«Ойын ойнап ән салмай өсер бала болама»

«Ш.Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі» КММ шағын орталық тобының тәрбиешісі:Такыбаева Гүлім Дүйсенбайқызы

Ойын дегеніміз-халықтың баланы әдептілікке,сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізігі жұмыс түрі –ойын әрекеті.Бала саналы,адамгершілігі зор,сыпайы,жан-жақты даму үшін,тілін,сөздік қорларын дамыту үшін,және де айналадағы өмірдің құбылысын танып,білу үшін пайдаланудың маңызы зор.Ойын үстінде баланың қасиеттерін қабілетін,белсенділігін байқаймыз.Ойын ойната отырып оқытамыз.Осы тақырыпта шағын орталық тәрбиеленушілері мен ашық ұйымдастырылған іс-әрекетін өткіздім.Ұлттық ойындар мен қимылды және дидактикалық ойындарды біріктіре отырып,өткіздім.Бұндағы мақсатым:Ойын арқылы балалардың тілін дамыту,сөздік қорларын молайту,білімдерін арттыра отырып ой-өрістерін кеңейту.Ұлттық ойындардың түрлерімен элементтері арқылы бүлдіршіндердің ой-өрісін,шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін ұштау,білімдерін дамыту.21 ғасырдың түйінді құзіреттіліктері:креативтілік,сыни ойлау,коммуникативтілікжәне командада жұмыс істей білуі.Баланың өмірін қозғалыссыз елестете алмайсың. Сондықтан ұлттық ойындар балалардың қозғалу белсенділігінің дамуы,олардың денсаулығының күшеюі үшін қолайлы жағдай жасайды.Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай құнанбаев «Ойын ойнап ән салмай өсер бала болама»деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі –халықтың ұлттық ойындары көп салалы,көп қырлы құбылыс.Ол тек ойын ғана емес,мәні жағынан да мектепке дейінгі тәрбиеленушілерінің рухани өрісі кең өсіп жетілуіне мәдениетін қалыптастыруға,тәрбиелейтіннегізгі құралдарының бірі.Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз,асыл мұрамыз,қазынамыз.Сондықтан оны күнделікті оқу тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы зор екені сөзсіз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *