Облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жазғы еңбек маусымының жабылу салтанаты өткізілді.

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  2023 жылдың 16 қараша күні Облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының жабылу салтанатты кеші болып өтті. Салтанатты шараға Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ж.Зұлпыхар, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары мен жастар қатысты.

«Жасыл ел» жобасының негізгі міндеті- жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулу болып табылады. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандырумен айналыса отырып, өз бойында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін, патриотизмді қалыптастырады. Өткізілген шараның жабылу салтанатына Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлына сөз беріліп, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары мен жастарға ыстық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Артынша Облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының штаб жетекшісі Қыпшақбаев Ермек Алмасұлы сөз сөйледі.

«Үздік жасақ», «Үздік сарбаз», «Үздік командир» номинациялары бойынша жоба үздіктері марапатталды.

«Үздік жасақ» 1-орын – Қордай ауданы

«Үздік жасақ» 2-орын – Меркі ауданы

«Үздік жасақ» 3-орын – Облыстық штаб – 2тобы

«Үздік сарбаз» — Ескендір Бағлан

«Үздік командир» — Айтуаров Талант

Шара әрі қарай әсем әуен мен мың бұрылған бишілердің концерттік бағдарламасына ұласты.

Іс-шараға жалпы саны 180 адам қатысты.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *