«Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде кәсіпорындар қала жастарына 300-ден астам жұмыс орындарын ұсынды

Бүгін Алматыда «Жастарға жұмыс» жобасы аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өткізілді. Кәсіпкерлер мен бизес өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шарада 100-ден астам қала жастары мен тұрғындары болды.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – жастар үшін бос жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге, бос жұмыс орындары туралы білуге, жұмыс жағдайларын талқылауға сынды мүмкіндік беру.

Сонымен қатар, іс-шараға «AMANAТ» партиясының фракция мүшесі, Алматы қаласының мәслихат депутаты Бақытбек Жұмабаев қатысып, партияның мобильді қоғамдық қабылдауы аясында қала тұрғындарымен өзекті мәселелер бойынша қабылдау өткізді.

Жәрмеңкеге Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы мен  «Qazaq STROY», «Атрикс-Строй» «Sheber Partners», «Шин-лайн», «КазЛегПром» сынды қаламыздағы  40-қа жуық ірі кәсіпорын қатысты.

Алматы қалалық «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесов: «Бүгінгі жәрмеңке «Жастарға жұмыс» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Қаламызда биыл 177 мыңнан астам жас жоғарғы оқу орнын бітірді. Жастардың біраз бөлігі Алматы қаласында қалуды көздейді. Алайда алдағы негізгі мәселелер ол жұмысқа орналасу және баспана алу. Бүгінгі шарамыздың да негізгі мақсаты осы болды. Жәрмеңкеге жұмыс беруші компаниялармен қоса Халықты жұмыспен қамту орталығы қатысып отыр. Қала тұрғындары мен жастары жәрмеңкеге қызығушылықпен ат салысуда», – деп өз ойымен бөлісті.

«Жастар Рухы» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалы жәрмеңкеге қатысқан барлық мекемелерге алғысын білдіреді және «Жастарға жұмыс» жобасы  жақсы дәстүрге айналып, болашақта тұрақты негізде өткізіледі деп үміттенеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *