Заманың тыныш болмаса
Заманың тыныш болмаса
Ақтөбе қаласы
Джабасова Эльнара Болатовна
Заманың тыныш болмаса,
Уайыммен өтер күндерің.
Заманға көңіл толмаса,
Ұйқысыз өтер түндерің.
Заман, заман дейміз-ау
Заманды жасар адамдар.
Бір парақ болар елміз-ау
Тарихта қалған қадамдар
Бес күндік мынау өмір де
Қас қағым өтер бір сәтте.
Сүрейік өмір, замандас!
Қаяу түсірмей көңілге.
Қиылды қанша тағдырлар,
Бұзылды талай отбасы.
Ішімдіктің ақыры
Балалар жүр от басып.
Шекарадан кіргізбей
Маскүнемді жүргізбей
Сатқандарды бұл қатерді
Айыппұлдап дүкеншілерді
Жиын, думан, тойларда
Болар ек жамандыққа кедергі.
Қоғамды бұзар бейнелер,
Санасы таяз перілер
Ғаламторды жайлаған
Намыссыз, арсыз пенделер
Осындай бейнебаяндарды,
Тексіз, құр надандарды
Електен неге өткізбей,
Лағынет айтып сөккізбей
«Халық жауы» атағын іліп
Жүрмеске неге халыққа дейін
жеткізбей?
Бәрі емес кинолар бар дөрекі
Бабаларды, тұр ғой бізді қор етіп
«Қайрат…», «Келін» тағы басқа кинолар
Ұлт үшін де жоқ еді оның керегі.
Музыкамыз қайда кетіп барады?
Өнердің жоғары емес пе талабы?
Әншінің де әншісі бар қоғамға
Өңкей жаман әндер неге тарады.
Жарты жамау етегімен біреулер
Қасымыздан еркін өтіп барады.
Ақша тауып аты жаман блогерлер
Қалтасын халқымыздың тонады.
«Ұлттың жауы» деп атымен жойылса
Ұрпақ үшін жоқ қой оның керегі
Әр азамат мақсат қойып қолға алса,
Ол да біздің қолымыздан келеді.
Азаматтар нәпсісін алса тыйып
Қоғамдағы қыздарға салса тыйым
Шаһарда ұятты жерлер болмас еді
Уақытша құштарлықты басса қиып.
Отаным отбасынан басталады
Ерлердің ашылмаса қас қабағы
Әйел байғұс бала деп шарасыздан
Көз жасын қор басына жастанады
Бала деген бақытты ұғынсын ба?
Ата-ананың бітпейтін ұрысында
Бала деген бақытты ұғынады
Тек мерейлі, бақытты отбасында
Бір үйдің ақыл айтар қариясы бар .
Ағын судай тасыған дариясы бар.
Қарияның қадірін білмегеннің
Үйінде асыл тастан қу дүниясы бар.
Мемлекетті я басшыны төрдегі
Жоқ оларды кінәлаудың керегі.
Ақиқат біреу, ешкім қарсы бола алмас,
Әр адамзат өз тағдырының иесі.
Жақсы болсам өзімнен
Жаман болсам өзімнен
Жазып кеткен қалап із
Торайғыров бабамыз
Ол заман қандай еді?
Білеміз ғой бәріміз
Қай заманда да болған еді арам іс
Мыңдаған жылдар өтіп кетсе дағы
Жырлап кеткен талай ата-бабамыз
Абай атам айтады: «Қайран жұртым, қазағым»
Шәкәрім атам айтады: «Өзіңді түзе, қарағым»
Қазағымның даналығын көшірген бе?
Барлық ғалым, психологы ғаламның.
Иә, иә дәл солай-ау, қазағым.
Өзімізден барлық жауап табамыз.
Ел болып көркейеміз егер де,
Әр қазақтың бесігі түгел түзелсе!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718