Ойна да ойла

Назарбаева Турах Сансызбаевна

Тақырыбы: «Ойна да ойла»

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Денсаулық»

Мақсаты:

Білімділік:Балалардың күз туралы білімдерін пысықтау.Танымдық қабілеттерін кеңейту.

Дамытушылық:Балалардың ой-өрісін ,тілін дамыту.

Тәрбиелілік:Көрген нәрсенің айырмашылығын анықтап айтуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл:Амандасу,жылулық шеңбері,сұрақ-жауап,ғажайып сәт,дид/ойын,сергіту сәті,қорыту,мадақтау.

Керекті құралдар:Текше,доп,журек,

Іс-әрекет орындалу барысы:

Тәрбиеші балалармен алдын-ала күз мезгіліне  сай дайындалған        бөлмеге кіреді.

Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы бүгін бізде ерекше күн болмақ,себебі бізге көптеген конақтар келіп отыр.Қонақтар мен амандасайық.

Амандасу:

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!Балалар,менің қолымда не көріп тұрсыңдар?

Балалар:Жүрек.

Тәрбиеші:Ия, балалар,менің қолымда жүрекше.Ал олай болса бүгінгі оқу іс-әрекетімізді жүрегіміздегі жылы лебіздерімізден бастайық.

Балалар:Аспанымыз ашық болсын,ата-анамыз аман болсын,көк туымыз желбірей берсін т.б

Тәрбиеші:-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?Күз мезгілінде неше ай бар?Күз мезгілінде біз қандай мереке тойладық?Алтын күз мерекесінде бізге кім қонаққа келді?

Балалар:Күз мезгілі.Үш ай бар.Алтын күз.Күз ханшайымы.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар!Олай болса күз туралы кім тақпақ біледі,кәне айтайықшы.

Амалхан:Берекесін сыйлауға,

Өлкемігге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Салтанат:Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Абзал:Нұрға бқлеп өмірді,

Жырға бөлеп көғілді.

Жарқыраған сәулелі,

Күз әуені төгілді.

Ғажайып сәт: Есік артында біреудің жылап отырған даусы шығады.Есік ашылады

Қоян топка кіреді.

Тәрбиеші:Сәлеметсің бе,қоян? Неге жылап отырсың,саған кім тиісті?

Қоян: Қасқыр өзінің  үйге берілген тапсырмаларын  маған берді,егер шығармасам жеп қоятынын айтты?Ал тапсырмалар көп мен енді не істейм.

Тәрбиеші:Сен уайымдама қоян біздің балалар өте білімді ,олар саган тапсырмаларды орындауға көмектеседі.Балалар,қоянға көмектесеміз бе?

Балалар:Иә,көмектесеміз.

1тапсырма:Дидактикалық ойын «Текше».

Ойын шарты:Балаларүй және жабайы жануарлар жабыстырылған текшені лактырып,бетіне қай аң түссе сол аңның атын және қайда мекен ететінін айту қажет.

2тапсырма:Дидактикалық ойын: «Құлыптың кілтін тап»

Ойын шарты:Балалардың алдына құлыптар және оның кілттеріне сай кілттер беріледі,балалар  құлыпқа тиесілі кілттің пішінін тауып сызык арқылы біріктіру қажет.

Тәрбиеші:Балалар,шаршап қалған шығарсыңдар,Қоян мен бірге сергіту сәтін жасап алайык.

Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық,

2 алақанды соғайық.

Оңға бір иіліп,солға бір иіліп,

Бір отырып,бір тұрып,

Бір жүгіріп алайық.

3 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

Тәрбиеші:-Балалар ,сендер қоянның сүйікті тамағы не екенін білесіңдер ме?

Балалар:-Сәбіз

Тәрбиеші:-Жарайсыңдар, балалар!Ал ендеше қоянға орманға жеткенінше жеп баратын сәбіз дайындап берейік.Балалардың алдына сәбіз суреті беріледі.

Балалар:-Сәбіздің суретін тиісті түспен бояйды.

Қоян:-Балалар,сендерге көп рахмет!Сендер өте білімді ,балалар, екенсіңдер.Сендер маған көп көмектестіңдер,тапсырмаларымды орындап бердіңдер .Енді мені қасқыр жемейтін болды.Менін сүйікті асымдыда дайындап бердіңдер рахмет сендерге, орманға жеткенше қарным ашпайтын болды.Олай болса мен кетейін қасқыр мені күтіп қалған шығар.Сау болыңдар,балалар.

Тәрбиеші:Сау бол ,Қоянжан.

Балалар:Сау бол!

Қорыту: «Көңілді доп» ойыны.

Ойын шарты:Тәрбиеші  сұрақ қойып допты лактырады ,қақшып алған бала сұраққа жауап беріп,допты тәрбиешіге қайта лақтырады.

Жақсы қатысқан балаларды мадақтап,ұйымдастырылған ашық іс-әрекетті аяқтайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *