Ойын -балалар әректі арқылытәрбие мен білім берудің шешуші шарты.

Башаева Динара Едилбековна

Ойын –балалар үшін күрделі әрекет,ол білімді,ақылды ұйымдастыруды қажет етеді.Ал білімді бала қайдан алады?Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді,үлкендерде үйретуге тиіс.Ойының өз мақсаты,жоспары,арнайы заттары,т.б көптеген ерекшеліктері болады.

Ойын –балалардың негізгі іс-әректінің бір түрі.Ойын арқылы арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады,яғни ойын арқылы бала білім алады.Бала зейіні қажет ететін,әдейілеп ұйымдастырылған  ойындар оның ақылын,дүниетанымын кеңейтеді,мінез-құлқын,ерік-жігерін қалыптастырады.Аса ірі психологтардың айтуы бойынша,бала ойын үстінде қандай болса,өскенде еңбекте де сондай болады.Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы.Жас сәбидің өмірі,қоршаған ортаны танып,еңбекке қатынасы,психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді,ізденімпаздылық,тапқырлық,әрекеті( сезіну,қабылдау,ойлау,зейін қою,ерік арқылы байқалады.)Түрлі психологиялық сезім әрекетіне сүңгиді.Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады.

Балаға дайындалғанбілім баланың ақылына лайықтап,талабын шабыттандыратындай ойын оятарлықіскерлігін дамытарлықтай,бастаған істің нәтижесіне  жетуге тырысарлықтай нәрлі  болуы керек.

Халық өзінің  қоршаған идүниенің қыры мен сырыегжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген.Ойын -бала табиғатымен егіз.Өйткені бала ойынсыз өспек емес,жан-жақты дамымақ емес.

Ойын арқылы бала түрлі логикалық жаттығуларды орындауға төселеді.Бұл жөнінде белгілі психолог –ғалым А.А Любинская «Зейін баланың белсенді әрекетінде туындап қана қоймай,олардың жақсы ұйымдастырылған іс-әрекетінде.Бәрінен бұрын олардың ой еңбегінде де қолдау табатынын айтады. »

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын,өсіретінәрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет ойын.Ойын арқылы бала орамаен ,адаммен,олардың еңбегімен,қарым-қатынасымен танысады.Ойын арқылы олардың ой-өрісі дамиды.Ойын үстінде балалар  әртүрлі рөлде жлдастарымен қарым-қатынас жасауға,ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге,қиялдауға,елестетуге қабілеттері қалыптасады.Сөздік ойындары балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамытады.Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді.Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің  мазмұнына қарай танымдық,дамытушы ойындарды,тапсырмаларды қолдану ,балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға,оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді.Сөйтіп бала  топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.

Ойын ұйымдастыруда балаларға ижетекші бола отырып,ойнай білуге,ойын ережесін сақтауға,әрі оларды ойната отырып  ойлануға бағыттайды,заттың тын немесе қасиетін есте сақтап қалуға  жол ашады.Заттармен ойналатын ойындар:  «Ғажайып қапшық», « Қай ағаштың жапырағы?»т.б

Үстел үсті ойындарын  ұйымдастыруда домино,лото,суреттер қолданылады.

Мыслы: «Суретті құрастыр», «Бір сөзбен ата?»т.б

Ойындарды қарапайм  матемматикалық ұғымдарды қалыптастыру сабағында пайдалану балалардың алған білімдерін  күнделікті өмірмен ұштастыруға қолайлы.Ойын сабақтың мазмұнын байыта балалардың қиялын қозғап,зейіндерін кеңейте түседі. «Санамақ», «Он саусақ»өлеңдерін жаттатырып,мазмұныны  түсіндіру арқылы балалрдың тілін ұстартып,логикалық ой-жүйелерін қалптастыруға болады.Балалардың белсенділігін арттыра түсу мақстында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды.

Ойындарды үнемі пайдалану арқылы балалардың ауызша есептеуге жаттығуына логикалқ ой жүйелерін жетілдіруге,түсінуге толық мүмкіншілік бар.Олардың қатарына халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда: «Қай қолымда?», «Қанша тұяқ?»т.б

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып,ойын ,шығармашылық қабілетін оятып,бүкіл өміріне  ұштаса береді.

Сонымен қатар,ойын-тынысы кең,ойын-ойға жетелейтін қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе ақыл-ой жетекшісі,денсаулық кепілі,өмір тынысы.

Балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ»ойыны.Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру.Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді,санға аты ұйқас  заттарды танып біледі.

Бір дегенім-білеу.

Екі дегенім-егеу.

Үш дегенім-үкі.

Төрт дегенім-төсек,т.б

Балалардың ой белсенділігін ,саналы ойлана білуін дамыту,жетілдіру-тәрбиешінің негізгі міндеті.Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға,дағды мен  шеберлікті  меңгеруге,қиындықты жеңуге,төзімділікке баулиды.

Балалардың ойлау қабілетін  дамытуға  сөзжұмбақ ,ребус, «Ұйқасын тап»,ойындарының әсері мол.

1.Өзінше қоян ,

Қорқақ кім?(қоян)

2.Тұмысғымен шымшып,

Құрт тереді(шымшық)

Қазақтың ұлттық ойындарын қолдану арқылы балалардың  танымын дамытуғаболады.Мысалы: «Сақина салмақ», «Ақсүйек»т.Ребустарды шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол.Баланы ұшқыр ойға,тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр  сабақсайын жүйелі пайдалану керек.Сабақты балаларға жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады.

Қызығушылықты тудыру үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек.Тиімді қолданылатын ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған маериалын балаларың зор ынтамен тыңдап ,берік меңгеруіне көмектеседі.Ойын-балалар әрекетінің негізгі түрі,сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады.бала өзін қоршаған ортаны,адамдар арасындағы қарым-қатынасты білуі мен сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

  1. Ойын мақсаты нақты қойылып,керекті көрнекіліктер мен материалдар алдын ала дайындалып,оңтайлы жерге қойылу керек.

2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға түсіндірілгені жөн.Ойынға топтағы  балалардың  түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.

Ойынның барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалау мен қатар,олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне,ойлана білуіне жетелеу керек.Ойын түрлерінің ұйымдастырылған тақырыбы мен мазұны неғұрлым  сәйкес алынса оның танымдық ,тәрбиелік маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін ,тартымдылығын күшейтеді,балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Ғұлама ғалым ағартушы Ахмет Байтұрсынов: « Басқадан кем болмас үшін біз білімді,бай  һам күшті болуымыз керек күшті болуға керек. Осы керектердің жолында жұмы істеу керек »деген екен.Білім беруісіндегі  бүгінгі күннің өзекті мәселесі ел ертеңін ойлайтын  білімді де,білікті ,зейінді де зерделі,санлы ұрпақ тәрбиелеу.Балаларды мейірімділікке,әдептілікке,әділеттілікке, тәрбиелеу-басты міндетіміз.

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *