Адам өміріне ауа райының әсері
Түркістан облысы
Арыс қаласы
№376 бастауыш мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Досалиева Гульзия Шагирбаевна
САБАҚ:
Адам өміріне ауа райының әсері |
Мектеп: №376 бастауыш мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің есімі: Досалиева Гульзия
|
|||||
СЫНЫП: 2 “Б” | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: 0 | ||||
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары) |
2.2.2.1 ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: | |||||
· Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. | ||||||
Оқушылардың басым бөлігі: | ||||||
· Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. | ||||||
Кейбір оқушылар: | ||||||
· Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады. | ||||||
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||||
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | |||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | |||||
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі,тарих. | |||||
Жоспарланған
уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар | ||||
Басталуы 5 минут
|
Топқа бөлу 2 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші» Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі тренинг барысы, Біз үлкен отбасы. |
Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.
(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды) |
||||
Ортасы 20 минут | Білу және түсіну 10 минут
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Біздің планетамыз жер – мөлдір ауа қабатымен қоршалған. Ауа – жер бетіндегі тіршіліктің көзі. Өзіміз оны әдетте байқамаймыз. Алайда ол кенет жоқ болып кетсе біз бірнеше секундта тіршілік ете алмас едік. Адам өміріне ең қажетті ауа дедік. Сондай – ақ ауа физикалық дене. Сондықтан ол құбылыста болып отырады. Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық дейміз Ал климат – бұл ауа қысымының құбылысы. Біздің еліміздің ауа райы континентті деп аталады. Оның себебі оңтүстік тропиктен жылы ауа келеді, солтүстіктен мұзды мұхиттың суық ауасы әсер етеді. Сондықтан құбылмалы болып келеді. Ауаның температурасын өлшейтін құрал – термометр. Ауаның қысымын өлшейтін құралы – барометр. – Балалар «Ауа» деген ұғымды естідіңдер. – Ол қандай? – Оны қалай сезесіңдер? Тәжірибе жасау: – Мұрныңды қысып, демалмай тұр. Қанша уақыт шыдай аласыңдар, ішіңнен сана. (тәжірибе жасалды) – Біз сыныпта тақтаны, партаны, терезені көреміз. Ал, ауаны көре алмаймыз. Ендеше біз доппен, шармен тәжірибе жасалық. (тәжірибе жасалады) – Шарды үрлеп, бүйірінен қысу – бұл ауаның сығылуы. – Допты еденге ұру, қайтара ыршуы – бұл серпілуі. – Шырағдан жағып оны банкамен жабу – ауа тұншығады, жануды қолдауы. – Стаканға су құйып, бірер минут қойсақ, оны қабырғасынан бүршіктер пайда болғанын көреміз, бұл ауа. – Не байқадыңдар?(Шарды ауамен толтырдық. Доп серпілді, сығылады, кішірейеді.) – Сонда серпіп тұрған не?(Ауа) – Біз сусыз тіршілік жоқ десек те, судан да маңызды ауа тұр екен. Сусыз адам бірер апта тіршілік ете алса, ауасыз бірнеше минут қана тіршілік ете алады екенбіз. Біз ауамен демаламыз. Ауа бізді қоршап тұр. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес. Қолдану 8 минут Постер жасату. Жалпыға арналған тапсырма: Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді.
|
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
Постер жасату. Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді. |
||||
Сергіту сәті
2 минут |
Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық» | Видео
жазбадағы би |
||||
Аяқталуы 20 минут | Синтез
Жыл бойы ауа-райы сенің өлкеңдегі адамдардың еңбегі мен өміріне қалай әсер етеді? Адамға ауа-райын алдын-ала білу не үшін қажет? «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады. |
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі |
||||
Үйге тапсырма:мазмұндау. | ||||||
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
«Бағдаршам» әдісі | |||||
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||