Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі

Айдахмет Нұршашқан Абылайқызы

Сабақтың мақсаты: Білімділік.М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру; Ақынның қасиеті де киелі өлең-жырлары арқылы халқына қызмет етуін таныту. Дамытушылық. «Фантазия» өлеңі арқылы ақынның халықтық болмысқа ілтипатын көрсету, ұлттық өнегені ұғындыру, оқушылардың қиялдау қабілетін қалыптастыру, ойлау өрісін кеңейту; Тәрбиелік. Ақынның салған фантазиясын, талғамын шыңдау, жас өспірімдердің өмірге деген құштарлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы

Сабақтың әдісі: СТО жобасының стратегиялары

Көрнекілігі: Слайд,үлестірмелі қағаздар, ақын портреті, видеоролик.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) оқушылармен сәлемдесу;

ә) оқушыларды түгелдеу;

б) оқушы назарын сабаққа аудару.

Психологиялық тренинг.

Күн болып ашылайық,
Қызғалдақтай құлпырайық,
Жақсы арман тілегімізді,

Қане ортаға біз салайық.

Сынып оқушыларын «Шаттық шеңберіне» тұрғызып, «Мен егер (Кім?) болсам…» оқушылардың ұшқыр армандарына сапар шеккізу. Сыныпты төрт топқа бөлу. І топ- Қиял, ІІ топ-Ғажайып, ІІІ топ-Арман, ІҮ топ- Ертегі. (Топ басшыларын сайлап,бағалау парағын таратып беремін).

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасы: Қ Шаңғытбаев «Сабалақ» өлеңі

І топ – Тарихи тұлға — әдеби кейіпкер

Абылай хан туралы не білесіздер?

ІІ топ – Абылай хан неліктен Сабалақ атанған?

ІІІ топ – Қуандық Шаңғытбаев туралы не білеміз?

ІҮ топ –  «Сабалақ» өлеңінен үзінді жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту. «Хат қоржын»

-Қолдарыныздағы конвертті ашайық, ішінде қандай сөздер жазулы екен соны оқиық.

(Әр топ өз конверттерінен шығқан қағаздағы сөздерді оқиды. Конверт ішінде қағаздарда Мұқағали Мақатаев, «Фантазия» өлеңі деген сөздер)

-Бұл сөздер біздің бүгінгі тақырыбымызбен тікелей байланысты. Бүгінгі жаңа сабығымыздың тақырыбы Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі.

а)жаңа сабақты түсіндіру (мұғалімнің кіріспе сөзі арқылы) — Балалар, тақтаға назар аударайық.- Тақтадан кімді көріп отырсыңдар? – Ақын туралы біз не білеміз? Балалар, біз бүгінгі  сабағымызда  ұлкеннін де, кішінің де сүйікті  ақынына айналған , Қазақстанның халық жазушысы,  «Ғасыр ақыны» аталған Мұқағали Мақатаев  туралы  сөйлеспекпіз. Мұқағали Мақатаев Алматы облысы,Нарынкөл ауданында дүниеге келді. Ол «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға-жүрек» жинақтары арқылы әдебиетке қосылған талант екенін танытты. Ақын тау мен даласын, ұлы Отанын, адамзаттың асыл бесігі-жұмыр жерді сүйеді, қадірлейді. Мақатаев өлеңдерінде адамдар бойындағы асыл қасиеттерді барынша дәріптеумен бірге, өмірде іске енжарлық, бойкүйездік, даңғойлықты қатты сынады. Оның жүрекке жылы, сезімге әсерлі, кімге де болса тіке айтатын өткір әрі сұлу жалын атқан жырларын оқушы қауым сүйіп оқиды. 2011  жылы ақиық ақынның 80- жылдығы елімізде кең тойланды.

ә) Тақырыпқа  ену  (ақын өміріне  арналған диафильм   көрсету  арқылы):

— өмір жолына  тоқталу:

 

  1. 1. «Ой шақыру» бағыты.

— Балалар, төменгі сыныптарда ақынның қандай өлеңдерімен таныс болдыңдар?

-Балалар жауабы.

— Дұрыс, балалар!

Ал, енді балалар, адамның ішкі жан сырын тереңнен тербеп, нәзік сезім қылдарын шерте білген  ақынның «Фантазия » өлеңінен біз де нәр алайық!

 

  1. Өлеңді игерту бағыты.

А) өзім мәнерлеп оқимын;  

ә) оқушылар әр шумағын жеке-жеке оқиды;

б) әр шумағын оқушыларға оқыта отырып, өлеңнен не түсінгендерін айтқызу;  (мәнерлеп оқу)

в) сұрақтарға жауап беру: қиялдарында қандай сурет пайда болғанын сөзбен суреттеп беріңдер.

 

  1. Теориялық бағыт. (түсіндіру)

Фантазия-Фантазия дегеніміз не? Фантазия дегеніміз – музыкалық қиял, жалпы қолданылатын музыкалық формадан ауытқып, еркін жазылатын шығарма.

 

Сергіту сәті. «Қыдырып қайтайық» әніне билету.

 

4.Шығармашылық бағыт.

    Топтық жұмыс. Әр топқа жоба қорғауға мүмкіндік беру. Кубизм стратегиясы бойынша.

І топ Топтастыру. М. Мақатаевқа ассосация жасау

ІІ топ Талдау                      

Өлең құрылысына қарай талдау

4              3                  4

Ертегіден/ жаңарып/ қала тұрған//                                             а

4              3               4

Ертегіден/ ғұлама/ дана туған//                                                  а

3                 4                   4

Бұл күнгі/ ғаламаттар/ алдыменен//                                           б

3                 4                  4

Адамның/ қиялында/ жаратылған//                                            а

 

Үш бунақты (4+3+4; 3+4+4), 11 буынды 4 тармақты 5 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (ааба) жазылған өлең.

 

ІІІ топ Салыстыру. «Сабалақ» және «Фантазия» өлеңдерін салыстыру.

ІҮ топ Зерттеу. (интернет желісінен Мақатаев жайлы тың деректер іздеу)

 

ІҮ.Сабақты қорытындылау: Рефлексия. «Білім теңізіне кеме жібер…»

Бүгінгі сабақты терең меңгерген оқушылар өз қайықтарын «Білім теңізіне» жүзгізеді,ал өзіне сенімсіз оқушылар қайықтарын «Білім жағалауына» орналастырды.

Ү. Үй тапсырмасы:

Міндетті деңгей: Мұқағали Мақатаев «Фантазия»өлеңін жаттау

Мүмкіндік деңгей: Ақынға хат жазу. Ақынның өздеріңе ұнаған өлеңдерін оқу, жаттау

ҮІ. Бағалау.

 

Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа тақырыпты меңгеру Топтық жұмыс Қорытынды баға
1
2
3
4
5
6
7

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *