қолдануда ғана шеше алмаймыз. Себебі мұғалімнің әрбір оқушыға көңіл бөлуіне де байланысты. Әрине бұл міндет мұғалім алдындағы қиын міндеттің бірі, себебі, мүғалім оқушылармен аптасына бір-ақ рет музыка сабағында жүздеседі. Сол себептен де мұғалім оқушыларын білуі керек, олардың жақсы және нашар дамыған жақтарын есінде сақтап, қызығушылықтары

мен бейімділіктерін ескеріп, баланың әлеміне еніп, әрқайсысының жетістіктерін бағалай білуі керек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *